Get Mystery Box with random crypto!

about media in kazakh

Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh A
Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh
Арна мекенжайы: @mediainkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 409
Арнадан сипаттама

медиа, билік, идеология, пропаганда және этика
журналистикаға қатысты хабарландырулар
нәсілшілдік, жаңа технология, феминизм, экология, т.б. тақырыптарда да жазамын. кейде жеке ой/өмір/сезімдерім жайлы.
Кері байланыс үшін: @orazay

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2022-05-30 08:47:19 Айтпақшы, достарым ArtKöshe деген тәуелсіз театр ашып, алғашқы қойылымы - SEN мюзиклін ұсынғалы жатыр. Бұл мюзикл - сенім, махаббат және медиа сауат жайлы. Қарапайым спектакль қою қандай қиын болса, мюзикл жасау тіпті қиын. Достарымның айлар бойғы еңбек нәтижесін көргіңіз келсе, сенбі-жексенбі Алматыда болсаңыз, мюзикл премьерасына келіңіз. Бұл мюзиклде жас актерлермен қатар, dudeontheguitar, Jeltoksan есімімен танылған әншілер де ойнайды. Билеттер мына жерде: https://ticketon.kz/place/artkoshe
798 viewsOrazay Kydyrbayev, 05:47
Ашу / Түсініктеме
2022-05-30 08:19:18 Алдыңгүні әнші, ақын, сазгер, журналист, медиа менеджер Мақпал Жұмабайдың QOLYŃDY BER әніне түсірілген бейнебаянның таныстырылымына бардым.

Екі күн өтсе де, алған әсерден әлі айыға алар емеспін. Бәлкім сол күнгі ғибратты ойларды қорытып болған соң, кеңірек жазармын. Әзірге Мақпалдың бейнебаянын қарай тұрыңыз:



Еліміздегі шешім қабылдау, басқару ісін (оның ішінде медиа саласы да бар) бір топ меншіктеп, монополиялап, өз "жүйесін" құрып алған, мойындау керек. Қалыптасқан "жүйені" іштен өзгертетінін мәлімдеп, сәлден кейін өзі сынға алған сол жүйенің ажырамас бөлшегі болып кеткен талай адамды көріп жүрміз. Мақпал іштен өзгертем деп популист ұран айтқанын көрмеппін, бірақ істері арқылы жағымды өзгерістерге жол ашып жүргенін байқаймыз. Осы үшін-ақ оны ерекше құрмет тұтамын.

Мақпалдың терең адам екенін білетінмін, бірақ бейнебаян тұсаукесер кешінен кейін, ойлағанымнан анағұрлым терең екенін түсіндім. Мұндай адам "Қолыңды бер" деп тіл қатса аудиториясына, ұсынған қолын кері қайтармауымыз керек.
96 viewsOrazay Kydyrbayev, edited  05:19
Ашу / Түсініктеме
2022-05-25 22:14:57
Salem Social саясатқа “араласпайтынын” айтады, бірақ кейінгі күндерде шығарған сериалының соңына президент Тоқаевтың цитатасын қояды
102 viewsOrazay Kydyrbayev, 19:14
Ашу / Түсініктеме
2022-05-23 08:28:00 Жазды пайдалы өткізудің бір әдісі - Ӧner Tili киносауат курсына қатысу.

11 дәрістен тұратын курсты кинотанушы, журналист, аудармашы, Лондондағы Мэри патшайым университетінің (Queen Mary University of London) докторанты, «Болашақ» стипендиясының түлегі Әсия Бағдәулетқызы жүргізеді.

Курс бағдарламасы өте мықты, мына жерден танысып, тіркеле аласыз: https://edu.oner.kz/cinema

өзім осы курстың үйлестірушісі болып жатырмын, яғни қатысушыларды тіркеу, зум конференцияға қосу-өшіру сияқты барып кел шауып кел жұмыстарды атқармақпын
417 viewsOrazay Kydyrbayev, 05:28
Ашу / Түсініктеме
2022-05-14 17:37:50
Тарихи тұлғалардың есімін пайдаланбауды заң бойынша реттеуге бола ма, жалпы мұндай реттеу қажет пе, шынымды айтар болсам, оны білмеймін

Facebook желісінде Қонаевтың есімімен аталатын, профиліне Қонаевтың портретін қойып алған парақшаның жазбалары алдымнан жиі шығып тұрады. Үнемі dalanews.kz сайтының жаңалықтарын бөліседі, соған қарағанда осы редакция ашқан парақша сияқты. Бұл парақшаның жазбаларына аудитория реакциясы өте жоғары.

Өзіме бір медианың тарихи тұлға есімін бұлай пайдалануы дұрыс көрінбейді. Жазбада автордың ойы - Қонаевтың ойы сияқты ұсынылған (бәлкім осы үшін де аудитория реакциясы жоғары шығар), кейде хэйтспич жазып жатады. Ал Қонаевтың ойы шын мәнінде осындай ма еді?

Медиа ұйымның тарихи тұлғаны рейтинг жинар құрал ретінде пайдаланып, оның бейнесін тауарға айналдыруын құптамаймын.
86 viewsOrazay Kydyrbayev, 14:37
Ашу / Түсініктеме
2022-05-04 09:45:48 Internews Орталық Азия медиасыншылар мектебіне қабылдау жүргізіп жатыр.

Іріктеуге қатысу үшін анкетаны толтыру керек. Дедлайн - 6 мамыр.

Онлайн форматтағы дәрістер мамыр-маусым айларында өтеді. Барлығы 9 сабақ.

Қатысқандарға сертификат беріледі және «Жаңа репортер» сайтының «Медиасын» бөліміне автор бола алады. Ал медиасын мақалалар жазса, қаламақы төленеді

Толығырақ мына жерде: https://kk.internews.kz/2022/04/ortaly-aziya-mediasynshylaryny-2022-zhyl-y-onlajn-sheberhanasyna-abyldau-bastaldy/
58 viewso k, 06:45
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 14:54:25
506 viewso k, 11:54
Ашу / Түсініктеме
2022-04-28 08:05:55 Адам құқықтары қорғалған, демократиялы, зайырлы, ауасы таза, балалары бақытты елде өмір сүргісі келетін әрбір адамның бұл күндердегі міндеті - Равкатты қорғау, Равкатқа қолдау көрсету деп білемін. Равкат жексенбі күні заңсыз митиң өткізді деген айыппен 15 тәулікке қамалды. Бірақ Равкат пен оның достары митиңдің заңға сай болғанын, “ұлы реформатор” билеушілеріміз қуана таныстырған әкімдікке ескерте отырып бейбіт жиын өткізу заңына сай болғанын айтады.

Равкат өте білімді жігіт. Қазақстанның болашағына бей-жай қарай алмайтын жігіт. Мұндай азаматтарымыздың қамалып отыруы - әділетсіз.

Қараңызшы Равкаттың бірнеше ай бұрынғы жазбасына: https://t.me/stakvar/175 Көпшілік президенттің әрбір жаңа мәлімдемесінен эфорияға шалдығып жатқанда, шынайы көріністі қалай байқай білген. Және 15 тәулікке қамауға алына отырып, сол кезде көрегенділікпен айтқанын дәлелдеп отыр.

Естеріңізде ме, осыдан дәл үш жыл бұрын, дәл осы сәуірде, дәл осы Алматыда “шындықтан қаша алмайсың” деген плакат үшін Бейбарыс пен Асяның заңсыз 15 тәулікке қамалғаны? Ұйқыдағы Қазақстан қоғамын сілкіп оятқан оқиға болып еді бұл. Арадан үш жыл өтті - Равкат қамауда, бірақ қоғамнан наразылық реакциясын байқай алмай отырмын.

Әлде осы үш жыл ішінде әділетсіздіктерге көніп, сүргіншіл авторитар жүйеге мойынсұнып кеттік пе?
28 viewso k, 05:05
Ашу / Түсініктеме
2022-04-25 12:48:46
Бұл хабар рас па, өтірік пе, оны білмеймін. Журналист бір ғана дереккөзге - аноним телеграм каналға сілтеме жасапты Есеп комитетіне хабарласып, ақпараттың рас-өтірігін сұрап көруге не кедергі?
69 viewso k, 09:48
Ашу / Түсініктеме
2022-04-23 15:45:25 24 Хабар арнасы митинг жайлы материал жариялапты. Бұрынғыға қарағанда прогресс байқалады. Бірақ митингіге жиналғандардың ең маңызды мотивін - бұл заң жобасы мемлекет бақылауын бұрынғыдан да арттыруынан қауіптенетінін еш түсіндірмепті: https://24.kz/ru/news/social/item/540450-miting-protiv-blokirovki-sotssetej-proshel-v-almaty
46 viewso k, edited  12:45
Ашу / Түсініктеме