Get Mystery Box with random crypto!

about media in kazakh

Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh A
Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh
Арна мекенжайы: @mediainkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 409
Арнадан сипаттама

медиа, билік, идеология, пропаганда және этика
журналистикаға қатысты хабарландырулар
нәсілшілдік, жаңа технология, феминизм, экология, т.б. тақырыптарда да жазамын. кейде жеке ой/өмір/сезімдерім жайлы.
Кері байланыс үшін: @orazay

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2022-01-19 13:20:45 Сейчас идет пресс-конференция Берлинале и они сообщили, что в этом году подали заявки на 50% больше фильмов, чем в прошлом, а отобрали при этом на 25% меньше фильмов.
круто.
81 viewsorazay kydyrbayev, 10:20
Ашу / Түсініктеме
2022-01-19 13:20:45 Әсем Жәпішева сценариін жазып, Баян Мақсатқызы продюсерлік жасап, Асқар Ұзабаевтың режиссерлігімен түсірілген фильм Берлиниалға өтіпті. Құттықтаймын
98 viewsorazay kydyrbayev, 10:20
Ашу / Түсініктеме
2022-01-19 12:58:37 Мемлекеттік сатып алулар бойынша “Ашық деректер мектебіне” өтінім қабылдау басталды. Мектеп 27-29 қаңтарда өтеді. Журналистер мен қоғамдық бірлестіктер қатыса алады.

Дедлайн: 25 қаңтар.

Ұйымдастырушы: Zertteu Research Institute

Толығырақ мына жерде
352 viewsorazay kydyrbayev, 09:58
Ашу / Түсініктеме
2022-01-18 22:32:00 Журналист Махамбет Әбжан әлі табылған жоқ

https://www.azattyq.org/a/31659131.html?fbclid=IwAR3n75xFfCr0Q6FeWnvDynGhJjcpb0AXzIxGWlwXOVyWkBiu88KdXGSTDQA
44 viewsorazay kydyrbayev, 19:32
Ашу / Түсініктеме
2022-01-18 17:30:17 Жаңа репортер сайтына жарнама туралы материал жаздым. Нақтырақ айтқанда, жаңалықтар бағдарламасындағы жарнама туралы. Негізі желтоқсанның соңында жазылған, ол кезде жыл қорытындыланып жатты да, актуал болмады. Сосын қаңтардың басында не болғанын бәріміз білеміз.

YouTube-тан шықпайтын інімнің жаттап алған тіркесі бар: подписывайтесь на канал, ставьте лайк и жмите колокольчик, рекомендуйте друзьям и знакомым

Қысқасы, түсіндіңіз ғой

Мақаланың сілтемесі мына жерде
103 viewsorazay kydyrbayev, 14:30
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 12:18:31 Оскорбляя матерной бранью, ударив по рукам, толкая и угрожая выбросить телефон со всем контентом на асфальт, они вынудили журналиста прекратить съемку.

Актау. Корреспондент радио Азаттык Санияш Тойкен, освещая митинг на площади Актау, заметила группу мужчин, отличающуюся от остальных участников протеста необычным поведением. Бородатые мужчины, около 15 человек, стояли в центре митингующих и вели себя чрезмерно агрессивно, выкрикивая призывы напасть на учреждение. Санияш, подойдя к группе, предупредила мужчин, что это попытка провокации, подобная той, что случилась 16 декабря 2011 года. Бородачи перекинулись на журналиста, обвиняя ее в работе на ДВК. Напуганная агрессивным поведением, журналист быстро отошла от них. Затем она видела, как протестующие рабочие вытеснили эту организованную группу из центра.

6 января
Алматы. Погиб водитель съемочной группы телеканала «Алматы» Муратхан Базарбаев, оператор специальной техники Диаскен Байтибаев ранен, пуля попала в правую руку, ему ампутировали два пальца на правой руке.
Генеральный директор телеканала «Алматы» Нуржан Жалаукызы рассказала, при каких обстоятельствах произошло нападение на съемочную группу:
«Они 6 января вечером выехали снимать видео на площади Республики. Сказали, что армия уже почистила площадь. И когда с проспекта Аль-Фараби на Фурманова повернули и начали спускаться вниз, они попали под обстрел».

7 января
Уральск. Журналист Лукпан Ахмедьяров арестован на 10 суток по обвинению в участии в несанкционированном митинге. Как сообщает брат журналиста Жанат Ахмедьяров, в суде Лукпан подробно пояснил, что пошел не участвовать в митинге, а освещать его, т.е. выполнял профессиональную работу. Когда среди демонстрантов начались призывы ломать и крушить административное здание, он не выдержал и как гражданин призвал участников митинга не поддаваться на провокации, что зафиксировано в его смартфоне. Суд не принял во внимание ни эти записи, ни показания свидетелей.

9 января
Актобе. В 23.00 полицейские, предъявив ордер, произвели обыск в квартире журналистки, фрилансера Orda.kz Акдар Ерубаевой, после чего забрали ее в областной департамент полиции. Там, по словам Ардак, ее допросили по поводу публикаций в социальных сетях и через два часа привезли домой, не наложив никаких ограничений.
76 viewsorazay kydyrbayev, 09:18
Ашу / Түсініктеме
2022-01-13 12:18:31 Журналист Күлтегін Аспанұлының 3 күн бұрынғы жазбасы, осы уақыттан бері қудаланған журналистер тізімі тағы бірнеше адамға арта түсті. Мысалы, журналист Махамбет Әбжанның қайда екенін ешкім білмейді. Соңғы рет бірер күн бұрын есігінің түбінде полицейлер тұрғаны белгілі еді:

Қазақстанда “шын журналистика” 4-ші билік бола алмайды, тек жәбірлену үшін жаралған сияқты

Өңірлердегі бейбіт наразылық жөнінде тексерілген-объективті ақпарат таратып жатқан ORDA Orda.kz және kaztag.kz сайттары бұғатталды;

Интернет өшірілді;

Бүлік басылғаннан кейін тек билікшіл ресурстар ғана интернетсіз істейтін тізімге енді, цензура емей немене;

Теледидардан ақпарат таратқан да мемлекеттен миллиардтар алатын арналар болды;

Бейбіт шеру мен бұлғақ кезінде БАҚ өкілдері зардап шекті, тіпті біреуі мерт болды;

Онымен қоймай, “Естуші мемлекет” құрам дейтін, көп демократ санайтын Тоқаев ел аузына қараған шақта “өзін еркін санайтын БАҚ өкілдері арандатуға атсалысты” деген сыңайда “биліктің құлағына” сес көрсетті;

Өңірлерде журналистер ұсталып, Ақтөбедегі әріптесімнің үйі тінтілді;

Төменде қиындыққа тап болған журналистердің дайджесі (тізімдеген “Әділ сөз” баспасөз еркіндігін қорғау ұйымының төрайымы Тамара Калеева):

Журналисты на акциях протеста. Хроника событий

4 января
В Нур-Султане задержан руководитель столичного бюро радио Азаттык Дархан Омирбек, когда он освещал протесты воле рынка «Асем». Журналиста отпустили без объяснения причин задержания через четыре с лишним часа после вмешательства адвоката.
В Алматы задержан руководитель бюро радио Азаттык Касым Аманжолов. Отпущен через полтора часа.
В Таразе задержана журналист газеты «Время» Айжан Ауелбекова, освещавшая несанкционированный митинг. Ее отвезли в районное отделение полиции, где продержали три часа. На вопрос, на каком основании ее задержали, она получила ответ: «Потому что вы являетесь участником митинга».

5 января
Алматы. Погромщики напали на офисы пяти телеканалов в Алматы, разграбили и сожгли редакции телеканалов «МИР», «Евразия». «Казахстан», «Хабар» и «КТК». Никто из сотрудников не пострадал.

Алматы. Журналисты Orda.kz Бек Байтас и Леонид Разумов получили легкие ранения, когда освещали нападение на здание акимата Алматы. Беку Бйтас попала в лицо светошумовая граната, Леониду Рассказову в спину резиновая пуля.

В целом журналисты отмечают корректное отношение к ним как протестующих, так и полицейских в ночь с 4 на 5 января. 5 января после обеда ситуация изменилась – демонстранты стали проявлять к журналистам агрессивность, из-за чего некоторые сняли с себя опознавательные жилеты «Пресса».

Алматы. Около 12.30 в Алматы на двух журналисток КазТАГа, освещавших события в районе улиц Толе би – Наурызбай батыра, напали молодые люди. Корреспонденты снимали, как те закидывают камнями полицейские машины. Демонстрантам это не понравилось, они пытались вырвать и сломать видеокамеру, грубо требовали «убраться». С помощью других демонстрантов журналисткам удалось сесть в свою машину и уехать.

Алматы. Около полудня фотокорреспондент «Vlast.kz» Алмаз Кайсар снимал движущуюся по Толе би в восточном направлении колону демонстрантов. Журналист был в жилете с надписью «ПРЕССА». Его сопровождали два человека из митингующих, которые обеспечивали его безопасность. Вскоре его окружили около шести агрессивно настроенных молодых людей с палками в масках. Они высказывали подозрения, что он работает на КНБ и хочет запечатлеть лица протестующих, чтобы потом привлечь их к ответственности. Фотографа сначала пытались защищать адекватные митингующие, но тех, кто был против съемок, становилось больше. В конце концов, у Кайсара вырвали из рук и разбили о землю смартфон. После этого Алмаз вынужден был снять жилетку с надписью «ПРЕССА» и продолжить работу инкогнито.

Атырау. Примерно в 16 часов во время съемок столкновений между протестующим населением и полицией к журналисту газеты «Ак Жайык» Фархату Абилову подошли агрессивно настроенные бородатые люди.
77 viewsorazay kydyrbayev, 09:18
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 17:25:58
Наш сайт Orda.kz заблокировали. Сбои начались два часа назад, постепенно сайт вообще перестал загружаться. Проверили вход через VPN - работает, проверили знакомые в России - работает. Значит, блок. Зачем? Мы давали только новости. Да, оперативно, подробно…
105 viewsorazay kydyrbayev, 14:25
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 15:56:17 Журналист Бэлла Орынбетованың жазбасы: Қиын күндер өтіп, болған жағдайды таразылауға мүмкіндік туды. Медиа, ақпарат саласында жүргендіктен тек осы жағына тоқталғым келеді. Қазақстан жыл сайын мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа бюджеттен елеулі қаражат жұмсайды.…
124 viewsorazay kydyrbayev, 12:56
Ашу / Түсініктеме
2022-01-12 15:20:27 Журналист Бэлла Орынбетованың жазбасы:

Қиын күндер өтіп, болған жағдайды таразылауға мүмкіндік туды. Медиа, ақпарат саласында жүргендіктен тек осы жағына тоқталғым келеді.

Қазақстан жыл сайын мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа бюджеттен елеулі қаражат жұмсайды.
2019 жылы мемтапсырысқа кемі 49 млрд теңге бөлінді (Ж. Маричеваның зерттеуі бойынша).
2021 жылы шамамен 53 млрд теңге (Азаттық радиосына министрлік тарапынан берілген ақпарат бойынша) . Нақты цифрды айту мүмкін емес, себебі ақпарат саласындағы мемлекеттік тапсырысты зерттеумен айналысатын «Құқықтық медиа орталық» тек 2018 жылғы деректерді жариялады. Одан кейін Ақпарат министрлігі бұл мәлімет көпшілікке жариялануға тиіс емес деп тапты.

Мәселе цифрде де емес былай қойғанда. Медиаға тапсырыста. Жыл сайын БАҚ редакцияларымен мемлекеттің (мемсатып алу порталындағы келісімшарттарға қарасақ, жергілікті атқарушы органдар мұны тікелей атқарушы биліктің деп түсінеді) жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында келісім шарттар жасайды. Ол шартқа қосымшада нақты қандай тақырыптарда материал жазылуы керегі көрсетіледі.

Мәселен, «Елбасы қызметіне қатысты ақпараттық қолдау және түсіндіру...», «Құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты ақпараттық қолдау және түсіндіру...», «Қазақстандық қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік моделіне қатысты ақпараттық қолдау және түсіндіру», «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы мәселелердің іске асуын ақпараттық қолдау және түсіндіру үшін.

Тіпті халықаралық дәрежедегі спорттық шаралардағы спортшыларымыздың жетістіктерін жариялау да мемтапсырыс ішінде. Спортшыларымыз жеңіске жетсе, ең оппозициялық медиаларымыздың өзі бөркін аспанға атып қуана жазады ғой. Ал бюджеттен қаншама ақша ешкім оқымайтын газет-журнал, теледидар, сайттарға кетіп жатады.

Кейде медиаға мемтапсырыстардың есебін тексеріп отырып, сол мақала жазылған сайт сілтемесін ашқан бірінші оқырман екеніңді көргеніңде не жыларыңды не күлеріңді білмейсің.
Жақсы, мемлекет ақша бөлмесе бәрі негативке толып кетер еді делік. Қоғам патриотизмнен, отанды сүю, ұлтқа қызмет ету идеалдарын ұмытар еді делік.

Оппозициялық, тәуелсіз медиа сондай құбыжық па еді? Кешегі жағдайға оралайық. Ақпараттық блокада жасалып, тек мемлекеттік медиа ашылғанда жұрт впн, прокси іздеп сол тәуелсіз медианы іздеп кетпеп пе еді? Ал тәуелсіз медиа не жазып еді сол кездері? Иә, бастапқыда сын, өкпе, реніш табы сезілетін материалдар болды. Бірақ сын сәтте ортақ идея мен мүддеге жұмылды емес пе? Адамдарды сабырға шақырып, басбұзарларды айыптап, қиындықпен бірге күресуге шақырмап па еді? Тіпті кешегі сенат отырысындағы трансляцияның өзін телеграмдағы тәуелсіз медиа бір сөзін қалдырмай жарыса жазып жатты. Негативтен гөрі позитив рең басым болды.

Жаңарған үкімет басшыларына ұсыныс, мүмкін мемтапсырысты азайтып, оған жұмсалатын қаражатты басқа мақсаттарға жұмсармыз? Жылда дәл осы уақытта БАҚ-пен келісімшарттар жасалады. БАҚ тұралап қалады, журналистика жойылады десе, онда санаулы, сапалысы қалсын-ақ. Тек әр контенттің біздің қалтамыздан жасалып жатқанын білейік. Бәрі айқын болсын. Тіпті пропаганда болса болсын, тек адамгершілік, білім пропагандасына алмасайық?

Қырғынды лаңкестер салғанымен мародерлікті жасаған, қаланы қиратқан өзіміздің адамдар ғой. Бұл жерде тіпті халықтың экономикалық жағдайы нашарлап кетті деп ақтаудың да жөні жоқ. Рухани жаңғыру емес, қарапайым адамгершілік қат бізде. Майкл Сендэлдің айтқаны бар еді: "Экономика, нарық өте жақсы. Бірақ нарықтық қатынас, нарықтық ой санаға айналғанда, білім, медицина, адами қарым-қатынас нарықтық сана стандарттарына сай өлшенгенде бұдан нарық та, қоғам да зиян шегеді" деп.

Президенттің, жергілікті атқарушы биліктің, айбынды полицияның, жасампаз ғалымдардың істерін насихаттаудың қажеті жоқ. Тапсырыспен. Өз қызметін адал атқарса онсыз да жазады. Сеніңіз. Ал билікті сынау норма дүние. Ең озық елдердің, ең көреген көсемдердің өздері сыналып жатады. Қайта мұның пайдалы жағы басымырақ.
142 viewsorazay kydyrbayev, edited  12:20
Ашу / Түсініктеме