Get Mystery Box with random crypto!

about media in kazakh

Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh A
Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh
Арна мекенжайы: @mediainkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 409
Арнадан сипаттама

медиа, билік, идеология, пропаганда және этика
журналистикаға қатысты хабарландырулар
нәсілшілдік, жаңа технология, феминизм, экология, т.б. тақырыптарда да жазамын. кейде жеке ой/өмір/сезімдерім жайлы.
Кері байланыс үшін: @orazay

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 3

2022-04-23 09:40:08
Бүгін Алматыда бала құқығын сылтауратып Әлеуметтік желідегі пікір еркіндігін шектейтін заң жобасына қарсы бейбіт жиын өтіп жатыр. Хабар 24 арнасы бұл жиынды қалай көрсетер екен, жаңалықтар бағдарламасын күтем
30 viewso k, edited  06:40
Ашу / Түсініктеме
2022-04-22 08:48:20 Медиа және адам құқықтарына байланысты тағы бір хабарландыру.

MediaNet орталығы гендер тақырыбы бойынша 6 апталық ProGender курсына өтінім қабылдап жатыр. Курсқа қазақша және орысша қатыса аласыз. Екі топқа екі түрлі тренерлер дәріс береді, екі топтың да тренерлері өте мықты екен , курс аяқталған соң менторлық та қарастырылған. Курс соңында гендер тақырыбында мультимедиалы материал дайындауыңыз қажет. Өтінімдер 29 сәуірге дейін қабылданады. Курсқа тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз.
35 viewso k, 05:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-21 12:20:22 айтарға сөзім жоқ, өте ашулымын:
https://t.me/zhapisheva/6613
39 viewso k, 09:20
Ашу / Түсініктеме
2022-04-19 18:05:11 Медиа, журналистика және адам құқығына қызығатын достарыма бірнеше хабарландыру:

1. Фридрих Эберт қоры азаматтық журналистика уоркшобына қатысушылар іріктеп жатыр. Уоркшоп шілдеде өтеді, бірақ өтініш қабылдау 29 сәуір аяқталады. Толығырақ ақпарат мына жерде.

2. Қазақша контентмейкерлерге арналған офлайн кездесу. Спикер - Марғұлан Ақан, Qadam және BUGIN MEDIA жобаларының жетекшісі. Контентті бейімдеу, вирусты контент жасау тақырыптарын талқылайды. Кездесу 28 сәуір Алматыда, American Space-те өтеді. Мына жерден тіркеле аласыз.

3. Құқықтық медиа-орталық қоры ONLINE ACTIVISM CAMP курсына өтініш қабылдап жатыр. Курс мамырдың соңына қарай астанада өтеді екен. Онлайн-адвокация, интернеттегі құқықтық сауат, ақпаратқа қол жеткізу құқығы, фейкпен күрес, өз цифрлы жобаңды жүзеге асыру, т.б. нәрселерді үйретеді. Курс соңында қатысушылар грант конкурсына өз жобасын ұсынып, іске асыруға қажет ақшаны ұтып алуға мүмкіндігі де бар. Тіркелуге өтінішті мына жерге жаза аласыз.
365 viewso k, 15:05
Ашу / Түсініктеме
2022-04-13 21:42:44
АҚШ-та білім алып жүрген қазақ журналист Әсем Әлмұханбет бірер күн бұрын бастан кешкен хикаясын Facebook парақшасына жазған еді, соны бұрынғы Экспресс К мынадай “жаңалық” етіпті
208 viewso k, 18:42
Ашу / Түсініктеме
2022-04-09 09:46:06 Дәл осындай акциялар Берлин, Варшава мен Тбилисиде өткен.
Ешкім ешкімді ұстап, автозакқа тыққан жоқ.
Өйткені әділетсіздікке қарсы ойыңды білдіру қылмыс емес.
Біздікілер ресейдің калькасы.
ауыт мұқибектерді ұстағанның орнына, бір адамға 20 мент болып жабылып жүр.
Жаңа Қазақстан, әкес.
239 viewso k, 06:46
Ашу / Түсініктеме
2022-04-09 09:16:47
Полиция задерживает активистов движения Oyan, Qazaqstan, которые попытались провести акцию у российского консульства в Алматы. Они легли на асфальт с завязанными руками, отсылая к погибшим в Буче. Видео Назерке Курмангазиновой
176 viewso k, 06:16
Ашу / Түсініктеме
2022-04-09 09:16:24
Бучадағы қырғын үшін азаматтар Алматыдағы Ресей консулдығы алдына жиылып жатыр дегенді естіп, журналист ретінде хабар таратпақ болып жетіп барған едім. 5 минут кешігіп жеттім, келгенімше бәрін ұстап әкетіпті. Айналада полиция қаптап жүр.

Бұл оқиға тарих парағымызға қара таңба болып басылатынына, болашақта бұны ұлтымыз ұяла еске алатынына кәміл сенемін.
206 viewso k, 06:16
Ашу / Түсініктеме
2022-04-07 20:10:40
Ақпарат министрі Асқар Омаровтың жазғаны. Жақсы жаңалық естіп қалармыз бәлкім Мемлекет салығымды осындай журналға жұмсаса, тек қуанам.
134 viewso k, 17:10
Ашу / Түсініктеме
2022-04-07 12:19:47 Қолда барда алтынның қадірі жоқ, OYLA журналы жабылады деген жазбаны оқып, құлазып отырмын. Редакция хабарландыруы:

Біз OYLA журналын жабамыз

Достар, бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Біз оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған қазақстандық тұңғыш ғылыми-көпшілік журналымыз. Жеті жыл ішінде 79 нөмір жарық көрді. Сіздің қолыңызға тиетін 79-шы наурыз айының нөмірі соңғы нөмір болмақ.

Журнал әлемнің 15 елінде 6 тілде шығарылды. Қазақтың «OYLA» сөзін дүние жүзіндегі 300 мыңнан астам оқырман біледі. Біздің журнал еліміздің пайдалы қазбаларды ғана емес, зияткерлік өнімдерді де экспорттай алатынының үлгісіне айналды.

Бізді ойлағанымыз іске аспайды деп сендірді. Нарық жоқ, қажеттілік жоқ, интернетте бәрі бар, оқырмандар жоқ, жеткізу және басып шығарудың құны қымбат, әлем деңгейіндегі бәсекелестер бар... Бірақ біз жетістікке жеттік. OYLA тек журнал ғана емес. Біз ғылымға құштар жандарды байланыстыратын кеңістік құрдық. Біздің көп екенімізге көзіміз жетті: Лондоннан Таразға, Алматыдан Сеулге, Нью-Йорктен Канберраға дейін. Біз өзіміз күткеннен де көп нәрсеге қол жеткіздік.

Біз ғылым туралы қазақ тілінде жазғанымызды мақтан тұтамыз. Ғылым бір орында тұрмайды, көптеген жаңалық пен термин қазақ тілінде алғаш рет журналымыздың беттерінде сипатталды.

Осы жылдар ішінде біз оқырмандар алдындағы міндеттерімізді орындап келдік. Біз қазір де олардан бас тартпаймыз. Ақшаны қайтару мәселесін талқылау үшін әрбір жазылушымен міндетті түрде байланысамыз. Сонымен қатар, сіздер біздің ескі шығарылымдарымызды да сатып ала аласыздар.

Бізге деген сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рахмет!

Серіктестерімізге айтар алғысымыз шексіз.

Жазбаға сілтеме
198 viewso k, 09:19
Ашу / Түсініктеме