Get Mystery Box with random crypto!

about media in kazakh

Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh A
Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh
Арна мекенжайы: @mediainkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 409
Арнадан сипаттама

медиа, билік, идеология, пропаганда және этика
журналистикаға қатысты хабарландырулар
нәсілшілдік, жаңа технология, феминизм, экология, т.б. тақырыптарда да жазамын. кейде жеке ой/өмір/сезімдерім жайлы.
Кері байланыс үшін: @orazay

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 4

2022-03-26 08:20:30 https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/49289-vlast-portalyna-on-zyl-bl-tek-bastamasy-dep-senemiz.html
255 viewso k, 05:20
Ашу / Түсініктеме
2022-03-26 07:09:43
Бүгін vlast.kz порталына 10 жыл кеше ребрендиң жасаған болатын, неліктен екені түсінікті шығар:)
665 viewso k, 04:09
Ашу / Түсініктеме
2022-03-19 17:12:54
331 viewso k, 14:12
Ашу / Түсініктеме
2022-03-19 17:12:48 Мен Qazaqstan Ұлттық Телеарнасының тұрақты оқырманымын. Facebook парақшасындағы жазбаларын қалт жібермей оқып отырамын.

Бұл арна - мемлекет арнасы. Мемлекет арнасы - жалпы халықтың арнасы дегенді білдіреді, яғни сіз бен біздің арнамыз, сіз бен біздің салығымыздан қаржыланады. Осы мемлекеттің халқына бейтарап әрі шынайы хабар таратып, ақпаратқа мұқтаждығымызды өтейді.

Бұл арна - мемлекет арнасы. Президент Тоқаевтың жекеменшік арнасы емес, немесе бұрынғы Нұр Отан партиясының телеарнасы емес. Мемлекет арнасы. Нүкте.

Мемлекет арнасы президенттің немесе бұрынғы Нұр Отан партиясы мүшелерінің салығынан ғана қаржыланбайды. Ол бүкіл халықтың салығынан қаржыланады. Сондықтан да президент пен бұрынғы Нұр Отан партиясының ғана қызығушылығына емес, бүкіл халықтың қызығушылығына жұмыс істеуі керек. Арнаны қаржыландырып отырған әрі осы елдің азаматы болып табылатын түрлі адамның ой-көзқарасын ұсынуы керек. Олардың үнін жеткізетін алаңы болуы керек.

Өкінішке қарай мен телеарна контентінен мұны көре алмай отырмын.

Окей, рұқсат етілмеген митиңдер заңға қайшы болғандықтан, оларды көрсетпеуіне болар, бәлкім.

Бірақ әкімдік рұқсат еткен бірнеше митиң өткен болатын осыған дейін, мен солардан өзім қатысқан және куә болған бірнешеуін жазайын:

- таза ауа құқығына арналған митиң;
- қала әкімін сайлау құқығына арналған митиң;
- Ресейдің Үкраинға басқыншы соғысына қарсы митиң;
- Әйелдердің саяси құқығын талап еткен феминистер митиңі.

Qazaqstan Ұлттық Арнасы жоғарыдағы митиңдердің бір де бірінен осылай фото жарияламады. Бір де бірін осылай хабарламады. Бұл телеарнаның оқырманды құрметтемеуі, бейтараптық қағидасын өрескел түрде бұзуы, осы арнаны қаржыландырып отырған салық төлеушілердің құқығын аяққа таптауы деп білемін!
301 viewso k, 14:12
Ашу / Түсініктеме
2022-03-18 15:15:03 Ресейде жаңа қабылданған “фейк туралы” заң шетел азаматтарына да қолданылады екен. Соғысқа қарсы пост жазған, митингілерге қатысқан шетел азаматтары Ресей аумағына кірген жағдайда жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл заң бойынша азаматты 15 жылға дейін бас бостандығынан айыра алады.

Қысқасы, қауіпсіздік үшін Ресейге еш жоламаңдар, достар.
248 viewso k, 12:15
Ашу / Түсініктеме
2022-03-09 12:33:45 Ешбір дені сау мемлекет буллиңпен бұлай күреспейді. Әлде “көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр” деп, біздің мәжіліс Қазақстанға да санкция салынғанын тілеп өліп бара ма?

Мен бұл заңнамаға түбегейлі қарсымын! Онсыз да әлеуметтік желі, ақпараттық порталдар жиі бұғатталып, сөз бостандығы шектелетін авторитар мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Ал бұл заңның көмегімен Ресей мен Солтүстік Кореяның арасынан бір-ақ шықпақпыз.

Буллиңпен күрестің мыңдаған түрлі әдісі бар. Ең нәтижелісі - оқу-ағартумен айналысу, халықтың білім деңгейін көтеру, құқықтық мемлекет қалыптастыру. Әлеуметтік медианы бұғаттағанмен, мектепте, көшеде балаларға буулиң жасалмайды деп ойлайсыз ба?

Шынтуайтында, бұл заң буллиңпен күресу үшін емес, біздің сөз бостандығымызды шектеу үшін қабылданып отыр. Путиннің басқыншы соғысының өзі “Донецк пен Луһанск халқын қорғау”, “неонацистерден азат ету” деген ізгі мақсаттармен бүркемеленген.

Қысқаша айтқанда, түбегейлі қарсымын. Сенаттың бұл заңнаманы қайтарып тастауын талап етемін.

https://vlast.kz/novosti/49043-mazilis-odobril-popravki-v-zakonodatelstvo-uzestocausie-trebovania-k-socsetam-i-messendzeram.html
321 viewso k, 09:33
Ашу / Түсініктеме
2022-03-09 03:31:43
Украина соғысына қатысты бұрмаланған хабарлар көптеп тарап жатыр. Әсіресе Ресей пропаганда құралдары өз әрекетін ақтап, халық сенімінен шығып және украин медиасына күмән тудыру үшін жасанды фактчек шығара бастапты.

Мысалы, туиттерде кең тараған мына жазба бір қарағанда рас сияқты. Бірақ осы монтажды таратқан украин медиасын тауып көріңізші. Таба алмайсыз. Себебі ондай фейк таратылмаған.

Осыған ұқсас фейк мысалдары мына мақалада көрсетілген: https://www.propublica.org/article/in-the-ukraine-conflict-fake-fact-checks-are-being-used-to-spread-disinformation

Сақ болайық, сауатты болайық.

Кеше өзім де бір хабарға оңбай арандап қалдым
272 viewso k, edited  00:31
Ашу / Түсініктеме
2022-03-04 08:47:12 Telegram-ға қазақ тілін орнатуға болады: https://t.me/setlanguage/kk-raw
259 viewso k, 05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-03-02 21:03:09 Қазақ/English/Deutsch/Русс.

Біз, Қазақстан халқы, мәлімдейміз
Ресейге тәуелді билігіміз үнсіз қалған жағдайда, біз, Қазақстан халқы, бүгінгі күні өзінің және біздің бостандығымыз үшін күресіп жатқан Украинаны қолдайтынымыз туралы мәлімдеме жасау жауапкершілігін өзімізге аламыз.
Біз Ресейдің Украинаға жасаған опасыздығын қатаң айыптаймыз.
Біз Қазақстан билігінен агрессор ел - Ресеймен қарым-қатынасты үзіп, олармен құрған барлық әскери және экономикалық одақтардан дереу шығуды талап етеміз.

We, the people of Kazakhstan, declare
When our Russian-dependent government is silent, we, the people of Kazakhstan, declare that we stand in support of Ukraine, which is fighting today for its and our freedom. We strongly condemn Russia's treacherous attack on Ukraine. We demand that the authorities of Kazakhstan break off relations with the aggressor country Russian Federation immediately withdraw from all military and economic alliances, unions with it.

Wir, das Volk des Kasachstans, erklären
In einer Zeit, in der unsere von Russland abhängige Regierung schweigt, erklären wir, das Volk des Kasachstans, dass wir die Ukraine unterstützen, die heute für ihre und unsere Freiheit kämpft. Wir verurteilen den verräterischen Angriff Russlands auf die Ukraine auf das Schärfste. Wir fordern die kasachischen Behörden auf, die Beziehungen zu dem Aggressor Land Russland abzubrechen und sich unverzüglich aus allen militärischen und wirtschaftlichen Unionen mit diesem Land zurückzuziehen.

Мы, народ Қазақстана, заявляем
В условиях, когда молчит наша зависимая от России власть, мы, народ Қазақстана, берем на себя ответственность заявить, что выступаем в поддержку Украины, которая борется сегодня за свою и нашу свободу.
Мы решительно осуждаем вероломное нападение России на Украину.
Мы требуем от власти Қазақстана разрыва отношений со страной-агрессором Россией, немедленного выхода из всех военных и экономических союзов с ней.

P.S. Көшіріп алып, парақшаларыңызға салыңыздар. Бәрі көрсін.
Қазақстанның билігі Украинадағы соғысқа және Ресейдің басқыншылығына нақты көзқарасын білдірмей отыр. Демек, біз, ел азаматтары, әлемге өз ұстанымымызды жеткізуіміз керек.
30 viewso k, 18:03
Ашу / Түсініктеме
2022-02-28 11:43:44 Казахстанский телевизионный и интернет-провайдер «Ремстройсервис» из Шахтинска отключил все российские каналы в знак протеста против вторжения в Украину. В своем телеграме провайдер сообщил, что выступает против войны и ее пропаганды. Поэтому для всех абонентов…
102 viewso k, edited  08:43
Ашу / Түсініктеме