Get Mystery Box with random crypto!

Кітаптан бір үзік

Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік К
Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік
Арна мекенжайы: @oimaqoi
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 882
Арнадан сипаттама

Өзім оқыған шығармалардан жазып алған дәйексөздер жинағы сосын кейде өз ойым)

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 8

2022-06-12 13:43:06 Кімге құдай берсе білім, ақылды,
Қолы жетіп, алар ол мол асылды!
(Ақыл, білім берсе құдай, білінер,
Қолы талай ізгілікке ілінер).
Ақылды – ұлы, біл, білімді – білікті,
Қонса екеуі, ұлы етер жігітті.
Бұл сөзіме куә мұндай сөз де бар,
Сөзді естіп, аларыңды көздеп ал:
«Ақыл қайда болса, ұлылық толады,
Білім кімде, сол білікті болады.



Жүсіп Баласұғын
 Құтты білік

http://t.me/oimaqoi
145 views10:43
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 19:33:29 Биылғы жылдың тағы бір тың жаңалығы — Бальзак болды. Қалай оқымай келгем, қазына ғой нағыз!

Енді Брэдбери бір бұрылып қараса, биылға жетер еді)

Золямен былтыр дәм-тұз жараспаған, кейін қайта соғармын)
90 views16:33
Ашу / Түсініктеме
2022-06-11 04:40:08 Адамды хақ жаратты да ескерді:
Оған ақыл, білім, өнер, ес берді.
Көңіл берді, әрі тілін тербетті,
Ұят берді, берді құлақ, келбетті.
(Ділін оңдап, ерік берді тіліне,
Ұят берді қылық-құлық, тініне!)


Жүсіп Баласұғын
 Құтты білік

http://t.me/oimaqoi
1.1K views01:40
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 17:16:10 Адам баласында бір табиғат бар, кәдімгі заманнан өзге өзгерсе де бұл табиғат өзгермейді. Бұл күнге шейін мәңгі-бақи.

Ол не десең? Тура сөйлеушінің жазасы - нахақ өлтірілу. Күнәкәрларға кесімді түрлі жазалар бар. Бір адам турашыл болса, хақ сөйлеуші болса, оның жанына сұқтанып, қас қылушы даяр тұрады.

Бұ табиғат әр милләттә, әр жыныс адам баласында бүгінге шейін бар нәрсе. Хақиқат дұрысы осы деп қостаушы болмайды, соның көзін қалай жоғалтудың жабдығына кірмек.

Тура сөз иелері өз ұлтында тұрып күн кеше алмайды.

Мәшһүр Жүсіп
Ғылым

http://t.me/oimaqoi
124 views14:16
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 13:34:50 Біліп айтқан сөз – білікті, саналар,
Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар.
(Біліп айтқан сөз – даналық деседі,
Біліксіз сөз, қайран басты кеседі!)
Көп сөйлеуден артық пайда көрмедім,
Және сөйлеп және ештеңе өнбеді!
Көп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін,
Бір сөзбен шеш күмән сөздің түйінін.
(Көрген емен көбік сөзбен оңғанды,
Тобықтай түй тоқсан ауыз толғамды!)
Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар,
Көп сөз басты қара жерге кеп тығар.
Көп сөйлесең, «Езбесің» - деп жек көрер,
Сөйлемесең, «Мылқау» - екен, деп сөгер!

Жүсіп Баласұғын
Құтты білік

http://t.me/oimaqoi
1.0K views10:34
Ашу / Түсініктеме
2022-06-10 06:02:04 Біз бір-бірімізді танимыз, баяғыдан білеміз деп ойлаймыз, түптеп келгенде, түк те олай емес, біз ең әуелі өзіміздің кім екенімізді зерттеп алайық та. Бұл жалғанда адам тану ғылымы қиын әрі күрделі. Өр екеніңді білейін, өзіңнің кім екеніңді анықтап алшы...

Оралхан Бөкей
Жетім бота

http://t.me/oimaqoi
15 viewsedited  03:02
Ашу / Түсініктеме
2022-06-09 15:17:53 Бір жақсы көрген адам — айдын көлін тастап кете алмайтын аққу құс тәрізді екен... Алысқа ұшқан сайын қанша ұмыта бастаса да, сол ақ, айдынын қайта бір көрсе болғаны... Көбік атқан көк толқыны шақырып тұрғандай қайта қонғысы, қайта жүзгісі келеді де тұрады екен...

Ілияс Есенберлин
Алыстағы арпалыс

http://t.me/oimaqoi
80 views12:17
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 08:09:17 Қалқам, адамның көңілі мынау терезенің шынысы секілді емес пе, кейде одан түн қараса, кейде одан күн нұрын төгеді...

Егер біреу көңіліңді қалдырған болса, жүрегіңе ауыр алма, күнәсін кешіре біл...

Ілияс Есенберлин
Алыстағы арпалыс

http://t.me/oimaqoi
49 views05:09
Ашу / Түсініктеме
2022-06-08 05:36:20 Біздің заманымызда қандай адам болмасын, айдалада жеке біткен ағаш емес, ол қоғам өсірген қалың ормандағы ағаштың бірі.

Қайың ба, емен бе, әлде басын аспан сүйген қарағай ма — оны тек сол адамның жаратылысы, өзінің басына біткен қасиеті ғана айырады.

Орман құлпырса, ол да құлпырады, орман қуарса ол да қуарады. Жалпы алғанда, адам сол қоғамның өткенінің, бүгінгісінің, біркелкі болашағының қорытындысы.

Бірақ сол адамның, жаратылыстың дегеніне қарай өскен ормандағы ағаштан бір айырмасы бар. Ол — оның сана-сезімі. Міне осы сана-сезім адамды өзін өсірген сол қоғамның гүлденуіне, көркеюіне қолынан келгенше ат салысатын шын ұлы ете алса, бұл — үлкен бақыт.

Ал адам құлқы оны кейде бөтен жолға бұрады. Мұндай адам қоғамға беруден көрі, алғанын жақсы көреді. Және өмірдің бар қызығы қоғамның өркендеуінде емес, өз басының қадірленуінде деп есептейді.

Ілияс Есенберлин
Алыстағы арпалыс

http://t.me/oimaqoi
108 views02:36
Ашу / Түсініктеме
2022-06-07 11:20:39 ...Баланы қорықпайтын ер қылып өсіру үшін оның денесін һәм жанын сау, берік қылып тәрбие қылу керек. Алдымен баланы ешбір уақыт қорқытпау керек. Бөки келеді, жалмауыз кемпір келеді, пері, жын, шайтан, албасты, обыр келеді деген сықылды сөздермен баланы қорқыту қып-қызыл зиян. Мұндай сөздерді, ертегілерді, әңгімелерді естіп өскен бала өмір бойы су жүрек, қорқақ болады.

Жасында қорқытып үйренбеген бала өскенде ер болады. Ер болып үйренуден адамға ер болу керек деген құр сөз пайда бермейді. Ерлікке іспен үйрету керек. Мысалы, қараңғы үйге кіруге қорқатын баланы үлкен адам өзі бірге алып кіргізіп үйретсе, бала қорықпайтын болады. Тырсыл-гүрсіл, қатты атыс, соғыстың ішінде жүрген адам қорқудың не екенін білмейді.

Жоғарыда айтылған баланы қорқыту қате деген сөзден балаға жаза қылудың дұрыс еместігі келіп шығады. Яғни баланы жазамен қорқыту еш дұрыс емес. Жазамен қорқытқанда бала нәрсені істегісі келіп істеп, болмаса істемегісі келіп істемейді емес, жазадан қорыққаннан ғана не істейді, не істемейді. Яғни бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді.

Баланы ұру, соғу ісі – адамшылыққа ұнамайтын іс. Ұрылып, соғылып тәрбие қылынған бала жанының бар жақсы мінездерінен, ақылынан, есінен айрылып, миғұла болады. Өтірікші, алдауыш болады. Су жүрек, жасқаншақ болады. Ұру баланың денесіне де көп зиян келтіреді...

Мағжан Жұмабаев
Педагогика

http://t.me/oimaqoi
992 views08:20
Ашу / Түсініктеме