Get Mystery Box with random crypto!

Кітаптан бір үзік

Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік К
Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік
Арна мекенжайы: @oimaqoi
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 882
Арнадан сипаттама

Өзім оқыған шығармалардан жазып алған дәйексөздер жинағы сосын кейде өз ойым)

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 6

2022-06-30 15:20:36 Қазақта мақал бар: «Қарға табанымен басып жейді, сұңқар шашып жейді» – деген. Оның мәнісі – қарға біреу көріп қоймасын деп жалтақтап табанымен басқаны – жасырғаны. Сұңқар өзінің жегенін мақсат қылмайды, басқаға пайдам тисін, сарқытымды кім болса, сол жесін деп, жан-жағына шашып отырады екен. Сондай болғаны үшін қазақ мақал сөзінде: «Қарғаға балшық, сұңқарға талшық» делінеді. Бұл сөзден насихат табылады. Бал жинайтын ара қандай ұя жасайды... Адам «мен дәнеме білмеймін» деп қарап отырмай, өнерге тырысу керек. Қазақ мақалында бар: «Өнерлі өрге жүзер» деген.


Мәшһүр Жүсіп
Ғылым

http://t.me/oimaqoi
411 viewsedited  12:20
Ашу / Түсініктеме
2022-06-29 15:19:11 Сөз – адамның өнері. Өнер алды – қызыл тіл деген. Адамның ғазизлігі сөзбен болды. Хайуан сөз өнері болмағаннан хайуан болды.

Көңіл — бір жатқан кеннің дәриясы. Сонан шыққан сөз — жауҺар.

Ауыздан шыққан сөз — көмір. Тіл — бір болаттан жасалған өткір қанжар. Оның майдалап, уақтап жасап шығарып жатқанының бәрі — інжу.

Көп адамның бір жерге бас қосқаны – бау-бақша жасалған сияқты. Соның ішінде сөз — жеміс сықылды. Бұ дүние — бір қараңғылықтай нәрсе. Оны жанды қылатұғын — ақиқат сөз. Сөз — өліп қалған көңілді тірілтеді. Сөздің ізетінен адамның жаны рақат алар.

Тіс тізіліп орнында тұрғанда қандай? Жерге шашылса, не құн қалады. Назымнан келген сөз — орнында тұрған тіс сықылды. Қара сөз — соның шашылып жерде жатқаны сықылды. Назым – әр түрлі жеміс шығып тұрған бау ағашы.

Қара сөз — көңілдің бау-бақшасында үлпілдеп тұрады. Жерге шашылды – қара сөз болды. Меруерт, маржан, інжу әбдіреде жатты – кім көрді? Тізілсе, жұрт көзіне түсетұғын болды. Қара сөз солардың әбдіреде жатқаны.

Мәшһүр Жүсіп
Ғылым

http://t.me/oimaqoi
470 views12:19
Ашу / Түсініктеме
2022-06-28 15:14:10 Соңғы әулиелер адамды адам санына кіргізбей жүрген қарындағы бір қап... екенін білді де ішпек-жемекті аз қылды. Ол екеуі азайған соң, ұйқы бөлінді, сергек болды. Сонан соң күлкі кем болды. Денеде арам қан азайды. Арам қан азайған соң жүректі барып ұйытқытып бұзатын дәнеме табылмады... күш, құт алып періште сипатта болды...


Мәшһүр Жүсіп
Ғылым

http://t.me/oimaqoi
438 views12:14
Ашу / Түсініктеме
2022-06-27 15:13:10 Әй, жігіттер! Естеріңде болсын, шайтан — ол бір кесек нәрсе емес, бит пен бүрге сықылды бір жеріңнен денеге кіріп кететұғын.

Өзіңнің денеңдегі арам қанның жүрегіңе барып құбылып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзатұғын. Шайтан да сол...

Қан бұзылса, кісі бұзылады. Шайтан деген нәрсе — өзіңнің ойың. Ой иесі шайтан жүрегіне неше түрлі ой салады. Бәрін өзіңнің бұзылған қаныңның күші салады.

Олай болса, көп ішіп, көп жеумен екі арам денеңді аралайтұғын қан. Бұл екеуі бойыңда толық болып тұрғанда басқан-тұрған жұмысыңның бәрі өзіңе у болғаннан басқа пайдасы жоқ.

Мәшһүр Жүсіп
Ғылым

http://t.me/oimaqoi
515 views12:13
Ашу / Түсініктеме
2022-06-26 07:00:11 Ғылым-білім немен болады? Ең алды — Құдайды, Құдайтағаланы танымақ.

Ол Құдайды қайтсе таниды? Әркім өзін таныса, сонда Тәңірісін таниды.

Қазақ қариялары да айтады жақтырмаған кісісін: «бұл, шіркін, өзін танымайды, кімді таниды?» – деп.

Олай болғанда, ғылым-білімге талап қылушылар алдымен өзін тануды мақсат қылуы керек.

Мәшһүр Жүсіп
Ғылым

http://t.me/oimaqoi
521 views04:00
Ашу / Түсініктеме
2022-06-25 15:10:37 Жер жұтуға тоймайды, от отынға тоймайды. Кісі ойға тоймайды, бөрі қойға тоймайды. Құлақ естуге тоймайды. Көз қарауға тоймайды. Ғалым ғылымға тоймайды. Жер суға тоймайды. Қатын ерге тоймайды. Өлік дұғаға тоймайды... Бала нанға тоймайды. Тірі іске тоймайды.

Мәшһүр Жүсіп
Он төрт тоймас бар

http://t.me/oimaqoi
526 views12:10
Ашу / Түсініктеме
2022-06-24 13:58:29 Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан – дегеніміз ынсап, әділет, мейірім.


Шәкәрім Құдайбердіұлы
 Үш анық

http://t.me/oimaqoi
153 views10:58
Ашу / Түсініктеме
2022-06-23 14:21:09 Кісіге адамшылық неге керек?
Адамдық - өзге айуаннан артық, демек!
Ит талаған төбеттен қалай дейсің,
Аямай әл келгенін жұлып жемек.
Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар,
Артылған жерің қайсы одан бөлек?
Үнемі сен жеріңді қайдап білдің?
Бұл дүние кезек берер іс дөңгелек.
Онан қорқып, обырлықты қоймасаң да.
Адам боп, хайуаннан болсайшы ерек!
Жалмағанша, жәрдеміңді тигізсеңші,
Жығылған, жылағанға болып көмек.
Мархабатты теріс деп кім айтады?
Адамшылық сол дейді тамам зерек.
Мейірім - жақсы, зұлымдық - жаман дейсің,
Қасқырлыққа қайтесің құр дөңгелеп.
Жаны ашып жәрдем қылмай еткен адам –
Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек.


Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адамшылық

http://t.me/oimaqoi
1.0K views11:21
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 17:15:34 Қайғы көрсем: «дүниенің жалғандығы, –
Дедім, - алдап, мінеки, алғандығы».
Ол не десең, бұрынғы жазғандардың
Сөзі орнығып көңіліме қалғандығы.

«Мен де соққы жедім, – деп, – сұм дүниеден»,
Көп жазып ем, оныма өкіндім мен.
Ойласам, көрген бейнет, тартқан қайғы
Болыпты не біреуден, не өзімнен.

Дүниенің ол туралы жазасы жоқ,
Біз сөкті деп тоқтай ма Алла атқан оқ.
Пәрменімен айналған шархи фәләк –
Күн мен ай, жұлдыз, әуе, жер менен көк.

Кімде-кім қайғы тартып, бейнет көрсе,
Сұм жалғанның қылғаны бұл дей берсе,
Әлбетте, бұл — тағдырға наразылық,
Түбі Аллаға қарсылық ондайға ерсе.

Кім үйретті дүниені жамандатып,
Оны сөгіп, өзіңді амандатып?
Мұны үйреткен — білімсіз шала молда,
Қу қазыкқа байлаған табандатып.


Шәкәрім Құдайбердіұлы
Дүние мен өмір

http://t.me/oimaqoi
219 views14:15
Ашу / Түсініктеме
2022-06-22 13:48:14 Егер ісім өнсін десең, ретін тап
Биік мансап - биік жартас
Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,
Екпіндеп ұшып қыран да шығады;
Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды.


Абай Құнанбайұлы
Отыз жетінші сөзінен

http://t.me/oimaqoi
240 views10:48
Ашу / Түсініктеме