Get Mystery Box with random crypto!

Кітаптан бір үзік

Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік К
Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік
Арна мекенжайы: @oimaqoi
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 882
Арнадан сипаттама

Өзім оқыған шығармалардан жазып алған дәйексөздер жинағы сосын кейде өз ойым)

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 2

2022-08-22 14:22:01 Басымнан өткен бірнеше оқиға арқылы имансыздықтың тым қисынсыз уәж екеніне көз жеткіздім, сондықтан мен атеистердің «Құдай жоқ» деген сөзіне мүлдем сенбеймін, өйткені олар да белгілі бір нәрсеге сенеді: байлыққа, табиғатқа, адамға, не болмаса қандай да бір ілімге, себептерге сенім артады. Бұл нәрселерді олар жаратушы ретінде қабылдайды. Кейбіреулері әйтеуір бір нәрсеге сенеді, бірақ оның түпкі мәніне үңілмейді. Жалған сенім кейде адамды улайды. Бір нәрседен қатты әсерленген адамда белгілі бір сенім пайда болады. Имансыз жандар да әйтеуір бір себеппен Аллаға қарсы шығады. Олар әкесіне қарсы шыққан бала секілді өз Жаратушысын мойындамайды. Осы себептерге байланысты мен Жаратушының бар екенін мойындамайтын адамдардың сөзіне сенбеймін, өйткені олардың қарсыласуына түрткі болған болмашы себептерді жойсаң, жүзіндегі алдамшы бояу кетіп, астынан иман ақиқаты көрінеді.

Құдайберді Бағашар
Тәрбие сағатынан естеліктер

http://t.me/oimaqoi
593 views11:22
Ашу / Түсініктеме
2022-08-21 14:19:01 Намаз – рухымыздың азығы. Раббымызды еске алудың ең оңтайлы жолы. Біз Раббымызбен байланыс жасауға аса мұқтажбыз. Қажеттілік үнемі қайталанып отырғандықтан, оны өтейтін істі де қайта-қайта жасау жалықтырмаса керек. Қайта керісінше бұл адамға ләззат береді. Мәселен, сіз күніне үш мезгіл тамақтанудан жалығасыз ба? Күніне үш мезгіл тамақтанудан жалықпайсыз. Өйткені қарныңыз жиі-жиі ашып, тамаққа деген қажеттілік қайталанып отырғандықтан, оны қанағаттандыруды да мезгілімен қайталап отыру қажет. Олай болса, рухымыздың қажеттілігін қайтпекпіз? Біз тек тәннен тұрамыз ба сонда?

Құдайберді Бағашар
Тәрбие сағатынан естеліктер

http://t.me/oimaqoi
550 views11:19
Ашу / Түсініктеме
2022-08-20 14:16:06 Жастардың қателіктерінде де, дұрыс істерінде де біздің белгілі бір мөлшерде үлесіміз бар екені шындық. Өйткені, олар – біздің тәрбиеміздің тікелей нәтижесі. Сол себепті олардың әрбір қателігін сынға алу барысында анағұрлым мейірімді, парасатты болуға мәжбүрміз. Әлбетте, жастар да біздермен қарым-қатынас барысында біз өмір сүрген кезеңнің ерекшелігін ескеруі керек. Сөйтіп, бізді кінәлаудың орнына біздің кейбір қателіктерімізден сабақ алғаны дұрыс. Біздің жіберген қатемізді қайталамауға тырысқаны жөн болады.

Құдайберді Бағашар
Тәрбие сағатынан естеліктер

http://t.me/oimaqoi
577 views11:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-19 14:13:01 Француздарда мынадай мақал бар екен: «Жастар істің көзін білсе ғой, қарттардың жасауға шамасы жетсе ғой». Яғни жастарда тауды қопаратындай күш-қуат болғанымен, парасат-пайым кемшін болып жатады. Ал қарттар көп нәрсені түсініп, біліп тұрғанымен, оларда күш-қуат кем болады. Міне, барлық мәселе осында жатыр. Жастардың қажыр-қайраты мен қарттардың ақыл-кеңесі өзара біріккен кезде, қоғамда елге елеулі игі істерді еңсеруге болады. Ал олай болмаған жағдайда жастарымыз білместікпен баяғыда зерттеліп қойған дүниелерді қайтадан қопарып «Американы қайта ашуға ұмтылып» бос әуреге түседі. Ал қарттарымыз болса, өмірлік тәжірибелері пайдаға аспастан, өз білгені өзімен бірге қалып қояды.

Құдайберді Бағашар
Тәрбие сағатынан естеліктер

http://t.me/oimaqoi
597 views11:13
Ашу / Түсініктеме
2022-08-18 15:15:47 Жастармен бірігіп жұмыс жасау, олармен әңгімелесу адамның жанын жасарта түсіп, қажыр-қайратыңды қамшылайды һәм арттырады. Мұны мен қатарластарыма үнемі насихат етіп жүремін.

Құдайберді Бағашар
Тәрбие сағатынан естеліктер

http://t.me/oimaqoi
561 views12:15
Ашу / Түсініктеме
2022-08-17 16:02:11 Негізінде біз баламызды жазалау арқылы оны күшке бас иетін бағынышты қылып өсіріп жатқанымызды ұмытпағанымыз жөн.

Кішкентайында ата-анасының күшіне бас иіп, оларға бағынуға бейімделген бала өсе келе кез келген күштің алдында бас иетін халге келеді. Мысалы, сыныбындағы күш көрсетіп, зорлық-зомбылық жасайтын балалардың құрбанына айналады. Ертең басшы айғайлап, аузына келгенін айтып жатса да, өзінің намысын қорғай алмайтын болады.

Құрметті ата-ана! Сіз балаңызды жазалау арқылы оны жасық, ынжық қылумен қатар, өзін «күштімін» деп есептейтін басқа адамдарға құрбан қылып жатырсыз. Күшті байқаған кезде құрдай жорғалайтын әлсіз, жағымпаз адамды өсірудесіз.

Ойланыңыз!

Елжас Ертайұлы
Баланы жазасыз тәрбиеле

http://t.me/oimaqoi
609 views13:02
Ашу / Түсініктеме
2022-08-16 16:46:10 Таяқ жеп өскен бала жаман болмайды, тіпті "тәртіпті" бала болуы да мүмкін, бірақ сезімсіз болады.

Елжас Ертайұлы
Баланы жазасыз тәрбиеле

http://t.me/oimaqoi
597 views13:46
Ашу / Түсініктеме
2022-08-15 16:44:01 Бала жазадан қорыққан кезде емес, бір нәрсенің дұрыс емес екенін ар-ожданымен сезініп, өз еркімен бас тартқан кезде ғана тәрбиеленген болып есептеледі.

Елжас Ертайұлы
Баланы жазасыз тәрбиеле

http://t.me/oimaqoi
621 views13:44
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 16:44:01 Баланы ұрып-соғу, жазалау — тәрбие тетігі емес. Ол — ата-ананың әлсіздігі немесе білімсіздігі.

Елжас Ертайұлы
Баланы жазасыз тәрбиеле

http://t.me/oimaqoi
670 views13:44
Ашу / Түсініктеме
2022-08-13 16:44:01 Баланың сезімдерін қалыпқа келтірмей, тек қана іс-әрекеттерін өзгертуге тырысу оны екіжүзді балаға айналдырады.

Елжас Ертайұлы
Баланы жазасыз тәрбиеле

http://t.me/oimaqoi
711 views13:44
Ашу / Түсініктеме