Get Mystery Box with random crypto!

Кітаптан бір үзік

Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік К
Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік
Арна мекенжайы: @oimaqoi
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 882
Арнадан сипаттама

Өзім оқыған шығармалардан жазып алған дәйексөздер жинағы сосын кейде өз ойым)

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 18

2022-04-20 22:07:50 Аурухана — мың түрлі тағдыр мен сан түрлі көңіл-күй мекені. Бір ғана есіктен біреу күліп, біреу жылап, біреу қуанып, біреу мұңайып шығып бара жатады... Лайым қуанып шығатындар көп болсыншы...

http://t.me/oimaqoi
149 views19:07
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 10:25:52 Шын мәніндегі әйел болу — үлкен өнер. Өнер ғана емес, жай көзге, жай талғамға шегі-шеті көріне бермес ғылым. Өзің ғашық болған, сенім артқан еркектің қайғы-қуанышын, жеңілісін, жеңісін, маңдайдағы бағы мен сорын бөлісуден бөлек те әр әйелдің жеке — жетінші түйсігімен сезінетін міндеттері бар. Ол қандай міндет? Сүйе білу бар да, сүйдіре білу бар. Сыйлай білу бар да, сыйлата білу бар...

Әйел боп жаратылдың екен — тағдырыңа алғыс айт. Сен еркектен нәзіктігіңмен, биязылығыңмен, мейірімділігіңмен, сезімталдығыңмен, кешірімділігіңмен, тіпті оған қарағанда, әлдеқайда әлсіздігіңмен ерекшеленесің. Әрі бұл кемшілігің емес, жетістігің боп есептеледі. Еркек қауымы әйелді қолдап, қорғауды өзіне жазылмаған, бірақ орындауға тиісті заң ретінде қабылдайды...

Өзіңе ғашық адамның ықыласын, құрметін, сағынышын төмендетпей ұстап тұруың үшін ылғи да ізденіс үстінде жүруің қажет... Яғни шын мәніндегі әйел дәрежесіне көтерілу — айтуға ғана оңай, әйтпесе азапты шаруа. Бірақ сол азапты ізденістен ғана бақытқа бастар жол шығуы мүмкін. Өйткені әрбір іс-әрекетіңнің жаңғырығы бар. Әйтпесе қыздың киімін киіп, сырғасын тағып, түрлі әшекейін тағынып, терең тамырлы тіршіліктің мән-мазмұнына, ең әрісі қарапайым әйел табиғатының кейбір көзге ұрып тұрар ерекшеліктеріне бас ауыртқысы келмейтіндер аз ба? Тіпті балалы-шағалы болуға да пәлендей ақыл керек емес. Өзінен гөрі өзгені кінәлауға бейім тұратындар, әдетте, осы тектес төмен етектілердің ішінен шығады.

Мұхтар Шаханов
Ғасыр айрығындағы сырласу

http://t.me/oimaqoi
285 views07:25
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 08:22:53 Сабыр — ақылдың, сезім — жүректің иесі. Бір-біріне бағына бермейтін осы екі қасиетті ортақ мақсатқа жүгіндіріп, өзі сүйген адамға сырттай тілекші боп қалу — үлкен адамгершіліктің ғана қолынан келер іс.

Шыңғыс Айтматов
Ғасыр айрығындағы сырласу

http://t.me/oimaqoi
304 views05:22
Ашу / Түсініктеме
2022-04-20 05:37:01 Талғам күшін амалсыздан тек үмітке нанғыздық...
Рух, сана жалғыздығы — ең азапты жалғыздық.
Ері өрлер заңғар шыңға ілеспеу не тырыспау,
(Тырыспаудың бас себебі: рух-тауда туыспау!)
Дәл осыдан басталады ұғыспау мен шығыспау,
Шығыспаған түйсіктердің тағдыр-талқы құныстау...

Мұхтар Шаханов
Дара талғам қасыреті

http://t.me/oimaqoi
305 viewsedited  02:37
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 07:23:53 Алапаты қайтқан, тарих сахнасынан, санаттан кетіп құлдыққа түскен елдің еркектері қатын сабағыш болады. Осылайша мемлекетті, елдікті ұстап тұрған алтын діңгек - жанұя күйрейді. Осындай "шаңырақта" дүниеге келген бала не көріп өседі? Сиықсыз, қораш өмір, ақылсыз әке, бейшара ана. Ал анасы моральдік тұрғыдан әлсіз болып шықса, Құдай төбеден екі есе ұрды дей бер. Ішіс, төбелес, ойнас. Осының бәрінің куәсі болған баланың санасында дүниеге деген цинизм, немқұрайлылық, бойкүйездік қалыптасады. Көңілі тапталған ол басқаның асылын таптап өседі. Туғаннан былықтан басқа ештеңе көрмеген сол бала, сол былықтың ортасында шынығып, бетсіз болып, дауасыз боп өседі...


Таласбек Әсемқұлов
357 views04:23
Ашу / Түсініктеме
2022-04-12 12:32:12 Қалқам, сен біреуді жақсы көруің де мүмкін, біреуді дос санауың да ғажап емес, ал бәз-баяғы біреуге қатты сенуің де орынды. Бірақ осының бәріне адамға ең алдымен сабырлық пен тұрақтылық керек. Біреуді жақсы көреді екенсің, заматта күйіп-жанба, отқа қызыққан көбелек қанатын күйдіреді. Ләззатыңды да, өзіңді өзің ұстай біл. Ал шын жақсы көреді, екенсің — тұрақты бол. Махаббатта тұрақсыз болу — үлкен күнә. Досты да таңдай біл. Шын дос болады екенсің — ұстамды бол, оның қатесін, кемшілігін кешіре біл. Біреудің білместігін білмеген адам шын дос бола алмайды. Ал біреуге сенеді екенсің, артын күт. Сенімді ақтау — өте қиын сын, бұл екінің бірінің қолынан келмейді. Әсіресе өзіңе сенген адамның сенімін ақтау - адамның ең ұлы қасиеті.

Ілияс Есенберлин
Аққу құстар қуанышы

http://t.me/oimaqoi
1.6K viewsedited  09:32
Ашу / Түсініктеме
2022-04-11 16:37:17 Қазақта бәрі бар, бірақ бір нәрсе жетіспейді — ерлер. Қазақ қоғамы өз басын күйттейтін қатындардан шаршады. Қазақ отбасы - Ерлерді тудырып, оларды Ер ретінде тәрбиелей алмай жатыр. Қазақ отбасында үш-ақ әңгіме айтылады: жақсы оқы, жақсы қызметке тұрасың, жақсы жалақы аласың. Бұл қандай әңгіме? Бұл - қатындық әңгіме. Қатын деп кімді айтамыз? Қатын деп өзінің нәпсісін тыя алмаған адамды айтамыз. Қатын - не Еркек, не ұрғашы болуы мүмкін. Қатын бұл жерде жыныстық атау емес, рухани атау. Шатастырмаңыздар. Қатындық әңгіме - ешқашан тоймайтын, толмайтын, ашкөз - Дене(Тән)- Нәпсі- Қатын- Дұшпанның төңірегіндегі әңгіме. "Қатын- дұшпан жігіттер, не демес дейсің сыртымнан" (Махамбет). Ал Ер деп кімді айтамыз? Өзінің тән құмарлықтарын(нәпсісін) жеңе білген адамды айтамыз. Қазақ қоғамы қазір қай кезеңде де Ел тарихында шешуші рөл атқарған Ерлерге- Тұлғаларға зәру. Ерлердің жоқтығынан қазақ анасы жылап көшеге шықты! Өз қамын ғана ойлайтын Қатындар - қазақтың өскенін, өңгенін қаламайды! Олардың ойында бір-ақ шаруасы- ішсем, жесем, ұйықтасам. Ал Ел үшін туып, Ел үшін өлетін Ерлер қайда? "Қатын бастаған көш қараң қалады" дейді дана қазақ. Қазақтың ұлы көші қараң қалып жатыр. Қараң қалмағанда несі қалды?! Қазақ көшінің бастау бұлағы, Елді өсіретін, Алыпты да, Президентті де, министрді де, елдің үстінен күн көрген депутат-шенеунікті де тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп Өмірге әкелген, ұлы Өмір сыйлаған қазақ анасы жылап көшеге шықты. Қазақ қоғамы өзі тудырған Қатындар осы қоғамның түбіне жетпек! Рухсыздықтың, 27 жыл бойы Қарын мәселесін(Экономика) бірінші орынға қойған қате саясаттың улы, ащы жемісі!

Омар Жәлелұлы
762 views13:37
Ашу / Түсініктеме
2022-04-08 19:41:23 Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, бала қаз,
Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз.
Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл жұптасқан,
Өз теңін тапқан соң ғана адымын олар нық басқан.

Ойың мен ісің — жаңғырық, кейде оған түйсік жетпейді,
Әйел ап, бала тудыру ақылды қажет етпейді.
Күнделік құмар сезімді өрілгені үшін отпенен,
Шатастырып алдық, құдай-ау, бір туар махаббатпенен.

Алдану, сірә, түк емес бұлтақсыз, бұлтсыз шақта да,
Үйлену деген, қарағым, алғашқы баспалдақ, қана.
Ата-анаң, үрім-бұтағың, бәрі де сені тұр қолдап
Бастысы — сұлу жұбайың өзіңе ертең кім болмақ,?

Махаббат — қайсар заңғар шын, кез келген өрлей алмаған
Он мыңнан, бәлкім, екі адам үмітін зорға жалғаған.
Содан ғой, сансыз кеудені жалғыздық дерті торлаған,
Қаншама заңғар тұлғалар қанатсыз жардан сорлаған.

Тұрмыстың түрлі сынынан сүрінбей өтті десе де,
Жұбайың досың бола ма?
Miне, бұл — басты мәселе.
Не бермек тәннің одағы?
Жаныңа жаны қосылмау
Бұл — нағыз бедеу қасірет, қосылмау деген — ашылмау!

Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған?
Рухы қосылмағанның сезімі шаттық таппаған.
Рухы қосылмағандар — жалынсыз, сәнсіз, жақұтсыз,
Сондықтан мына жалғанда екеудің бірі — бақытсыз.

Сондықтан махаббаттың да сырт санын құрайтындар көп
Жәй көзге күліп жүргенмен, жасырын жылайтындар көп
Тағдырдан қашу мүмкін бе, жүрсең де қандай жолменен,
Бір мәнді сұрақ алдыңда тұрады ылғи көлденең:

"Жұбайың досың болды ма самғатқан сенім шырайың,
Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайым?
Ойнай ма оның көзінде сезім мен рух жарқылы,
Ұға ма ол шаттық-мұңыңды жетінші түйсік арқылы?

Ұқпаса...
Ісің секілді дауылда мұзға жаққан от,
Рухани терең түйсіну жоқ кезде махаббат та жоқ.
Нағыз қыран мәңгі ардақтап өтер болар өз көгін,
Өзіңді-өзің ұмыта біл, бақыты үшін өзгенің.

Мұхтар Шаханов
Жетінші түйсік
1.4K views16:41
Ашу / Түсініктеме
2022-04-07 12:00:52 Ойдан шаршау — рухани бақыт. Ондай адамдар өзінің де, өзгенің де бағасын білуге тиіс

Нұржекеұлы

http://t.me/oimaqoi
736 views09:00
Ашу / Түсініктеме
2022-04-06 18:06:16 «Екі адам ешқашан бір-бірінің ішкі құпиясын түгел біле алмайды; олар қанша бір жүріп, бір тұрғанмен, бір-бірін мәңгі ажырамастай тас қып құшақтағанмен, бәрібір олардың тәні табысқанмен, жаны табыспайды. Адам пақырдың әрқайсысының көңілі өмір бақи әр бөлек елегізіп, әр бөлек құлазып өтпекші»
845 viewsedited  15:06
Ашу / Түсініктеме