Get Mystery Box with random crypto!

Кітаптан бір үзік

Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік К
Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік
Арна мекенжайы: @oimaqoi
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 882
Арнадан сипаттама

Өзім оқыған шығармалардан жазып алған дәйексөздер жинағы сосын кейде өз ойым)

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 4

2022-07-20 13:06:01 Бетегесі бытырлап, сексеуілі сатырлап, даланы өрт алғанда, ақбөкен мен қасқыр бірге қашатын көрінеді. Басқа түскен ортақ нәубет араздасқанды, ажырасқанды жақындатады.

Шерхан Мұртаза
Қызыл Жебе, V

http://t.me/oimaqoi
93 views10:06
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 10:05:42 Дүниенің дүние болып дөңгеленіп тұруы - қанағатта. Бірақ көп адамдар қанағатты білмейді. Содан да барып қазақтар: «Кедей байға жетсем дейді, бай Құдайға жетсем дейді» деген мақал шығарған. «Қанағат қарын тойдырады, қанағатсыз жалғыз атын сойғызады» дегенді де қазекем айтқан. Қанағатсыз жан Құдайдың мансабын армандайды.

Шерхан Мұртаза
Қызыл Жебе, V

http://t.me/oimaqoi
91 views07:05
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 14:03:01 Ұйқым тыныш болсын десең, арың таза болсын.

Шерхан Мұртаза
Қызыл Жебе, V

http://t.me/oimaqoi
143 views11:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-18 06:30:13 Халықты сүліктей сорып, өлген-тірілгенімен шаруасы жоқ өңкей дүниеқоңыздар-ай. Мұнайды өндіруде отанға бергендерінен жерге төккендері көп.

Ырысбек Дәбей
Қоңыз
119 views03:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 15:02:19 Сталин мен Ежов қоғамның басын кесіп алып, құр денесін қалдырды. Бассыздарды басқару оңай. Басы жұмыс істейтін ақылды адам қауіпті.

Шерхан Мұртаза
Қызыл Жебе, V

http://t.me/oimaqoi
198 views12:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 13:59:01 Балалық әлем - үлкендердің шыққан тегі ғой. Ешкім де тегіне тартпай тұрмайды.

Шерхан Мұртаза
Қызыл Жебе, V

http://t.me/oimaqoi
128 views10:59
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 03:57:17 Әмірі жүріп, құдіреті үстем болып тұрғанда, пенде шіркін, Құдайды ұмытады. Өзін өлмейтіндей санайды. Міне, бұл надандықтың шыңы. Ал надандық билеген заман - соры қалың заман.

Шерхан Мұртаза
Қызыл Жебе, V

http://t.me/oimaqoi
7 views00:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 15:42:01 Бауырым, қанша сүйгенмен,
Бітеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ.
Жататын дәйім жаңғырып,
Бұл өмір емес мәңгілік.
Бейопа мына заманда
Бақұл боп кетер адам да.
Жұрт кешкен күнін көп қызық,
Жіберер зая өткізіп.
Қағаздың түсті бетіне,
Сызықтай бейне тартылған.
Тап болып, жігер сарқылған,
Кездейсоқ өмір өтіне
Қайыспай тұрса нар тұлғаң
Сонда да беріп кетеміз,
Жүректің отын молында,
Арманды аңсап өтеміз
Ұлы мұрат жолында.


Әбу Насыр әл-Фараби
http://t.me/oimaqoi
115 views12:42
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 15:41:11 Әйелді қызғанудан жұрдай, намыссыз бол демеймін. Намыссыз жасықтарды ер жігіт деуге болмайды. Намыссыз жан дінсіз болады.

Кайкаус
 Қабуснама

http://t.me/oimaqoi
106 views12:41
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 15:39:10 Достықтың, үй тірлігінің жайын білмейтін қатыннан аулақ бол. Ерлі-қатын үй тірлігінің жайын жақсылап қолға алса, бір-біріне тәуелді болып, достығы арта түседі. Кәмелетке жеткен әйел анасының — үй қожасы, атасының – отағасы екенін байқап білетін жан болуы керек. Егер бұл сияқты көргенді, әрі көрікті қыз кез болса, тез үйлен... Білімді қатынның іс-әрекетіне тыйым салушы болма. Егер сен қызғаншақтық жасамасаң, кемсінбесең, катының саған ата-анаңнан да мейірімді болады. Саған одан дос кісі болмайды. Егер қызғаншақ, қатал болсаң, ол саған қас дұшпан болады, оның алдында басқа дұшпаның жіп есе алмай қалады.


Кайкаус
Қабуснама

http://t.me/oimaqoi
129 views12:39
Ашу / Түсініктеме