Get Mystery Box with random crypto!

Қазақта мақал бар: «Қарға табанымен басып жейді, сұңқар шашып | Кітаптан бір үзік

Қазақта мақал бар: «Қарға табанымен басып жейді, сұңқар шашып жейді» – деген. Оның мәнісі – қарға біреу көріп қоймасын деп жалтақтап табанымен басқаны – жасырғаны. Сұңқар өзінің жегенін мақсат қылмайды, басқаға пайдам тисін, сарқытымды кім болса, сол жесін деп, жан-жағына шашып отырады екен. Сондай болғаны үшін қазақ мақал сөзінде: «Қарғаға балшық, сұңқарға талшық» делінеді. Бұл сөзден насихат табылады. Бал жинайтын ара қандай ұя жасайды... Адам «мен дәнеме білмеймін» деп қарап отырмай, өнерге тырысу керек. Қазақ мақалында бар: «Өнерлі өрге жүзер» деген.


Мәшһүр Жүсіп
Ғылым

http://t.me/oimaqoi