Get Mystery Box with random crypto!

Кітаптан бір үзік

Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік К
Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік
Арна мекенжайы: @oimaqoi
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 882
Арнадан сипаттама

Өзім оқыған шығармалардан жазып алған дәйексөздер жинағы сосын кейде өз ойым)

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 9

2022-06-07 04:30:20 Мәңгі, мәңгі...

Осы аса қымбат, аса қасиетті сөзді кейбіреулер жөн-жосықсыз, орынсыз қолдана береді. 

Бір Алладан басқа мәңгі ешнәрсе жоқ.

Ұлы Абай айтқан: «Бір Алладан басқаның бәрі өзгермек»

Бір кезде Ленинді, Сталинді мәңгі-мәңгі жасайды деп қоғадай жапырыла мадақтадық.Енді ескерткіштерін талқандап, құлатып тастадық. 

Мәңгі өлмейтін тек Жаратқан Құдірет, Жасаған Ием! Мәңгілік деген Күн де бір заманда сөнбекші...

Шерхан Мұртаза
Бір кем дүние

http://t.me/oimaqoi
217 views01:30
Ашу / Түсініктеме
2022-06-06 08:03:37 Адам өз өмірінде талай жанмен кездеседі. Жақсымен де, жаманмен де. Бірақ соның ішінде қара жерге кіргенше ұмытылмайтын аяулылары болады. Ондай жандардың бейнесі, тот баспайтын сары алтындай, сенің есіңде сол өзіне ұнаған қалпында қалады да қояды. Оны басыңнан өткен ұзақ жылдар да, қайғы-қасірет те, қуаныш та сенің жүрегіңнен өшіре алмайды.

Ілияс Есенберлин
Алтын құс

http://t.me/oimaqoi
1.2K viewsedited  05:03
Ашу / Түсініктеме
2022-06-03 20:57:43 "Айтып беруге келмейтін, ең бір құпия, беймәлім әсер - сұлулық әсері. Біз өзіміздің бүкіл моралімізді адамның тән сұлулығынан жан сұлулығын жоғары қоюға негіздесек те, өмірде сол тән сұлулығымен бетпе-бет келіп қалған кезде өзіміздің әлгі қағидамызды қалай бұзып кеткенімізді білмей қаламыз. Өз еркімізбен ақылы аз болса да сұлу әйелдерге үйленуге дайынбыз, бірақ ақылға бай, көріксіз әйелдерге жолағымыз келмейді. Санамызды жабайы инстинкт секілді бір әуей күш жеңіп кетеді. Біз ең осал жерінен қолға түсіп, тырп ете алмай қалған аңға ұқсаймыз. Ендеше сұлулықтың әлі де зерттелмеген немесе біле тұрып, айтқымыз келмейтін бір сырлары болуы мүмкін..."


Төлен Әбдік шығармаларын қайталап оқыған сайын әр қырынан таныла береді ылғи
159 views17:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-02 22:54:14 Кейде автобусқа отырамын, дүкендерге кірем, сонда байқағаным, мүмкін, күйкі тірлік қажыта ма, басқа себеп пе —білмеймін, адамдар тым агрессивті, ұрыса кетуге даяр.

Қызық, ұрысқысы келген адам мезгіл де, мекен де таңдамайды екен, автобуста отырып та ұрыса береді."Қыз Жібекте" Төлегеннің сөзі етіп, "сыймай жүрсек екен-ау, сыйыспай жүрміз ғой" дейтін Мүсіреповтің сөзі құп рас.. Әрі барса, 5-6 аялдамадан соң түсіп, әркім өз жөніне кетеді ғой, неге ұрыспай-ақ қоюға болмайды?

http://t.me/oimaqoi
194 views19:54
Ашу / Түсініктеме
2022-06-01 18:31:51 Адам деген атқа лайық өмір сүру үшін адамға білім керек, ыждаhат керек, білік керек. Оны игеру үшін ғасырлар бойы аузы дуалылар жақ жаппай баршамыз үшін – бүгін жер басып жүргендеріміз үшін де, бұл дүниеге бізден соң келетіндер үшін де қапы жібермей қадағалай тыңдайтындай ғып айтып келе жатқан ғибрат сабағын бойға сіңіру керек. Есті құлақ замандастарының ауызына, есті көз бұрынғылардың жазуына үңіліп, оны талдап-түсіне білгенде жетілу келеді. Өмір ғибраттарын танып-білу арқылы өзін-өзі тану бір басын емес, көптің қамын қамдай жүретін қайырымды пиғыл иесіне тəн келеді.

Әбіш Кекілбаев

http://t.me/oimaqoi
79 viewsedited  15:31
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 21:23:06 Ахмет Байтұрсынов:

–  Қинамайды абақтыға жапқаны, қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр осылардың бәрiнен өз ауылымның иттерi үрiп, қапқаны, –  деп едi-ау.

          Әттең, дүние-ай, 1937 жылы бiздiң әкейдi де өз ауылымыздың шолақ белсендiлерi нақақтан жала жауып, ұстатып жiбердi де, жоқ қылды ғой. Обалы кiмге? Қорлықты көп көрдiк қой.

          1937 жылы "халық жауы" деп ұсталып, атылған, айдалған, асылғандардың бәрi кейiн ақталды.

          Бiрақ жазықсыз жапа шеккендер қайта тiрiлген жоқ. 

          Бiр кем ғана дүние ме екен? Орны толмас орасан обал дүние.

Шерхан Мұртаза
Бір кем дүние

http://t.me/oimaqoi
62 views18:23
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 17:15:46 "Ашу бар жерде ақыл тұрмайды", – депті Төле би. 

Адамдардың көбі ашушаң. Ақыл қайдан болсын. 

Шерхан Мұртаза
Бір кем дүние

http://t.me/oimaqoi
72 views14:15
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 05:13:01 Тәңірдің құдіретіне таң қаласың. Құдірет әлемді әділ, сағат тетігіндей мінсіз жаратты. 

Бәрі тәртіпті: Күн де, Ай да, Жер де тек өз жолымен жүреді. Сансыз жұлдыздар да бәрі тура жолмен жүреді. 

Ал адамдар ше?

Пайғамбарлар, сахабалар, аса бір данышпандар болмаса, көбісі қисалаңдай береді. Бұралаң жолдарға түседі. Адасады, сүрінеді, құлайды. 

– Е, Құдай, не жаздым?! – деп жылайды. 

Құдай жолымен жүрсең, жыламайсың. 

Бірақ соны ұмыта береді. 

Шерхан Мұртаза
Бір кем дүние

http://t.me/oimaqoi
75 views02:13
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 17:08:01 Қайран қазақтың қара өлеңі!

Керегенің басында оймақ тұрар,

Кедейшілік жігітке қой бақтырар.

Алған жары жігіттің жақсы болса,

Атын байлап, алдында жайнап тұрар...

Ондайлар қазір бар болса, бар шығар. Әй, бірақ көбісі сол күйеуінің өзін ерттеп мініп алып, басына жүген салып, екі тізгін, бір шылбырды қолға алып, қалаған жағына қарай бұрып отырар.

Әйелдер қауымының қатын бастығы қоқаңдап:

– Гендерлік саясат!

Гендерлік билік! –  деп қақсап жүр ғой. Көресіні сонда көрерсің.

Наступает матриархат!

Шерхан Мұртаза
Бір кем дүние

http://t.me/oimaqoi
114 views14:08
Ашу / Түсініктеме
2022-05-29 03:10:12 Өз пайдаңды ойлама,
Ел пайдасын ойла!
Өз пайдаң соның ішінде.

Шерхан Мұртаза
Бір кем дүние

http://t.me/oimaqoi
165 views00:10
Ашу / Түсініктеме