Get Mystery Box with random crypto!

Қызыл көрпе Тәтті ұйқының құшағына беріліп, Жатты сұлу шалқас | Махаббат өлкесі...

Қызыл көрпе

Тәтті ұйқының құшағына беріліп,
Жатты сұлу шалқасынан керіліп,
Ақ дидарын, аппақ тәнін көргенде
Бойым балқып, кетті сезім еліріп.

Ай секілді маңдайдағы қиғаш қас,
Беттегі мең - сайда жатқан қара тас.
Дем шығарып кеудесінен жұпардай,
Қорғасындай толықсиды қарындас.

Ақ етіне қызыл көрпе басылып,
Көкірегі жатыр екен ашылып:
Діріл қақты уылжыған қос алма,
Қара шашы толқындай боп шашылып.

Күнім туып бақ жұлдызым жанатын,
Қымтап, шымқап, жаным рақаттанатын,
Болсам етті, әттең дүние-ай, сол көрпе,
Құшып, сүйіп, құмарым бір қанатын.

Дәурен қайда маған оны сүйетін?
Тым болмаса киімінің киетін,
Не сол көрпе астарының бір сабақ
Жібі болсам денесіне тиетін!

Авторы: Әзілхан Нұршайықов