Get Mystery Box with random crypto!

Көздерің-ай, көздерің мөлдіреген - Ешкім жаза алмаған ол бір | Махаббат өлкесі...

Көздерің-ай, көздерің мөлдіреген -
Ешкім жаза алмаған ол бір өлең.
О, кездейсоқ мен оны көрмегенде
Соғып тұрған жүректі өлді дер ем.

О, мен бірақ ол көздей мөлдір емен.
Мен жоғалтқан сонда жүр сол бір әлем.
Сенi қайта көрмеуге көндірер ем,
Сезім қайдан лап етті өлді деген?

Көздерің-ай, көздерің - мөлдір әлем.
Мен де кеше дәл сендей мөлдірегем.
Көзімдегі от жарқ етті сөндi деген
Тосыламын, тосырқап енді неден?

...Көздерің-ай, көздерің мөлдіреген.

Авторы: Танакөз Толқынқызы