Get Mystery Box with random crypto!

about media in kazakh

Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh A
Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh
Арна мекенжайы: @mediainkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 409
Арнадан сипаттама

медиа, билік, идеология, пропаганда және этика
журналистикаға қатысты хабарландырулар
нәсілшілдік, жаңа технология, феминизм, экология, т.б. тақырыптарда да жазамын. кейде жеке ой/өмір/сезімдерім жайлы.
Кері байланыс үшін: @orazay

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 18

2021-03-07 21:21:19
Qazaqstan ұлттық арнасы "көктемнің шуақты мерекесімен" құттықтап, мынадай вижуал дайындапты. Әдеттегідей түрлі түсті гүл, (күнделікті өмірде ешкім кимейтін) ұлттық киімдегі қыз. Ең болмаса әйел адамның фотографиясын емес, ойдан шығарылған суретін салыпты. Бұл көрініс қаншалықты шындыққа жанаспаса, мемлекеттік арнаның ұсынып жатқан әйел бейнесі - соншалықты өтірік.

Бүгін осы арнаның бағдарламасында осы арнаның танымал жүргізушісі күйеу әңгіртаяғына төзіп жүрген әйелдерді мақтап, нағыз парасатты әйелдің сондай болуы керек екенін дәріптеген видеосын көрдім.

Ал ұлттық арнадан әйел адамдардың құқығы жайлы, зомбылықты айыптау жайлы, зорлықшыларды әділ жауапқа тартуға шақыру жайлы ештеңе көрмедім.

Халықтың ақшасына қаржыланатын, мемлекет иелік ететін телеарнадан мұндайды көрген сайын көңілім құлазиды.
521 viewsOrazay Kydyrbayev, 18:21
Ашу / Түсініктеме
2021-03-04 08:09:34 араға 4 жыл салып, "Жанболат Мамай" кілтсөзімен қайтадан іздеп көрдім.

Azattyq.org сайтында - 457 материал.
Tengrinews.kz сайтында - 6 материал.

"Бәлкім Tengrinews сайтының ішкі іздеу жүйесі дұрыс емес шығар"- деп, "Оразай" кілтсөзімен де іздеп көрдім. Былтыр феминистер маршына қатысушы ретінде пікір білдіріп, есімім осы порталға жарияланған болатын. Егер маған қатысты жаңалық шықпаса, проблема - іздеу жүйесінде болуы керек. Бірақ, вуаля, 3 материал табылды, оның ішінде мен қатысқан былтырғы феминистер маршы да бар. Демек, Жанболат Мамайдың сайттан шықпауы - техникалық емес, саяси ақау және ол 4 жыл ішінде еш жөнделмеген.
1.6K viewsOrazay Kydyrbayev, 05:09
Ашу / Түсініктеме
2021-03-04 08:02:15 4 жыл бұрын былай деппін, осы уақыт ішінде ақау жөнделіп пе, тексерейік.
405 viewsOrazay Kydyrbayev, 05:02
Ашу / Түсініктеме
2021-03-03 06:41:55
"Нацистер коммунистерді ұстағанда, мен үндемедім: себебі комунист емес едім.
Олар социал-демократтарды қамағанда, мен үндемедім: себебі социал-демократ емес едім.
Олар кәсіподақ мүшелерін қудалағанда, мен үндемедім: себебі кәсіподақ мүшесі емес едім.
Олар маған келгенде, мені қорғайтын, мен үшін тұрып беретін ешкім болмады"

Бұл неміс пасторы Мартин Нимёллердің фашизмге қарсы үнсіз қалудың зардабын түсіндіретін танымал сөзінен үзінді.

Міне, күштік құрылымдар енді тіпті Нұр Медиа холдингінің журналистерін соққының астына алатын болыпты. Елде әлдебір журналиске қысым жасалып жатса, "ол журналист менің саяси көзқарасымдағы журналист емес, маған қатысы жоқ"- деп, үнсіз қалуға болмайды.
375 viewsOrazay Kydyrbayev, 03:41
Ашу / Түсініктеме
2021-02-28 13:05:29 Ахахах, жақында Ресейдің ТНТ арнасындағы "Однажды в России" скетч-шоуы Кремльдің бас пропагандистері Соловьев пен Киселевке пародия жасапты. Кейін ол пародияны YouTube парақшасынан, Premier онлайн-кинотеатрынан да өшіріп тастаған. Алайда өшірілген видеоның көшірмелері желіні кезіп жүр:



Біздегі мемлекеттік медиа пропагандистеріне де пародия жасау қажет еді, тіпті сценарий мен бірнеше кейіпкердің тізімін дайындап қойдым

Update. Молдияр ағайым видеоның әлдеқайда сапалы нұсқасын жіберіпті, сілтемесі міне: https://kazanfirst.ru/news/541047
356 viewsOrazay Kydyrbayev, edited  10:05
Ашу / Түсініктеме
2021-02-27 18:24:23 Бүгін Алматы кофеханаларының бірінде керемет жанмен кездесіп, үйге мол шабытпен кіріп отырмын. Телеграм-каналым тоқтап қалғанын айтқан еді, енді сол сөзін қаперге алып, бұл алаңды қайта қолға алмақпын. Оның үстіне, бірнеше ай бұрын ресми инста-парақшамды өшіргенде құрметті жазылмандарымды осы жерге шақырған болатынмын

Әзірше не жазарымды білмей отырмын. Негізі медиа теориялары, Қазақстан медиасы, журналистика проблемалары жайлы жазғым келеді.

Ойларым жүйеленгенше, мынаны оқи отырыңыз: https://kk.internews.kz/2021/02/balmuzdaq-plus-stereotipterdi-eritetin-zhoba/

Естеріңізде ме, былтыр біздің бірнеше студент Internews конкурсын жеңіп алғанын осы жерге қуана хабарлаған болатынмын. Араға бір жыл салып, сол студенттер тәжірибелі медиа мамандарынан еш кем емес екенін дәлелдеп мынадай сұқбат беріпті. Бұл жобаға еш қатысым болмаса да, алғашқы жолдарда өз есімімді көріп ұялып отырмын
333 viewsOrazay Kydyrbayev, edited  15:24
Ашу / Түсініктеме
2021-01-15 09:47:04 Лучшие журналистские расследования на русском и украинском в 2020 году: Выбор редактора GIJN

В нашем обзоре:

LIGA.net c расследованием о темной стороне популярного во всем мире мессенджера Телеграм и интересным журналистским экспериментом.

Уральская неделя с документальным фильмом об экологических и социальных последствиях нефтедобычи в Казахстане.

Важные истории c cерией статей и фильмом о мусорном рынке России, стоимость которого исчисляется миллиардами долларов.

Схеми: корупція в деталях - RFERL рассказывают о многомиллионном бизнесе украинского политика в обход санкций США и отслеживают маршруты танкеров.

Азаттық радиосы, Kloop, Bellingcat, OCCRP раскрывают сеть контрабанды, а также богатство и политическое влияние таможенной империи в Кыргызстане.

Проект. на основе свидетельств заключенных и правозащитников, а также анализа судебных приговоров доказывает, что проблема пыток в российских тюрьмах и колониях не решается.

Медиазона систематизирует и визуализирует данные о травмах, чтобы раскрыть несоразмерность реакции полиции и жестокость в подавлении мирных протестов в столице Беларуси, Минске.

RISE Moldova и Центр «Досье» изучают влияние путинского Кремля на экс-президента Молдовы Игоря Додона и других молдавских политиков.

The Insider Russia, Bellingcat, CNN и DER SPIEGEL раскрывают роль ФСБ в отравлении Навального «Новичком».

Советуем почитать эти расследования в оригинале и взять на вооружение темы, методы и инструменты их авторов.

А какие расследовательские истории года вы добавили бы к этому списку
376 viewsOrazay Kydyrbayev, 06:47
Ашу / Түсініктеме
2021-01-15 09:47:04 Уральская Неделя газетінің редакторы Лұқпан Ахмедияров былай дейді:

"Круто! Нет, не то чтобы я страдаю ложной скромностью, но я и подумать не мог, что наш фильм "По ту сторону нефти" будет стоять в одном ряду с расследованиями таких крутых чуваков, как Радио Азаттык, Билингкат, Си Эн Эн, Медиазона, Клоп.
А ведь все началось с того, что мы сидели с Раулем Упоровым и Сергеем Солянником в какой-то глуши под Кенкияком, пили вино у костра и тут Рауль говорит:
"А почему бы нам не снять из этого фильм?!"
"Смеешься что ли? У нас все, что мы снимали это записи со смартфона"
"Ну и что! Так и напишем, что документальный фильм сделан на камнях и палках".
Потом, спустя год, после того разговора, когда уже смонтировали фильм, было много сомнений - и звук хреновый и света нет и комментария другой стороны нет.
И вот вчера мне Тамара Еслямова скидывает сообщение GIJN, которые включили наш фильм в свой список самых лучших расследований."
306 viewsOrazay Kydyrbayev, 06:47
Ашу / Түсініктеме
2020-12-16 07:47:23 16.12.1986
16.12.2011
Ұмытпаймыз.
Кешірмейміз.
402 viewsOrazay Kydyrbayev, 04:47
Ашу / Түсініктеме