Get Mystery Box with random crypto!

ЖҮРЕКПЕН СҮЙЕ АЛМАУ... Туары - тауық қыт-қыты Болмаса қамы құ | Махаббат өлкесі...

ЖҮРЕКПЕН СҮЙЕ АЛМАУ...

Туары - тауық қыт-қыты
Болмаса қамы құлқынның.
Кескіні мынау, сықпыты
Қай жерін сүйем ұлтымның.

Садаға батыр, ұлыдан
Жексұрындықпен әйгі елім.
Азғындап әбден құрыған
Сүйейін айтшы қай жерін.

Өткенде енші тұрды бақ
Бүгінді теңге билеп шын.
Төсіңді соғып ұрғылап
Қалайша жалған сүймексің.

Тірідей көрің қазылды
Қудық қой алғыр миды елден.
Жылаған хәлің қазіргі
Ерінмен ғана сүйгеннен.

Дейсің бе, құдай сынағы
Шаршамайсың ба алдаудан?
Опасыздығың шығады
Жүрекпен сүйе алмаудан...

Авторы: Елубай Әуезов