Get Mystery Box with random crypto!

about media in kazakh

Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh A
Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh
Арна мекенжайы: @mediainkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 409
Арнадан сипаттама

медиа, билік, идеология, пропаганда және этика
журналистикаға қатысты хабарландырулар
нәсілшілдік, жаңа технология, феминизм, экология, т.б. тақырыптарда да жазамын. кейде жеке ой/өмір/сезімдерім жайлы.
Кері байланыс үшін: @orazay

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-02-21 11:29:58
Бәлкім тым біржақты көріп жүрмін. Бәлкім шынымен біздің қоғамдағы проблеманы байқап жүрмін. Бұны нақты білу үшін жүйелі зерттеу керек-ақ, дегенмен асқан сақтықпен тұжырымымды жаза кетсем. Біздің қоғам әйел саясаткер мен әйел журналистердің фейліне қатты шүйлігіп…
111 viewsorazay kydyrbayev, 08:29
Ашу / Түсініктеме
2022-02-20 20:07:15 Бәлкім тым біржақты көріп жүрмін. Бәлкім шынымен біздің қоғамдағы проблеманы байқап жүрмін. Бұны нақты білу үшін жүйелі зерттеу керек-ақ, дегенмен асқан сақтықпен тұжырымымды жаза кетсем.

Біздің қоғам әйел саясаткер мен әйел журналистердің фейліне қатты шүйлігіп, тым ауыр айыптайтындай көрінеді.

Мысалы, Қызылорда облысы әкімі мен Алматы облысы әкімдері қызмет мансабы, іскерлігі тұрғысынан маған бірдей көрінеді. Ал бірақ Қызылорда облысы әкімін сынға алатын пікірлерді жиі байқаймын.

Тоқаев қаңтардан кейін екі журналиске сұхбат берді. Екеуі де әйел журналист. Екі сұхбатта да кәсібилік тұрғысынан өте үлкен проблема бар. Бұны жасырмаймын. Десек те, бұл сұхбаттарды кәсібилік тұрғысынан сынайтын жазбалармен қатар, журналистердің киім мәнерін, түр-келбетін сынап, жеке басын айыптайтын жазбаларды байқадым.

Мысалы, Ұлттық арнадағы Нартай Аралбайұлы мен Нұрбек Бекбаудың жұмыстарында анағұрлым көп проблема бар. Ал олардың жоғарыдағы екі әйел журналист сияқты жиі әрі ауыр сыналғанын байқамадым.
66 viewsorazay kydyrbayev, 17:07
Ашу / Түсініктеме
2022-02-20 15:36:49
Скоро. 163 журналиста, 48 медиа, 39 стран. @vlastkz стала частью глобального расследования, основанного на утечке данных из одного из крупнейших банков Швейцарии #SuisseSecrets
78 viewsorazay kydyrbayev, 12:36
Ашу / Түсініктеме
2022-02-19 19:17:40 Тараз қаласында шығатын «Арай» газетінің бас редакторы Біржан Сартбекке ерекше риза боп отырмын. Ол газеттің меншік иесі қала әкімі туралы сыни мақала бар нөмірді баспаға жібермей қойғаны жұмыстан кеткелі жатыр екен.

Аймақтарда медиаорта тым тар, жұмыс та, басқа мүмкіндік те аз. Соған қарамастан осындай шешім қабылдап отырған әріптеске ризамын. Тілектеспін. Фейсбуктегі жазбасын осында көшіріп басайын.

Біржан Сартбектің жазғаны:

Құрметті облыс тұрғындары, «AR-AI» газетінің оқырмандары!

Бүгін сонау 2005 жылы оқырманға жол тартып, облыс жастарының жанашырына, үнпарағына айналған «AR-AI» газеті өз тарихында бірінші рет жарық көрмей қалды.

Арымның алдында ұятты болмау үшін осы постты жариялауды жөн көрдім.

Айтуға, ақталуға ыңғайсыз себептермен.

Газеттің бүгінгі, яғни 19 ақпан күні шығуы тиіс санында «Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың назарына!» атты айдармен «Шөлдалада жағымды жаңалық емес, жаназа көбейді» деген сын мақала басылу керек болған. Бұл мақала шөлдалалық тұрғындардың өтініші, шақыртуы негізінде дайындалған болатын.
Өйткені тұрғын алқаптың дәл іргесінен ағып жатқан үлкен канал соңғы жылдары ажал ағынына айналып кеткен. Суға түсіп, қайтыс болғандар да аз емес көрінеді. Жуырда ғана бір келіншек құбыр үстімен өтемін деп, суға кетіп ажал құшыпты.
Міне осындай бүтін бір елді мекен тұрғындарының тағдыры, билікке деген базынасы баяндалған мақаланың жарыққа шығуын газеттің меншік иесі «Aulieata-media» ЖСШ бас директоры Нұрбек Бекен тоқтатып тұр. Газет макеті кеше түнде баспаханаға жіберілген, бірақ директор баспаханаға хабарласып жарыққа шығармай отыр.
Өйткені басты мақсат қала әкімінің жаман атын шығармау.
Қала әкімінің ықпалы жүріп, айтқаны болатын мұндай облыстық баспасөз ұжымында мен бұдан былай жұмыс істей алмаймын.

Бас редакторлық қызметімді өткізіп беремін. Өйткені оқырманға не деп ақталамын.

Жұрт «Еститін Үкімет» боламыз деп жүргенде қала әкімінің имиджіне жұмыс істейтін облыстық ұжымның мына тірлігіне не айтуға болады?

Құрметті шөлдалалықтар!
Сіздердің базыналарыңызды билікке жеткізуі тиіс проблемалық мақала жарияланатын бүгінгі санның баспаханадан басылмау себебінің ұзын-ырғасы осындай.

Құрметті шөлдалалықтар! Мен сіздерден кешірім сұраймын және сіздер жағында екенімді қоса ескертемін!

Журналистік принципіме жүгініп, мен мұндай жағдайда жұмыс істей алмайтынымды мәлімдеймін! Және ар ұятымның алдында бәріңізден басымды иіп кешірім сұраймын!

Журналистік антына адал болған менің орынбасырым Жасұлан Сейілхан мен жауапты хатшы Шолпан Бөгенбаеваға үлкен алғыс білдіремін.
20 viewsorazay kydyrbayev, 16:17
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 20:35:46 Біздің командаға қазақ редакторы қажет!

Сізден бізге не керек?

— Журналистикалық мақала жаза, өңдей білу; БАҚ-та істеп жүргендерге басымдық береміз.
— Адам құқығы, саясат, заңнама мен әлеумет проблемаларынан хабардар болу;
— Жаңа тәжірибеге деген құштарлық;
— Сыни ойлай, ақпарат іздей және тексере білу;
— Мықты сауат, калькадан аулақ болу — «бөлісу» сөзін дұрыс қолдану .

Бізде редактор не істейді?

— Мақала, жаңалықтар мен кішігірім материалдар (мысалы «Сұрақ-жауап», «Сөздік») жазады;
— Тақырыптар ойлап табады;
— Авторлардың мәтіндерін тексереді;
— Сайтқа салынған мәтінді өңдеп, әлжеліге пост қылып шығарады;
— Кейіпкерлер мен сарапшылардан сұхбат алады.

Ал біз сізге не ұсына аламыз?

— Жұмыс кеңседе, дүйсенбіден жұмаға, сағат таңғы 10-нан кешкі 7-ге дейін. Үзіліске бір сағат беріледі;
— Жалақыны уақытылы төлейміз (мөлшерін сұхбаттасқаннан кейін айтамыз);
— Цензура, иерархия мен бюрократиядан аулақпыз, команда жалғызсыратпайды, әрқашан қол ұшын береді;
— Анда-санда бас редактордың орнына отыруға болады

Бізге келгісі келетіндер:

— masa.media сайтын жақсылап көріп шығыңыз. Қандай форматта не жазғанымызды оқыңыз. Сосын 2–3 мақала тақырыбын ойлап табыңыз.

Оларды және түйіндеме мен бізде не үшін істегіңіз келетіні туралы кішігірім хатты editorq@masa.media поштасына жіберіңіз. Хатқа masa редакторы деп тақырып қойыңыз.

Іші толық емес, мысалы, түйіндемесі, тақырыптар жоқ хаттарды қарастырмаймыз.

Іріктелген үміткерлерге тест тапсырма береміз.
35 viewsorazay kydyrbayev, 17:35
Ашу / Түсініктеме
2022-02-18 20:35:46 Өзім тапсырып көрсем бе
47 viewsorazay kydyrbayev, 17:35
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 10:55:33 Тоқаев қаңтар қырғыны жайлы түсініктеме беруге шынымен дайын болса, шынымен реформатор болса, бірнеше медианың журналисіне (ол жерде тәуелсіз барынша бейтарап медиа журналистері де болуы керек) ашық түрде тікелей эфирде сұхбат беріп көрсінші.
80 viewsorazay kydyrbayev, 07:55
Ашу / Түсініктеме
2022-02-17 10:50:17 Қырғызстандық Kloop Media-ның құрушысы Бектұр Искендер медианың байбалам сала хабарлауы жайлы қызық ой бөлісіпті: Сегодня 16 февраля 2022 года. Эскалации восьмилетней войны России против Украины не произошло, хотя именно эту дату западные СМИ называли датой…
91 viewsorazay kydyrbayev, 07:50
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 13:13:05 Қаңтар оқиғасы кезінде батыс медиасы Қазақстанда шын мәнінде не болғанын білместен хабарлады деп ойлағам бір ай бұрын, қазір қарасам, анағұрлым шынайы хабар таратқан сияқты
52 viewsorazay kydyrbayev, 10:13
Ашу / Түсініктеме
2022-02-16 13:10:43 Қырғызстандық Kloop Media-ның құрушысы Бектұр Искендер медианың байбалам сала хабарлауы жайлы қызық ой бөлісіпті:

Сегодня 16 февраля 2022 года. Эскалации восьмилетней войны России против Украины не произошло, хотя именно эту дату западные СМИ называли датой вторжения.

Многие в моей ленте немного смеются, что западные СМИ раздули панику и слишком много нагнетали.

Западные СМИ сложно обобщить, они там разные очень, и какие-то из них, конечно, выпускали некачественный контент про Украину. Но я вспомнил историю про Кыргызстан, и я хочу, чтобы вы её прочитали.

В мае 2010 года, вскоре после нашей второй революции, стало очевидно, что в Кыргызстане нарастает напряжение между этническими кыргызами и этническими узбеками. Узбеки — вторая по численности этническая группа в стране, конфликты на этнической почве уже до этого бывали, и понятно было, что последствия нового конфликта могут быть ужасающими.

И знаете, что сделали тогда многие кыргызские СМИ? Решили «не нагнетать обстановку». Я помню, как мы собирались где-то и решили, что мы не будем акцентировать внимание на этническом характере противостояний на юге (там просто была ещё политическая плоскость), потому что мол если мы сейчас начнём рассказывать, что присутствует этнический компонент, то случится резня.

А что случилось через месяц? Правильно, случилась дичайшая резня в Оше и Джалал-Абаде, именно на этнической почве. Она была очень внезапной, унесла сотни жизней, и это вообще самая травматичная история независимого Кыргызстана. Наше молчание вообще никак не предотвратило конфликт!

И потом я часто думал: наоборот, нам надо было кричать на всю страну и на весь мир в мае 2010 года, что на юге Кыргызстана нарастает этническое напряжение. Возможно, это как раз таки предотвратило бы конфликт и потерянные жизни.

Да, пожалуй, СМИ выглядели бы слегка идиотами, и про нас говорили бы, что мы нагнетали на пустом месте, ведь конфликта же не случилось. Но я, как со-основатель СМИ, готов был бы получить клеймо идиота-паникера, если бы это спасло нашу страну от всего того ужаса, который ей пришлось пережить.

Писать о грядущей опасности — это одна из важнейших миссий журналистов, и это непросто, потому что приходится писать в будущем времени о событиях, которые ещё не случились. И зачастую, благодаря публикациям в СМИ, эти события и не случаются.

Россия, возможно, решила пока открыто не вторгаться в Украину именно из-за того, что все вот так стали сливать их планы и называть какие-то конкретные даты.

И за Россией нужно следить дальше, разумеется, потому что российское государство не перестало быть злом. Оно, может быть, захочет совершить внезапное нападение по тому сценарию, о котором СМИ заранее не напишут.

Так что давайте писать.
59 viewsorazay kydyrbayev, 10:10
Ашу / Түсініктеме