Get Mystery Box with random crypto!

Gamk, [08.04.21 21:22] Өтiнiш Мазаламайын, Мазаламашы. Тып-ты | Махаббат өлкесі...

Gamk, [08.04.21 21:22]
Өтiнiш

Мазаламайын,
Мазаламашы.
Тып-тыныш өмiр сүрейiк.
Сен менi мүлде жазаламашы,
Түк болмағандай жүрейiк.

Сағындырмайын,
Сағындырмашы.
Жаныма тыным бер менiң.
Ессiз сезiмге бағындырмашы,
Болмайын сенiң ермегiң.

Ғашық етпейiн,
Ғашық етпешi.
Жiгердi құмдай езбешi.
Жанымды менiң жасын етпешi,
Қайғы-мұңымды сезбешi.

Күттiрмейiншi,
Күттiрме менi.
Кездесуге де шақырма.
Бiр бақыт ұзақ күттiрген едi.
Сен олай етпе, мақұл ма.

Осының бәрiн терiс дейiкшi,
Бұл менiң қатал жарлығым.
Осы айтқандарға келiспейiкшi,
Керi iстейiкшi барлығын.

Авторы: Бейбіт Сарыбай