Get Mystery Box with random crypto!

Түк қалмады жылынарлық Сезім-жалған! Біліп алдық. 'Сен болмаса | Махаббат өлкесі...

Түк қалмады жылынарлық
Сезім-жалған!
Біліп алдық.
"Сен болмасаң өлем" деді ол
...Екеуміз де тірі қалдық

Мен аманмын! Ол да аман!
Жалғыз өзім...
Қолда балам!
"Өліп қалам әйтпесе" деп
Үйленіп ед зорға маған

Алладан бақ сұрағанбыз
Уақытша ма ұнаған қыз?
"Сен болмасаң өлем" деген
Екеуміз де дін аманбыз

Түсірдің бе сезімге кір?
Баққа болдың өзің кепіл!
"Сен болмасаң өлем" дедің
Тым болмаса сөзіңде тұр!

Авторы: Айдана Сегізбаева