Get Mystery Box with random crypto!

Мен Qazaqstan Ұлттық Телеарнасының тұрақты оқырманымын. Facebo | about media in kazakh

Мен Qazaqstan Ұлттық Телеарнасының тұрақты оқырманымын. Facebook парақшасындағы жазбаларын қалт жібермей оқып отырамын.

Бұл арна - мемлекет арнасы. Мемлекет арнасы - жалпы халықтың арнасы дегенді білдіреді, яғни сіз бен біздің арнамыз, сіз бен біздің салығымыздан қаржыланады. Осы мемлекеттің халқына бейтарап әрі шынайы хабар таратып, ақпаратқа мұқтаждығымызды өтейді.

Бұл арна - мемлекет арнасы. Президент Тоқаевтың жекеменшік арнасы емес, немесе бұрынғы Нұр Отан партиясының телеарнасы емес. Мемлекет арнасы. Нүкте.

Мемлекет арнасы президенттің немесе бұрынғы Нұр Отан партиясы мүшелерінің салығынан ғана қаржыланбайды. Ол бүкіл халықтың салығынан қаржыланады. Сондықтан да президент пен бұрынғы Нұр Отан партиясының ғана қызығушылығына емес, бүкіл халықтың қызығушылығына жұмыс істеуі керек. Арнаны қаржыландырып отырған әрі осы елдің азаматы болып табылатын түрлі адамның ой-көзқарасын ұсынуы керек. Олардың үнін жеткізетін алаңы болуы керек.

Өкінішке қарай мен телеарна контентінен мұны көре алмай отырмын.

Окей, рұқсат етілмеген митиңдер заңға қайшы болғандықтан, оларды көрсетпеуіне болар, бәлкім.

Бірақ әкімдік рұқсат еткен бірнеше митиң өткен болатын осыған дейін, мен солардан өзім қатысқан және куә болған бірнешеуін жазайын:

- таза ауа құқығына арналған митиң;
- қала әкімін сайлау құқығына арналған митиң;
- Ресейдің Үкраинға басқыншы соғысына қарсы митиң;
- Әйелдердің саяси құқығын талап еткен феминистер митиңі.

Qazaqstan Ұлттық Арнасы жоғарыдағы митиңдердің бір де бірінен осылай фото жарияламады. Бір де бірін осылай хабарламады. Бұл телеарнаның оқырманды құрметтемеуі, бейтараптық қағидасын өрескел түрде бұзуы, осы арнаны қаржыландырып отырған салық төлеушілердің құқығын аяққа таптауы деп білемін!