Get Mystery Box with random crypto!

about media in kazakh

Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh A
Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh
Арна мекенжайы: @mediainkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 409
Арнадан сипаттама

медиа, билік, идеология, пропаганда және этика
журналистикаға қатысты хабарландырулар
нәсілшілдік, жаңа технология, феминизм, экология, т.б. тақырыптарда да жазамын. кейде жеке ой/өмір/сезімдерім жайлы.
Кері байланыс үшін: @orazay

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 5

2022-02-28 11:29:28 Казахстанский телевизионный и интернет-провайдер «Ремстройсервис» из Шахтинска отключил все российские каналы в знак протеста против вторжения в Украину.

В своем телеграме провайдер сообщил, что выступает против войны и ее пропаганды. Поэтому для всех абонентов в Шахтинске по российским телеканалам будет временно включено вещание казахстанского государственного медиа «Хабар 24».
93 viewso k, 08:29
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 19:58:21
Әйелдердің жанайқайын, тіл мен табиғаттың күрсінісін, кішкентай адамның күйзелісін көретін көз, еститін мемлекет бар ма?

осылардан әбден шаршағанда..

..кезерiп ернiң кетеді,
жасың да құрғап,
етіңді сылып алғандай мүжіліп төзім,
Ғарышқа кеткің келеді

бір уақ.

кеттік, бәрін тастап Ғарышқа!

Астаналық достарым Алматыға келіп заманауи өнер кешін ұйымдастырып жатыр. Баршаңызды қатысуға шақырамын.

Кеш жайлы толығырақ ақпарат tauelxiz инста-парақшасында: https://instagram.com/tauelxsiz?utm_medium=copy_link
75 viewsorazay kydyrbayev, 16:58
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 14:43:08 Қазір медиа кеңістікте Украина мен Ресейдің шекаралас аймақтарына қатысты көп сурет пен видео тарайды. Фото мен видеоларды қалай іздеу және тексеру керек екенін еске саламыз:

Ақпарат жинау — видео / Твиттередегі геоіздеу — видео

Фото тексеруге арналған сенімді құралдар — RevEye, Forensically / Мануал 1 / Мануал 2 / Скринкаст работы инструментов

Видео тексеру — inVid / Мануал / Скринкаст

Фото және видео геолакациясы(карта және спутниктармен жұмыс істеу) — Мануал

Ақпарат іздеу және тексеру құралдарын қолдану бойынша бейне нұсқаулықтар
72 viewsorazay kydyrbayev, 11:43
Ашу / Түсініктеме
2022-02-24 11:59:19 Поскольку пассивное наблюдение за хроникой катастрофы невыносимо, душа требует немедленного действия. Но помните вот что:

1. Несмотря на иллюзию обилия информации, на самом деле никаких внятных сведений ни у кого из нас нет. На войне первая жертва - правда, а у нас с ней и в относительно мирное время было не очень. Понятно стремление выстроить для себя связную картину происходящего, но одно из свойств разума - осознавать свои ограничения. Сейчас лучше знать, как Сократ, что ты ничего не знаешь. Общая рамка большой беды ясна, а внутри неё - туман войны.

2. В оглушительной тишине первоначального ужаса более всего заметны люди и/или боты поддерживающие или радующиеся происходящему. Из этого создается ложная картина общего мнения - а дальше спираль молчания, и ложная картина подтверждает сама себя. Не составляйте мнения об окружающих на основании чьих бы то ни было реплик. Страх испытывают все, но выражается он у людей по-разному: покричать ура - тоже способ справиться со страхом. Мы в долгом коридоре исторического несчастья, общественные настроения зыбки и переменятся ещё не раз. Всякая война, как известно, популярна первые тридцать дней. Крымская эйфория продержалась почти три года - сейчас не 2014 год и экономически, и с точки зрения общественных настроений.

3. И да, соцсетей может скоро не стать, так что, пока есть возможность, пишите. Приложений в телефонах тоже может поуменьшиться. Причем отключать будут с двух сторон - изнутри и снаружи, охранительно и санкционно. Впрочем, это мелочи на общем фоне. Но помните также, что в такое мутное время оживляются всякие мошенники: от звонящих "из военкомата" и "от следователя" до самозванных спасителей ваших рублевых и долларовых счетов.

4. Исходя из предыдущего, не принимайте решение из точки паники. Оно всегда будет неверным. Счастлив имеющий неотменяемые обязанности - а таковые есть у каждого взрослого. Если вы считаете свою работу полезной для людей - не бросайте её. Прежняя жизнь отошла, наступает новая - она беднее, опаснее и ограниченней, но это не причина менять свои принципы. Добро и зло не меняются местами от перемены наших личных обстоятельств. Fais ce que dois, advienne, que pourra. Делай, что должен, и будь, что будет.
44 viewsorazay kydyrbayev, 08:59
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 22:42:47
Кейбір жазылманым реакция қалдырып, негізгі идеямды басқа жаққа бұрып жатыр. Сондықтан бұдан былай кейбір эмоджи түріне тыйым саламын Мақсатым ABC-ді қылу емес еді.

Бұл арна салалық журналистикада маңызды іс атқарып, инклюзив болуға ұмтылыс жасап жатқанына куәмін. Бірер апта бұрын тікелей эфирге шақырып, пікір білдіруге мүмкіндік берген еді. Медианың тікелей эфирде хабар таратып, пікірталас ұйымдастыруы демократия үшін өте маңызды.

Соғыс адам өмірін жалмайды, оны ешқандай жолмен ақтай алмаймыз. Шынымды айтсам, ABC-дің жоғарыдағы материалын толық қарамадым да. Бірақ түсіндірме мәтін соғыстың Қазақстанға пайда әкелуі мүмкін екенін жазып отыр. Бұл қантөгісті ақтайтын ойларға жетелейді. Ал журналистика ешқашан еш жағдайда қантөгісті ақтауға мүмкіндік бермеуі тиіс деп есептеймін.

Әлдебір басылымды сынасам, ол басылымды жек көргенімнен емес, оның кемшілігі түзелгенін қалағанымнан сынаймын. Әріптестерім мені дұрыс түсініп, лайық шешім қабылдар деп үміттенем. Күйретуші емес, түзетуші сын жасағым келеді
76 viewsorazay kydyrbayev, edited  19:42
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 21:06:36
Соғыстың артында қанша трагедия бар екенін бұл арнаның журналистері білмей ме? Соғыстан қалай пайда табамыз деп контент жасағаны өте ұят болыпты. Сөзім жоқ.
100 viewsorazay kydyrbayev, 18:06
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 13:03:06 Бір сағаттан кейін, алматы уақтымен 17:00-де

Құрметті журналистер! «Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі журналистердің қауіпсіздігіне арналған онлайн вебинарлар сериясын жалғастырады. Біз сарапшылардан пайдалы ақпараттарды жинап, сіздерді еуропалық әріптестермен және олардың тәжірибесімен таныстырамыз.

22 ақпан, сағат 17.00-де екі сарапшы қонақ болады:

· Кристофер Бут (Christopher Booth) – мультимедиа өнімдерін жасау саласында 30 жылға жуық тәжірибесі бар маман. Он жыл бұрынғы КСРО аймағында қызмет еткен, APTN, Sky, NBC және BBC-де жұмыс істеген. ВВС-дің Мәскеу бюросының жетекшісі болып, кейін Бағдатта дәл осы қызметті атқарған, сонымен бірге ВВС Дүниежүзілік қызметінің жаңалықтар бөлімінде жетекші қызметте болған.

Ол 1993 жылғы Мәскеудегі конституцияға байланысты дағдарысты, Шешенстан, Косово, Ауғанстан мен Ирактағы соғысты, Украина мен Грузиядағы төңкерісті және Беслан апатын жариялаған. Содан кейін Крис Еуропа қайта құру және даму банкі директорының коммуникация жөніндегі көмекшісі болып, видео және фото түсірілімдерге жауап берген. Кейін БАҚ қызметкерлерін оқытумен және контент жасаумен айналысатын жеке компаниясын ашқан.

Тақырып: Қиын жағдайға дайын болу: қаладағы кикілжің кезінде тиімді және қауіпсіз жұмыс істеу

· Диана Окремова – көп жылдық тәжірибесі бар журналист («Наша газета», «Взгляд»). Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. «Құқықтық медиа орталық» – 2003 жылдан бері масс-медиа саласында жұмыс істеп келе жатқан, журналистерді оқытумен айналысатын қазақстандық үкіметтік емес ұйым. Осы уақыт ішінде ұйым құқықтық ортаны жақсарту және Қазақстан журналистерін қорғау бағытында жүзге жуық жоба, семинар, тренинг өткізген.

Тақырып: «Жаппай тәртіпсіздік, митинг пен қақтығыс кезінде ақпарат таратудың этикалық нормалары»

Іс-шара онлайн режимде ZOOM платформасында болады.

Сіздерді 2022 жылғы 22 ақпан күні, Алматы уақытымен 17.00-де күтеміз.

Zoom конференцияға қосылу сілтемесі:

https://internews.zoom.us/j/87820474402?pwd=bDFMdFJEYmdNR1N1dFRpYldnQ0ZsZz09



Конференция идентификаторы: 878 2047 4402

Кіру коды: 121783
67 viewsorazay kydyrbayev, 10:03
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 09:24:07
Дәл осы күні, осыдан 57 жыл бұрын рухани көсем, АҚШ-тағы қара нәсілділер құқығын қорғаушы Малкольм Икске қастандық жасалған.

Өмір жолы мен көзқарастары қайшылыққа толы болса да (өмірінің соңғы жылдарында жаңсақ ұстанымдарынан бас тартқан), Малкольм Икс әлемдегі ең ықпалды қаранәсілділердің бірі ретінде тарихқа енді.

Малкольм Икстің мынадай сөзі бар екен: If you are not careful, the newspapers will have you hating the people who are being oppressed, and loving the people who are being oppressing - Абайламасаңыз, газеттер азапталып жатқан адамдарды жек көргізіп, азаптап жатқан адамдарды сүйгізіп жібереді.
32 viewsorazay kydyrbayev, edited  06:24
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 16:22:18 Президенттің баспасөз хатшысы тәуелсіз медиа жариялаған ақпаратты бұрмалап эмоционал пост жазды. Ең қызығы, көп адам ол ақпаратты тексерместен, тіпті қай жерге жарияланғанын тергеместен, бірден қолдай жөнелді: "ойбай Тоқаевқа жала жауып жатыр, оған ақпараттық шабуыл жасап жатыр. Біз ондай хабарларға сенбейміз, бла-бла-бла"

Жаңа Vласть баспа үйінің директоры В. Абрамовтың туитін оқыдым. Оның айтуынша, мұндай әлемдік көлемдегі ірі журналистік тергеу айлар бойы жүргізіледі және ол қаңтар оқиғасына қатысты реакция емес.

Мен мынаны айтайын, қазіргі сәтте Тоқаев сіздің қолдауыңызға мұқтаж емес. Рас, қаңтардың алғашқы апталарында лидер ретінде көрінген жалғыз саяси тұлға сол болғандықтан, қоғам тыныштығын қамтамасыз ету үшін оны қолдауымыз керек еді. Бірақ дәл қазір оның қолында Назарбаевтан мұраға қалған қуатты әрі орныққан президент билігі бар, оған қызмет ететін авторитар жүйе бар.

Біздің Тоқаевқа жасайтын ең керемет қолдауымыз - оны көзсіз қолдап, мақтай беру емес, керісінше, оның келесі назарбаевқа айналуына мүмкіндік бермеуіміз шығар, бәлкім. Бұл үшін жасай алатын бірден бір әрекетіміз - оның кемшіліктерін ашып көрсету, сынға алу, билікті асыра пайдалануына жол бермеу.
78 viewsorazay kydyrbayev, 13:22
Ашу / Түсініктеме
2022-02-21 12:16:07
Біріншіден, Vласть басылымында алғаш болып жарияланған мақала президент Тоқаевтың шетелде есепшоты, жылжымайтынын мүлігі, бизнесі бар екенін айтпаған. Оның жұбайының да бизнесі, есепшоты бар деп айтпаған.

Берік Уәли мырзаның мына мәлімдемесі манипуляция көрініп тұр. Берік Уәлиге үш сұрақ:

1. Президент Тоқаевтың ұлы 18-20 жастарында мұнай компаниясының ортақ қожайыны болған. Бұған жап-жас кезінде қалай қол жеткізіп жүр? Бұның сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев атқарған лауазымды қызметтермен байланысы бар ма?

2. Неліктен Тимур Тоқаевқа тиесілі жылжымайтын мүлік Ресей реестрінен өшірілді?

3. Неліктен Тимур Тоқаевтың есепшотындағы ақша кейін офшорлық компанияға аударылып, жасырылды?

Жоғарыдағы сұрақтарға жауап берсе деймін
97 viewsorazay kydyrbayev, 09:16
Ашу / Түсініктеме