Get Mystery Box with random crypto!

Кітаптан бір үзік

Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік К
Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік
Арна мекенжайы: @oimaqoi
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 882
Арнадан сипаттама

Өзім оқыған шығармалардан жазып алған дәйексөздер жинағы сосын кейде өз ойым)

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 5

2022-07-10 15:38:10 Егер ақылың болса, өнер үйрен, өйткені өнерсіз ақыл - киімсіз дене, яғни кескінсіз адам сияқты деуге болады. «Білім - ақылдың ажар-көркі» деп босқа айтылмаған.

Кайкаус
Қабуснама

http://t.me/oimaqoi
112 views12:38
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 15:37:10 Ceнi жан-ділімен жақсы көpiп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңілін қалдыратын құрттай ic жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер өз перзентім құрмет қылсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміc ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.

Кайкаус
Қабуснама

http://t.me/oimaqoi
28 views12:37
Ашу / Түсініктеме
2022-07-08 15:36:11 Ей, перзентім, ата-ананы құрметтеудің қажет екенін ақыл-ой, парасат тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені әр6ip перзенттің тeгi ата-ана ғой. Не үшін ата-анамды құрмет жасаймын деп ойыңа алма. Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі...

Кайкаус
Қабуснама

http://t.me/oimaqoi
71 views12:36
Ашу / Түсініктеме
2022-07-07 15:34:10 Дос болуға лайықты адамды екі қасиетімен білуге болады. Біріншісі — дәулетті кезінде малын аямайды, ал кедей кезінде одан сырт айналмайды, екіншісі — досы дүниеден өтсе, оның перзенттері мен ағайын-туыстарын шақырып, қолынан келген жақсылығын істеп, досының қабіріне барып зиярат қылып, дұға оқып еске алады.

Кайкаус
Қабуснама

http://t.me/oimaqoi
41 viewsedited  12:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-06 15:33:10 Білгенің жөн, дүниеде айыпсыз адам болмайды. Алайда өзің шапағатты, әрі сақ пейілді бол. Мұндай адамдардың айыбы аз болады. Сыйлай білмейтін, қадіріңе жетпейтін жандармен достаспа. Ондайлардың қасиеті болмайды. Олар тек нан досы қатарында деп есепте де, жан досыңның қатарына қоспағын. Нан достары ар-намыс достарынан болмайды. Жақсы мен жаман адамды білгін, екеуіне де достығыңды аяма, жақсыға жан-діліңмен, жаманға тіліңмен достық жаса, нәтижеде екеуі де саған достықпен қарайды.

Кайкаус
Қабуснама

http://t.me/oimaqoi
184 views12:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-05 15:33:10 Ей, перзентім, егер үйленуді ойласаң, өз қадіріңді сақтай біл, қаншалықты мал қадірлі болса да, әйел, перзентіңнен аямағын. Әрдайым әйеліңді жақсы құрметтеу, перзентіңді тәртіпті тәрбиелеп өсіру — сенің қолыңдағы іс.

Қатын алмақшы болсаң, оның дүниесі көбін талап етпей, тәрбиелісін алғын. Жұрттан асқан сұлу қатын алма, өйткені оған ғашықтар көп болады. Қатының табиғаты таза, жан дүниесі пәк, өзіңе дос болсын. Уақытыңды, дүние-малды жақсы сақтай алатын болуы шарт. Жақсы қатын өміріңнің рақаты болар...

Кайкаус
Қабуснама

http://t.me/oimaqoi
301 views12:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-04 15:26:10 Ұшқан құсты торға түсіретұғын, жүгірген аңды орға түсіретұғын тамақ екен. Жұтқан тамағына ие болған адам торға да түспейді, орға да түспейді.

Осы күнгі адаммын деп жүрген адамдардың жауы иегінің астында. Ол жау не десеңіз, жұтқан тамақ жалғанда мазаққа, ақыретке, ғазапқа түсіретін тамақ. Тамағынан тартылған бәріне ықыласты болады.



Мәшһүр Жүсіп
Ғылым

http://t.me/oimaqoi
305 views12:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-03 15:25:33 Жапалақ деген құс болады. Өзі он жұмыртқа табады. Соның бәрін бірден жарып ұшырмайды. Екеу-екеуден жарып бала қылып ұшырады. Бәрін бірден жарып бала қылсам тамақ жеткізе алмаспын деп. Өзі намаздыгерден жоғары, бесіннен төмен бір-ақ мезгіл ұшады. Алса бір тышқан алады, алмаса алмай қалғаны. Сонда да құстың семізі болады. Себебі, қанағаты мол болғаннан. Адам қанағатты содан ғибрат алса керек.

Мәшһүр Жүсіп
Ғылым

http://t.me/oimaqoi
363 views12:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-02 15:22:10 Адам мінезді қайдан үйренем демесе керек. Түйе деген малдан ғибрат алу керек. Түйе сондай зор биіктігін ойына алмай, бір тышқанның құйрығына байлап қоя берсе, еріп жүре береді. Өзі қырық күн шөлге шыдайды. Көзіне көрінгенді қорек қылып, еш нәрсені талғамай жеп қанағат қылып жүре береді. Күштілікте қара жердің кемесі десе болады. Көнгіш те, сондай көнгіш бола шөгерсе де шөгіп жатады. Түн болса, байлап қойған жерден қозғалмайды. Оның жалғыз-ақ құмар нәрсесі тұз болады. Тұз жалата берсе, жаны кіре береді. Қазақта мақал бар: «Түйе тұзға тоқтайды, жігіт қызға тоқтайды». Және бір мақал бар: «Тұз десе, түйе тұтпайды, төркін десе, қыз тұтпайды» – деген. Төрт аяқты хайуанда түйе малының ұрғашысы ер іздемейді. Иесі қолынан шөгерсе жатады. Әйтпесе, ғұмырында еркегін керек қылмайды десе де болады. Мұнан ғибрат алуға жарайды.

Мәшһүр Жүсіп
Ғылым

http://t.me/oimaqoi
406 views12:22
Ашу / Түсініктеме
2022-07-01 15:21:10 Жігіт адамның қырағылығы бүркіттей болсын. Зеректігі байғыздай болсын. Жүрісі маймылдай болсын. Он екі қырлы, бір сырлы, отыз аяқты болсын. Бұлай дегені – басқан ізін білдірмей, жүрген ізін кісіге сездірмейтін болсын дегені. Орнына қарай мінез қылсын. Сонда адам болып, адам қатарына кіреді. Біреуді біреу ит десе ашуланады. Өзі ит дәрежесіне жеткен жоқ. Ит суыққа, аштыққа шыдамды болады. Иесіне опалы болады. Ас құйса да, құймаса да, қадірлеп күтсе де, күтпесе де басқа біреудің есігіне телміріп бармайды. Қанша ұрып, соқса да иесіне кек сақтамайды. Түн болса, дамыл таппай үріп, иесінің маңына күзетші болады. Қараңғыдағы дыбысты аттан ит бұрын естиді. Түн болса ұйқыға да сақ болады, не үшін, иесіне көмек көрсету үшін. Жақсы кісіге, киімі әдемі кісіге үрмейді. Жаман кісіге, киімі жаманға үреді. Естілікте жаман-жұман кісіден есті болады. Қазақта мақал бар: «Киімі жаманды ит қабады, пиғылы жаманды тәңірі табады» деген. Ит иесіне болысып дұшпанға қару қылады. Сол үшін бұрынғылар айтқан: «Ит опа, қатын жапа» – деп.

Мәшһүр Жүсіп
Ғылым

http://t.me/oimaqoi
416 views12:21
Ашу / Түсініктеме