Get Mystery Box with random crypto!

Кітаптан бір үзік

Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік К
Telegram арнасының логотипі oimaqoi — Кітаптан бір үзік
Арна мекенжайы: @oimaqoi
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 882
Арнадан сипаттама

Өзім оқыған шығармалардан жазып алған дәйексөздер жинағы сосын кейде өз ойым)

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 3

2022-08-12 16:44:01 Көзбояушы бір сәттік шешімдерге алданамыз. Баланы жазалаған кезде ол айтқанымызды істеп, "тәртіпті" болып жүреді. Бала болашағын ойлаудың орнына сол сәттегі нәтижеге ғана көңіл бөлеміз.

Елжас Ертайұлы
Баланы жазасыз тәрбиеле

http://t.me/oimaqoi
696 views13:44
Ашу / Түсініктеме
2022-08-11 16:43:01 Жұбайлар арасындағы қарым-қатынас түзелмей, бала тәрбиесі түзелмейді.

Елжас Ертайұлы
Баланы жазасыз тәрбиеле

http://t.me/oimaqoi
707 views13:43
Ашу / Түсініктеме
2022-07-28 08:30:18 Нәпсінің үлкен кемшіліктерінің бірі — жасаған құлшылығынан ләззат алмау. Бұл пенденің құлшылығына рия араласуынан және ықыласы аздығынан пайда болады немесе сүннеттің бірін тәрк етуінен туындайды.

Әбу Абдуррахман әс-Суләми
Аударған Бауыржан Әлиұлы
Нәпсі дертінің дауасы

http://t.me/oimaqoi
130 views05:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-27 08:10:02 Нәпсінің үлкен кемшіліктерінің бірі — басына түскен қиындықтың шешімін шешіміне иелік ете алмағаннан (адамдардан) сұрауы. Сондай-ақ көмектесуге шамасы жетпейтіннен көмектеседі деп үміт етуі. Сонымен қатар Алла Тағала ризық-несібеңді беремін деп кепілдік берсе де, ризығын ойлап әбігерге түсуі.

Пенде күллі мақлұқ атаулының әлеуетсіздігіне, қайратының кемдігіне көзі жеткенде ғана бұл кемістігінен құтылады. Себебі өзі біреуге мұқтаж болып жүргеннің өзгенің мұқтаждығын өтеуге құдіреті жетпейтінін ұғады.

Әбу Абдуррахман әс-Суләми
Аударған Бауыржан Әлиұлы
Нәпсі дертінің дауасы

http://t.me/oimaqoi
177 views05:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 14:17:01 Үлкен адамдар да нәресте сияқты. Жылай салады, артынша күле салады. Қанша қартайды деген адамдардың өзінде де балалық мінезден бір жұқана қалады.

Шерхан Мұртаза
Қызыл Жебе, V

http://t.me/oimaqoi
232 views11:17
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 14:23:01 Өзі дүниеге келгенше адамдар түк білмейді, ешнәрседен бейхабар. Ал жарық дүниеге келе салысымен, адам болып жаратылғанын әлдекімге міндет қылып, әлек-шәлек талап-тілегін ала келеді. Әңгімені бер-берден бастайды. Әуелі тамақ тілейді, жөргек тілейді. Ә дегенмен жайлы ғұмырды жақсы көреді. Жаялығы жайсыз болсыншы - жаңа туған жас бала не істер екен? Екі аяғыңды бір етікке тығады. Сөйте-сөйте, атпалдай азамат болады. Бір жұтым қара су мен бір үзім қара нанды қанағат тұтар біреуін көрмейсің. Кедей байға жетсем дейді, бай Құдайға жетсем дейді. Кедейдің бай болғысы келетіні миға қонады, құлаққа кіреді. Ал байдың болғысы келетіні сұмды – ы - ық! Барлық пәленің бәрі осыдан туындайды, осыдан өрбиді, есіреді. Есірік жама - а -ан. Оған Құдіреттің зауалы ғана тосқауыл.

Шерхан Мұртаза
Қызыл Жебе, V

http://t.me/oimaqoi
60 views11:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-24 13:12:01 Құмдауыт жағаға келіп жығылып жатқан ақжал толқындар қанша соққыласа да құмда із қала ма? Мына қағазсыз - қаламсыз ой да сол сияқты.


Шерхан Мұртаза
Қызыл Жебе, V

http://t.me/oimaqoi
148 views10:12
Ашу / Түсініктеме
2022-07-23 13:11:01 Адам туады. Арада әжік - күжік әуремен біраз дәурен кешеді. Адам өледі. Туу мен өлудің арасын өмір деп қойыпты. Өлім деген құдіреттің алдында адам: не көрдім, не білдім деп ойлануға шамасы келер болса, қандай қорытындыға келер еді? Бүкіл өмірің бір көрген түстей-ақ болып қысқармай ма? Кең дүние дегенің бір тарынын қауызындай ғана болып тарылмай ма? Ендеше, сол алдамшы ғұмыр дегеннің көбі не, азы не - бәрібір.

Шерхан Мұртаза
Қызыл Жебе, V

http://t.me/oimaqoi
30 views10:11
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 13:10:59 Адамдардың күнәсіне адам төреші бола алмайды. Өйткені күнәсіз пенде жоқ.

Шерхан Мұртаза
Қызыл Жебе, V

http://t.me/oimaqoi
104 views10:10
Ашу / Түсініктеме
2022-07-21 14:09:01 Қызғаныш пен күншілдік, ұя бұзған рушылдық түбімізге жетті ғой. Келер ұрпаққа сол сасық мұра кесірін тигізбесе екен.

Шерхан Мұртаза
Қызыл Жебе, V

http://t.me/oimaqoi
55 views11:09
Ашу / Түсініктеме