Get Mystery Box with random crypto!

about media in kazakh

Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh A
Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh
Арна мекенжайы: @mediainkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 409
Арнадан сипаттама

медиа, билік, идеология, пропаганда және этика
журналистикаға қатысты хабарландырулар
нәсілшілдік, жаңа технология, феминизм, экология, т.б. тақырыптарда да жазамын. кейде жеке ой/өмір/сезімдерім жайлы.
Кері байланыс үшін: @orazay

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 8

2022-02-04 13:09:49 Шетелде жүрген бір топ қазақстандық KazUnite онлайн-газетін шығарыпты. Басылым редакциясы өзін былай таныстырады:

Біз Еуропадан, соның ішінде Англия, Польша, Нидерланд және Италиядан;

Түркиядан;

Қазақстаннан және АҚШ-тан хабар таратамыз.

Негізгі редакциямыз Нью-Йоркте.

Біздің мақсатымыз:

Елге қажетті пайдалы ақпарат беріп, ағартушылық қызмет көрсету;

Тұлға ретінде дамуға мотивация беру;

Жан-жақты ақпаратпен оқырманды сыни ойлауға жетелеу;

Танымдық материалдар жариялап, жастардың көкжиегін кеңейтуге үлес қосу;

Біз - мультимедиялы ақпарат құралымыз:

Үкіметтік мекемелерге тәуелді емеспіз. Өз мақсатымызға тәуелдіміз.

Бізде цензура жоқ. Цензура - өз арымыз бен ұятымыз.

Хабарласу үшін: info@kazunite.com
80 viewsorazay kydyrbayev, 10:09
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 10:38:55 https://newreporter.org/kz/2022/01/31/kuager-kojzelisi-totenshe-zhagdajda-zhymys-istejtin-zhurnalisterge-psixolog-kenesi/?fbclid=IwAR3q-IZPj_dlBgj7MfrsV1-1zFamu_jSACyxmojpF_FjYqub3Gzs5Ke7ec0
70 viewsorazay kydyrbayev, 07:38
Ашу / Түсініктеме
2022-01-30 22:54:01 Соңғы жазбамды жазып отырғанда, Qazaqstan арнасы видеоны қайта жариялапты. Осымен бұл хикаяға нүкте қойылды деп ойлаймын Пікір алуандығы, сөз бостандығы жасасын. Ұлттық арнада тәуелсіз зерттеушілер мен саясаткерлер көріне берсін
35 viewsorazay kydyrbayev, 19:54
Ашу / Түсініктеме
2022-01-30 22:43:18 Оқиға бұлай өрбиді деп ойламаған едім. Бірнеше сағат бұрын Qazaqstan арнасы Facebook парақшасында зерттеуші Серік Бейсембаевпен 6 минуттық сұхбатты жариялаған. Оны мен көре сала мәз болып, қуанышымды жасыра алмай парақшама бөлісемін.

Сәлден кейін бөліскен видеом қолжетімсіз болып қалады. Сосын қолжетімсіз болып қалғаны туралы да пост жазамын. Сонан соң кенеттен Ұлттық арна жазбама жауап қайтарып, сұхбаттың ресми сайттағы сілтемесін пікірге қалдырады.

Сонымен қатар, осы аралықта телеарнаның диджитал бөлім директоры достыққа өтінім жіберді

Видеоны әлеуметтік медиадан өшіріп тастаған сияқты. Неліктен өшіргені түсініксіз. Бірақ ол видео сайтта тұр. Негізінде, мемлекет медиасы Серік Бейсембаевты көрсетпесе де, аудитория басқа каналдар арқылы оның ойларына қол жеткізе алады. Керісінше, альтернатив ойларды бермеу арқылы мемлекет медиасы аудитория сенімінен айырылған үстіне айырыла бермек. Әлеуметтік медиадағы пікірлерге қарасақ, ресми басылымдар таратқан хабарға сенбеушілер өте көп.

Мен мемлекет медиасының түрлі ой-көзқарасқа тең орын бергенін қалаймын. Мемлекет медиасы қоғамдағы барлық топ, ой-көзқарас өкілінің қатысуы арқылы күннің маңызды тақырыбы талқыланатын қоғамдық алаңға айналғанын қалаймын.

Тең дәрежедегі пікірталас, инклюзия және консенсус арқылы ғана жаңа Қазақстан құра алатынымызға сенемін.
52 viewsorazay kydyrbayev, 19:43
Ашу / Түсініктеме
2022-01-30 21:51:25
Ұлттық арнаның жаңағы видеосын бөліскенім сол еді, қолжетімсіз болып қалды. Өшіріп тастаған сияқты
69 viewsorazay kydyrbayev, edited  18:51
Ашу / Түсініктеме
2022-01-30 21:16:49
Ұлттық арнаның тәуелсіз зерттеушілерді эфирге шақырып, ой білдіруге мүмкіндік беріп жатқаны қандай жақсы. Бәрекелді, осы беттен таймай, ұлттық арнамыз инклюзив қоғамдық медиаға айналып кетсе екен
93 viewsorazay kydyrbayev, 18:16
Ашу / Түсініктеме
2022-01-27 16:11:32
292 viewsorazay kydyrbayev, 13:11
Ашу / Түсініктеме
2022-01-21 13:35:55 Журналистерге қатысты тағы бір жаңалық: Амангелді Батырбековті өлтіруге тапсырыс бергендер ұсталыпты. Бірнеше апта бұрын қарулы адамдар үйіне мылтықпен оқ жаудырып, журналистің баласын жаралаған болатын.

Амангелді Батырбеков жергілікті билік өкілдерін жиі сынға алатын, Абай ауылында зорлыққа ұшыраған баланың оқиғасын көпшілікке жеткізуге де осы кісі үлес қосқан. Тапсырыс беруші - жергілікті шенеунік дейді.

Журналистика қылмыс емес. Сөз бостандығы - әрбіріміздің құқығымыз. Сапалы, сенімді журналистика болмай, қоғам дамуы болмайды.
98 viewsorazay kydyrbayev, 10:35
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 20:02:13 Журналист Махамбет Әбжан әлі табылған жоқ https://www.azattyq.org/a/31659131.html?fbclid=IwAR3n75xFfCr0Q6FeWnvDynGhJjcpb0AXzIxGWlwXOVyWkBiu88KdXGSTDQA
88 viewsorazay kydyrbayev, 17:02
Ашу / Түсініктеме
2022-01-20 17:08:11 Ұлттық арна лаңкестер жерленген Алматы маңындағы жасырын зират жайлы сюжет жариялапты. Айтуынша, лаңкестер мәйітханадан мүрделерді ұрлап шығып, осында әкеліп көмген. Ал жазба астындағы пікірлерді оқысам, көп адам бұл видеоға сенбейтінін жазып жатыр. Әрине, сенбейді.
117 viewsorazay kydyrbayev, 14:08
Ашу / Түсініктеме