Get Mystery Box with random crypto!

Кітаптан бір үзік

Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік К
Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік
Арна мекенжайы: @oimaqoi
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 882
Арнадан сипаттама

Өзім оқыған шығармалардан жазып алған дәйексөздер жинағы сосын кейде өз ойым)

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 7

2022-06-21 19:26:02 Кеудені сағыныш кернегенде тыпырлап жүрген күйкі тірліктің көк тиын құны қалмайды...
77 views16:26
Ашу / Түсініктеме
2022-06-21 14:11:10 Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің.

Абай Құнанбайұлы
Отыз жетінші сөзінен

http://t.me/oimaqoi
118 views11:11
Ашу / Түсініктеме
2022-06-20 14:10:28 Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

Абай Құнанбайұлы
Отыз жетінші сөзінен

http://t.me/oimaqoi
110 views11:10
Ашу / Түсініктеме
2022-06-19 14:09:10 Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.

Абай Құнанбайұлы
Отыз жетінші сөзінен

http://t.me/oimaqoi
98 views11:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-18 14:09:10 Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.

Абай Құнанбайұлы
Отыз жетінші сөзінен

http://t.me/oimaqoi
62 views11:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-17 14:08:10 Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың.

Абай Құнанбайұлы
Отыз жетінші сөзінен

http://t.me/oimaqoi
52 views11:08
Ашу / Түсініктеме
2022-06-16 14:06:10 Тағдырдың жарлығын білесіздер - өзгерілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген. Ол - тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласы құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де, ақырында тағы келіп жеңеді. Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса, осы адам баласының жалықпайтұғын нәрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңіл, аз ба, көп пе, жалығады. Оның үшін бәрінің ғайыбын көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суый бастайды. Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды. Әрбір мақлұққа құдай тағала бірқалыпты тұрмақты берген жоқ. Енді көңіл қайдан бірқалыпты тұра алады?


Бірақ осы жалығу деген әрнені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады. Соншалық ғұмырының баянсызын, дүниенің әрбір қызығының акырының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады. Бұлай болғанда ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанибет екен деп ойлаймын.



Абай Құнанбайұлы
Жиырмасыншы сөз

http://t.me/oimaqoi
153 views11:06
Ашу / Түсініктеме
2022-06-15 14:03:10 Ерге керек төзімділік күш-қайрат,
Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап.

Жомарттық һәм салмақтылық қажетті,
Білімділік, ақылдылық қажетті.

Ақыл керек, білім таңдап аларға,
Білім керек, іске жақсы қарарға.

Жарамды мен жарамсызды көрерге,
Керектіні-керексізден бөлерге.

Барлық іске зерек болса, парықтап,
Ала білсе өз керегін анықтап.


Жүсіп Баласұғын
Құтты білік

http://t.me/oimaqoi
91 views11:03
Ашу / Түсініктеме
2022-06-14 13:57:10 Қара жерге жасыл көктен келді сөз,
Сөзбен адам ұлы болды, енді сез!
Кісі көңілі түпсіз теңіз, ойласаң,
Білім – інжу, түбінде – анық, қойма сан.
Кісі інжуді шығармаса теңізден,
Тас не, інжу не, пайдасы не тегінде?!

Қара жердің қатында алтын тас болар,
Егер, шықса, бек басында тәж болар.
Білімді ілімін шығармаса тілімен,
Жылдап жатсын жарық шықпас білімнен.

Жүсіп Баласұғын
 Құтты білік

http://t.me/oimaqoi
119 views10:57
Ашу / Түсініктеме
2022-06-13 13:52:10 Сен айт маған: жаңылмайтын кісі кім?!
Мен айтайын: жаңылғандар түмен, мың!
Білімді – аз, білімсіздер қаптаған,
Ақылсыз – көп, ақылдыны таптаған.
Білікті – аз, білектілер толып жүр,
Ақылды – жоқ, ақымақтар өріп жүр.


Жүсіп Баласұғын
 Құтты білік

http://t.me/oimaqoi
31 views10:52
Ашу / Түсініктеме