Get Mystery Box with random crypto!

about media in kazakh

Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh A
Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh
Арна мекенжайы: @mediainkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 409
Арнадан сипаттама

медиа, билік, идеология, пропаганда және этика
журналистикаға қатысты хабарландырулар
нәсілшілдік, жаңа технология, феминизм, экология, т.б. тақырыптарда да жазамын. кейде жеке ой/өмір/сезімдерім жайлы.
Кері байланыс үшін: @orazay

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 17

2021-04-05 08:55:11 https://teletype.in/@wanderer_rb/JFsSM1Vey
425 viewsOrazay Kydyrbayev, 05:55
Ашу / Түсініктеме
2021-04-03 13:41:43 Алматы әкімдігінің пропагандасы: Tengrinews, Zakon мен Nur.kz порталдарындағы ақпарат қанша тұрады?

Алматы әкімдігінен ондаған миллион тендер алатын басылымдар бұл ақшаға не жазып жүр? Ras Aitamyn үш порталдың әкімдіктен алған тендерді қалай игергенін зерттеп көрді.

Әкімдіктен былтыр 17,4 миллион теңге алған Nur.kz-тің жариялаған материалдары негізінен Сағынтаевтың қайда барып, не істеп, не қойғанына арналады. Портал көп ретте тақырыпқа Сағынтаевты қосып, әкімге басымдық береді:

“В Алматы посадили 30 дубов возле магазина Sulpak, где были вырублены деревья”

“Сагинтаев
проверил ход инфраструктурного развития Наурызбайского района”

“О доступности социальных объектов
рассказал Сагинтаев”

По поручению Сагинтаева жителей Наурызбайского района обеспечат чистой питьевой водой”

“В Алматы набирает популярность акция
"Носите маски"

“Вопросы алматинцев решаются в прямом эфире”

“Аким Алматы
о Послании президента: Это масштабный пакет для стимулирования экономики”

Жоғарыдағы әр ақпарат үшін әкімдік Nur.kz порталына 318 161 теңге төлеген.

Пандемия басталғалы Nur.kz Алматы әкімдігінен 37,4 млн.теңгеге тендер алды.

Ал Tengrinews “Алматы қаласындағы іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу және қаланың өзекті мәселелерін орыс тілінде жариялау" үшін былтыр әкімдіктен 17,9 миллион теңгеге тендер алды. Tengrinews бұл сомаға 50 материал дайындауы тиіс болған. Жалпы, пандемия басталғалы әкімдік бұл порталға 37,9 миллион теңге тендер берді.

Tengrinews.kz порталына шыққан бірнеше абзац ақпараттың ақысы Nur.kz-тен асып түседі. Мысалы, былтыр желтоқсанда "Алматының сары аймаққа кірген аудандары аталды" деген бір ақпарат үшін әкімдік порталға 333 328 теңге төлеген. Төмендегі қысқа ақпараттардың құны да дәл сондай:

“Журналистам показали дезинфекцию ковидного госпиталя за 5 миллиардов тенге в Алматы”

“Названы
сроки завершения строительства развязок и пробивки улиц в Алматы”

“Алматинские
водители нарушили ПДД на 4,5 миллиарда тенге - Сагинтаев”

“Когда начнут
строить линию БРТ и проект LRT в Алматы, рассказал Сагинтаев”

Қызығы, әкімдік тендер берген басылымдар кейде тіпті бір-бірінің тақырыбын айна-қатесіз қайталайды:

Tengrinews.kz: “Сагинтаев проверил темпы благоустройства Медеуского района”
Nur.kz: Бакытжан Сагинтаев проверил темпы благоустройства Медеуского района

Nur.kz: Сагинтаев: Жилищное строительство показывает хорошую динамику
Tengrinews.kz: Сагинтаев: Жилищное строительство показывает хорошую динамику

Екі портал Сағынтаевтың Медеу ауданына барғанын жазу үшін әкімдік бюджеттің 651 489 теңгесін жұмсады.

Былтыр әкімдіктен 13,8 миллион теңге тендер алған Zakon.kz те материалдарында Сағынтаевтың қайда барып, не істеп, не қойғанын тізіп шыққан.

“Сагинтаев призвал акимов районов
пересаживаться в стеклянные кабинеты”

“Сагинтаев
о переходе ТЭЦ на газ: необходимо подождать”

“Сагинтаев
ознакомился с проектами по организации досуга для детей”

Қызығы, Zakon әкім орынбасары Ержан Бабақұмаровтың қызметін де насихаттаған:

Бабакумаров провел встречу с лидерами религиозных объединений Алматы”

Бабакумаров посетил Центр адаптации несовершеннолетних в Алматы”

Zakon-ға шыққан Сағынтаев пен әкімдік жайлы әр ақпараттың құны – 89 285 теңге.
Zakon, Tengrinews пен Nur былтыр жазда індет өршіп, дәрі-дәрмек пен ауруханада төсек орын жетпей жатқан уақытта мемтапсырысты белсенді орындап, әкімдіктің халықты тыныштандыруға арналған мәлімдемелерін көптеп жариялаған:

Nur.kz: “В Алматы поступило больше 1 млн парацетамола”
Zakon.kz: “Сагинтаев о лекарствах: Нет поводов для паники”

Nur.kz: “На средства акимата Алматы в стабфонд
доставили новую партию лекарств от COVID-19”

Zakon.kz: Сагинтаев рассказал о мерах по повышению доступности лекарств в аптеках.

Биыл әкімдік Nur.kz порталымен 19 999 980 теңгеге, Tengrinews.kz порталымен 19 999 700 теңгеге келісімшарт жасасты. Енді бұл порталдар тағы да бюджет ақшасына Сағынтаев пен әкімдік қызметін насихаттамақ.
379 viewsOrazay Kydyrbayev, 10:41
Ашу / Түсініктеме
2021-04-03 13:41:43 Елнұр апайдың Алматы әкімдігі тапсырысымен жазылған материалдар жайлы зерттеуі:
280 viewsOrazay Kydyrbayev, 10:41
Ашу / Түсініктеме
2021-04-03 13:40:17 Актуальную информацию о вакцинации в Алматы публикуют обычные граждане.
Сагинтаев и его пресс-служба хоть бы пальцем пошевелили. Зато как хвалить себя за бюджетные деньги на тенгринюсах, так это в первых рядах.
Бездельники.
227 viewsOrazay Kydyrbayev, 10:40
Ашу / Түсініктеме
2021-04-01 18:35:21 Ресейлік журналист Владимир Познер туған күнін тойламақ болып Тбилисиге ұшып барыпты. Бірақ жылдар бұрынғы мәлімдемесін ұмытпаған грузиндер туған күннің шырқын бұзып, қонақүйге қондырмай, жұмыртқа лақтырып, ертеңінде Грузияны тастап шығуға мәжбүрлепті.

Рейтинг үшін азшылық қауымды қорлап, үкімет пропагандасын жасасып, нәсілшіл ой таратумен айналысып жүрген Қазақстан журналистері, ойланғайсыздар. Баста дәурен тұрмайды, ертең сіз де Познердің кебін киіп қалуыңыз мүмкін.

Кейінірек, мысалы, ем қабылдау үшін шетелге шығуыңыз керек делік. Цивилизациясын - канализацияға теңегеніңіз үшін, Еуропа елдері қабылдамай қойса жағдайыңыз қиын ғой.

Жаңалық сілтемесі: https://m.dw.com/ru/prilet-poznera-v-tbilisi-sprovociroval-akciju-protesta/a-57070083?maca=rus-facebook-dw
341 viewsOrazay Kydyrbayev, 15:35
Ашу / Түсініктеме
2021-03-31 15:04:19 Қыстыгүні астанадан бірнеше жас журналист хабарласып, тәуелсіз бақылаушылар жайлы ролик түсірілімге қатысуымды сұрады (алдыңғы жылғы президент сайлауына, қаңтарда өткен парламент сайлауына бақылаушылық жасағаным бар еді). Түсірілімге келісім бердім, екі аптадан кейін олар Алматыға келіп, сұхбаттасып қайтты. Ал бірнеше аптадан соң әдемі бейнеролик жариялап, мені одан әрі танымал етті

Маған хабарласқан 3 жас журналист - ЕҰУ журналистика факультетінің түлектері екен. Үші үш түрлі мекемеде жұмыс істейді. Ал бос уақытын кезінде диплом жұмысы ретінде жүргізген Beimalim жобасын дамытуға арнайды. Beimalim - көпшілікке беймәлім, алайда қоғам өмірі үшін маңызды іспен айналысып жүрген ізгі кейіпкерлерді кең аудиторияға таныстыратын жоба (ахахах, кім екенімді біле жүріңіз). Еріктілер, жас саяси белсенділер, қайырымды жандар - жобаның бас кейіпкерлері.

Көп студент университет бітірген соң диплом жобасын жайына қалдырып жатады. Ал Beimalim авторларының жобаны әрі қарай жалғастырғаны, сүйген ісімен айналысқаны ұнады. Олармен Алматыны жарты күн аралап, Қазақстанда тәуелсіз, идеялық медиа жасауға талпынысын көріп мәз болдым. Beimalim жобасы Internews-тің қысқы контент байқауында грант жеңіп алыпты. Яғни енді авторлар қаржы мәселесімен бас қатырмай-ақ, сүйікті ісін жалғастыра алады.

Айтпақшы, қазір Internews жазғы шағын гранттар байқауына өтініш қабылдап жатыр. 6 сәуірге дейін идея ұсынып, медиа жобаңызға қаржыландыру көзін таба аласыз.

Бір жоба - 2 200 000 теңгеге дейін;
Жекелеген авторлар (жеке тұлға) - 200 000 теңгеге дейін стипендия алуына болады.

Сіздің де Beimalim секілді жобаңыз яки жобаға идеяңыз болса, конкурсқа қатысыңыз. Әсіресе журналистика студенттері қатысса деймін, бұл тамаша мүмкіндік қой. Толығырақ: https://kk.internews.kz/2021/03/sha-yn-grant-zhaz-y-mausym-2021-kontent-ndirisi-baj-auyna-tinish-abyldau-bastaldy/
336 viewsOrazay Kydyrbayev, 12:04
Ашу / Түсініктеме
2021-03-20 08:24:41 Американский журнал The New Yorker представил документальный фильм «Переобученный» о лагерях перевоспитания для мусульман в Синьцзяне, его героями стали три этнических казаха, которые прошли через один лагерь в 2017 году

https://vlast.kz/novosti/44268-the-new-yorker-predstavil-dokumentalnyj-film-o-lagerah-perevospitania-dla-musulman-v-sinczane.html
451 viewsOrazay Kydyrbayev, 05:24
Ашу / Түсініктеме
2021-03-20 08:24:41 Досым Баубек аударма жасапты. Ал ұстазым әрі әріптесім - Асхат асхат ағай аударып әрі дыбыстапты. The New Yorker журналы жариялаған алғашқы қазақша документал фильм
426 viewsOrazay Kydyrbayev, 05:24
Ашу / Түсініктеме
2021-03-18 18:18:30 Соңғы күндері әлеуметтік желілерде жыныс ауыстыру жайлы қауесет хабар кең тарады. Facebook желісінде "баланы сүндетке отырғызу - ақылы, ал адамның жынысын ауыстыру - тегін" сарындағы жазбаларды жиі байқадым. Бір танысым осы заңды қабылдаған Цойды (aka денсаулық министрі) ұрып кеткісі келетінін айтты.

Бүгін Factcheck.kz қауесеттің жалған және манипуляция екенін жариялапты. Бұл кейс мына ойдың дұрыстығын тағы бір мәрте дәлелдеді: адамдар өзіне ұнайтын, көңіліне жағатын хабарды рас-өтірігін тексерместен бөлісуге бейім. Осылайша Қазақстан қоғамының қаншалықты трансфоб екені ортаға шықты. Ал трансфобия - нәсілшілдіктің бір түрі.
471 viewsOrazay Kydyrbayev, edited  15:18
Ашу / Түсініктеме
2021-03-09 09:41:31 Кезінде полицейлерді халыққа қарсы айдап, митингіге шыққандардың құйымшағын сындыруға шақырған діншіл Мұхамеджан Тазабек, кеше шеруге шыққан қыздарды айыптап жазба жариялапты. Оның пікірінше, феминизм қазаққа жат екен. Әрине, желідегі кезекті сандырақ деп, өте шығуыма да болады. Алайда оның жүздеген мың оқырманы бар екенін ескере отырып, лайықты жауап қайтарғым келді:

Мұхамеджан, бізге феминизм жат емес. Бізге зорлық-зомбылық, кемсіту, орынсыз қырындау мен әйел адамдардың еңбегін қанау жат. Кеше адамдар шеру жасаса, іші пысқаннан немесе еріккеннен не болмаса еркіндікте шектен шыққаннан емес, жыл сайын күйеуінің қолынан қаза тауып жатқан жүздеген әйелдің ақысы үшін, қыз баланың теңдей білім алуы үшін, саяси-әлеуметтік өмірге еркектермен теңдей араласа алуы үшін шеру жасады.

Дін мен салт-дәстүрді алға тартып, ертегі айтуды доғару керек. Шындықпен бетпе-бет келу керек. "Қазақтың салты керемет, діни жоралғылар супер" деп өткен шақты мақтай отырып, қазіргі таңдағы әйел адамдардың құқығына соқыр болуды тоқтату керек. Неге сол керемет дәстүр мен дінді ұстанбай жатқан бүгінгінің зорлықшыл еркектерін, патриархал қоғамын, қанаушы экономикалық жүйесін сынамаймыз?

Мұхамеджан, әдетте әйел жайлы айтқанда, ананың рөліне ерекше тоқталасың. Жетімі мен жесірін жылатпаған текті халық екенімізді жиі айтасың. Олай болса, көпбалалы аналар үкіметтен жәрдем сұрап митингіге шыққанда қайда жүрдің? Аааааа, енді есіме түсті, ол кезде полицейлерге құйымшақ сындыру жайлы уахахағыз айтып жатқан едің.
844 viewsOrazay Kydyrbayev, 06:41
Ашу / Түсініктеме