Get Mystery Box with random crypto!

Кітаптан бір үзік

Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік К
Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік
Арна мекенжайы: @oimaqoi
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 882
Арнадан сипаттама

Өзім оқыған шығармалардан жазып алған дәйексөздер жинағы сосын кейде өз ойым)

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 10

2022-05-28 19:30:58 Адамға бала жастан ең керегі – ұят деген қасиет. Ол туа бітеді. Бірақ кейбіреуі өсе келе, үлкейе келе ұяттан жұрдай болады.

Шерхан Мұртаза
Бір кем дүние

http://t.me/oimaqoi
83 views16:30
Ашу / Түсініктеме
2022-05-28 15:35:01 Кейбір бастар ішінде дәнегі жоқ жаңғаққа ұқсайды.

Ондайлар көп қой.

Шерхан Мұртаза
Бір кем дүние

http://t.me/oimaqoi
78 views12:35
Ашу / Түсініктеме
2022-05-27 04:40:11 Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей берілмеген.

Бауыржан Момышұлы,
Қанмен жазылған кітап

http://t.me/oimaqoi

Сол жүректі қатты сағынам...
227 views01:40
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 14:40:40 Байлауы жоқ шешеннен
Үндемеген есті артық,
Бəйге алмаған жүйріктен
Белі жуан бесті артық.

Шал ақын

http://t.me/oimaqoi
99 views11:40
Ашу / Түсініктеме
2022-05-26 05:40:10 Дүния деген шолақ депті,
Жан кеудеге қонақ депті,
Ақырет деген бір киім
Алып қайтар сол-ақ депті.
Дүние деген осы,
Ешкімнің емес досы,
Болар еді досы,
Аумаса егер қосы.
Дүниеге қызығамыз несін біліп,
Аз күнгі қызығына есерленіп,
Жалаңаш кеп, жалаңаш қайтамыз ғой,
Мойынға төрт қары бөз тесіп іліп.

Шал ақын

http://t.me/oimaqoi
105 views02:40
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 08:35:20 Пұт болдым деп мақтанба,
Одан да ауыр батпан бар,
Би болдым деп мақтанба,
Асқар ала тауменен
Ар жағында аспан бар.
Басыма бақыт қонды деп
Кемімеспін енді деп,
Зауалды жалған дүниеге
Біле білсең таспаңдар.
Қарсы жүрген адамың
Басын исе достық қыл,
Жеңілсе дұшпан, достық қыл,
Аяққа салып баспаңдар.

Шал ақын

http://t.me/oimaqoi
1.0K views05:35
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 19:31:32 Жігіттің алған жары жақсы болса,
Жұмақтағы хормен тең,
Егер де жаман болса
Мына маңдайға біткен сормен тең.
Уа, жігіттер,
Əйел алсаң қарап ал, ақылдысын,
Ол сенің ақыреттік жақын кісің.
Келген мейманыңды жəне туғаныңды
Бірдей тəрбиелеп,
Ол жəне ұмытпасын хақтың ісін.

Шал ақын

http://t.me/oimaqoi
111 views16:31
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 18:58:01 Алғаның жақсы болса қара жердей,
Жақсыменен сырлассаң шыққан өрдей.
Өтпес пышақ, шабан ат, жаман қатын,
Аң алмаған күйшіл құс – бəрі бірдей.
Алғаның жақсы болса қорғандай-ды,
Жаман болса қайтесің, сормаңдайды,
Атың жүйрік, алғаның жақсы болса
Астыңда жылжып жүрген жорғаңдай-ды.
Көшкенде жақсы қатын атқа желер,
Жаман қатын байының сөзін бөлер.
Жаман қатын белгісін тағы айтайын,
Ауыл үйін тіккенде көші келер.
Тыңдасаң жақсы кеңес құлақ құрышы,
Тəтті ұйқы, қалың төсек жанның тыншы.
Жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу қатын,
Мал мен перзент – адамның дəулет құсы.

Шал ақын

http://t.me/oimaqoi
118 viewsedited  15:58
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 16:34:18 Ат — жетім: өрен жүйрік шабылмаған, құс — жетім: саятшысы табылмаған, әйел — жетім: өзінің теңін тауып қосылмаған.

Шал ақын

http://t.me/oimaqoi
151 views13:34
Ашу / Түсініктеме
2022-05-24 09:56:52 Беліме жіп буындым белбеусізден,
Жігіттер, қатын алма көргенсізден,
Қатынды алар болсаң көргенсізден,
Ғазиз басың қор болар тергеусізден.

Шал ақын

http://t.me/oimaqoi
210 views06:56
Ашу / Түсініктеме