Get Mystery Box with random crypto!

Жастық (қысқартылып алынған) ...Боз үйге кіріп, Буының құры | Махаббат өлкесі...

Жастық

(қысқартылып алынған)

...Боз үйге кіріп,
Буының құрып,
Жарыңның барсаң қасына,
Сипалап жүріп,
Төсегін біліп,
Тигенде қолың басына,
Ақылың кетіп, жан қалар,
Ғашығың сонда аңғарар.

Қолынан тартып,
Білегін артып,
Ақ тамақтан шөп етіп,
Тал бойың еріп,
Тіліңді беріп,
Сүлдерің қалар ес кетіп.
Ах, дүние, дүние!
Сонда ақылға кім ие?!

Есіңді жиып,
Иіскелеп сүйіп,
Оған да көңілің басылмай,
Тілекті алып,
Тоятың қанып,
Құйылып түскен лашындай,
Арманың бітіп жымыңдап,
Төсінде жатсаң тынымдап.

Авторы: Шәкәрім Құдайбердиев