Get Mystery Box with random crypto!

Кітаптан бір үзік

Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік К
Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік
Арна мекенжайы: @oimaqoi
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 882
Арнадан сипаттама

Өзім оқыған шығармалардан жазып алған дәйексөздер жинағы сосын кейде өз ойым)

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 19

2022-04-05 07:36:53 Өзінің қолы жетпейтін қызды бөтендерден қызғану - бұл да бір пақырлық қой.

Ілияс Есенберлин
Махаббат мейрамы

http://t.me/oimaqoi
887 views04:36
Ашу / Түсініктеме
2022-04-04 20:59:33 Адам қайғыда да әділетті болуы керек.

Ілияс Есенберлин
Махаббат мейрамы

http://t.me/oimaqoi
860 views17:59
Ашу / Түсініктеме
2022-04-04 11:09:57 Асылында адамдардың айтқан нәрсесі емес, айта алмаған нәрселері маңыздырақ...

http://t.me/oimaqoi
921 viewsedited  08:09
Ашу / Түсініктеме
2022-04-04 08:31:08 Жолдастық − алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Адалдықсыз жолдастық та, достық та болмайды. Ал адалдық деген - рухани тазалық. Онсыз сен жолдасын үшін майданда да жан бере алмайсың. Оның қатесін жаның ашып көре алмайсың, оған шын жүректен жәрдем ете алмайсың.


Ілияс Есенберлин
Махаббат мейрамы

http://t.me/oimaqoi
1.4K views05:31
Ашу / Түсініктеме
2022-04-03 10:04:48 Егер жүрегінің түбінде күншілдік не қызғаншақтық деген жылан бұйығып жатып, әлгі әзірде басын көтерген болса, онда тезірек одан құтылуы керек. Ал құтылмаса, ол жылан күннен-күнге үлкейе келіп бір күні болмаса бір күні өзін шағады. «Күншілдіктің күні тар» деп қазақ бекер айтпаса керек.

Ілияс Есенберлин
Махаббат мейрамы

http://t.me/oimaqoi
817 views07:04
Ашу / Түсініктеме
2022-04-02 15:46:12 Ұждансыз адамның бір қасиеті бар, ол - өзгенің қатесін көргіш келеді.

Ілияс Есенберлин
Махаббат мейрамы

http://t.me/oimaqoi
769 views12:46
Ашу / Түсініктеме
2022-04-02 07:53:48 Бала деген де гүл тәрізді бір әлсіз өсімдік. Егер суық желден, бұршақты жауыннан қорғайтын жан болмаса, оның дұрыс өсуі де екіталай. Әке-шеше балаға әсіресе кішкентай кезінде керек. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп қазақ босқа айтпаған, баланың буыны қатпаған, ақыл-сезімі қалыптаспаған шағында ата-ананың өнегелі ісі, дұрыс ақыл-ойы, айтқан орынды өсиеттері оған ең керек дүние. Адамның адам болуы да осы кезден басталады.

Ілияс Есенберлин
Махаббат мейрамы

http://t.me/oimaqoi
1.2K views04:53
Ашу / Түсініктеме
2022-04-01 09:29:32 Он сегіз мың ғаламның тереңіне қанша сүңгісең де, маңдайың тірелетін бір ғана құпия бар, ол – қу дүниенің баянсыздығынан басқа түк те емес... Басқа түк те емес... Бақ та, дәулет те өткінші... Өлім ғана хақ...

Төлен Әбдік
Өліара

http://t.me/oimaqoi
810 views06:29
Ашу / Түсініктеме
2022-03-31 22:11:05 Құдай-ау, айдаладағы біреудің де жақсылығына жақсылықпен жауап қайтарасың, ал өзіңді дүниеге әкелген, сен үшін отқа да, суға да түскен әкеңе ешқандай жақсылық жасай алмау не деген қылмыс!
Төлен Әбдік
Әке
http://t.me/oimaqoi
686 views19:11
Ашу / Түсініктеме
2022-03-31 22:10:25 «Алдағы жазда», «алдағы күзде», «алдағы жылмен», мінеки, енді өмірдің санаулы сәтінің үстінде отырмыз. Өміріңде не ата-анаға, не дос-жаранға көңілдегі жақсылығыңды жасай алмай, бүкіл уақытыңды өткізіп алу қандай өкінішті.

Өмірдің мағынасын ылғи алыстан іздейміз. Әлдебір ұлы оқиғаны, ұлы әрекетті алыстан бастағымыз келеді. Дәл жанымыздағы негізгі мақсатқа уақытымыз жоқ. Оған алдағы жаз, алдағы күз немесе алдағы жыл бар.
Төлен Әбдік
Әке
http://t.me/oimaqoi
671 views19:10
Ашу / Түсініктеме