Get Mystery Box with random crypto!

ЛАЙЫҚСЫҢ Сүйгем сені қарамай тосқауылға, Ақыл қосқан тыңдамай | Махаббат өлкесі...

ЛАЙЫҚСЫҢ

Сүйгем сені қарамай тосқауылға,
Ақыл қосқан тыңдамай дос, бауырға.
Сен де қалқам лайықсың бір жүруге,
Ұлы арманға жүйрігін қосқан ұлға.

Бір жүргенің жарасар қатар басып,
Бұйырса екен бөлісіп, татар нәсіп.
Қанағатын бергенде жүректердің
Бар ләззатқа бұлықсып батар ғашық.

Өмір сонда ерекше мәнге енеді,
Таңдайыңа білінер дәм бөлегі.
Ақық сезім біздерде қоспасы жоқ,
Құзар шыңға жеткізу ең керегі.

Жұртқа салсаң сезімге қоймақ нүкте,
От боп жанған сезімді ойнап түртпе.
Өліп-өшіп сүю тән екеумізге,
Қажеті жоқ табудың ойлап түк те...

Авторы: Елубай Әуезов