Get Mystery Box with random crypto!

about media in kazakh

Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh A
Telegram арнасының логотипі mediainkz — about media in kazakh
Арна мекенжайы: @mediainkz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 409
Арнадан сипаттама

медиа, билік, идеология, пропаганда және этика
журналистикаға қатысты хабарландырулар
нәсілшілдік, жаңа технология, феминизм, экология, т.б. тақырыптарда да жазамын. кейде жеке ой/өмір/сезімдерім жайлы.
Кері байланыс үшін: @orazay

Ratings & Reviews

2.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 10

2022-01-12 12:31:12 Не слушайте и не читайте эмоциональные оценки по новому кабинету. Эти все обсуждения понятны; но фактически есть две точки, когда оценки будут хоть как-то обоснованны. Первая - когда мы увидим Программу действий Правительства через три недели, и вторая - через 180 дней (полгода), когда придет время сентябрьского Послания и Президент выйдет с реформами общественно-политического пространства страны.
146 viewsorazay kydyrbayev, 09:31
Ашу / Түсініктеме
2022-01-10 16:12:08 Қандай телеграм-каналдарға сенуге болмайды?

Шыны керек қазір елдің бәрі Қазақстан бойынша “сарапшы” болып кетті. Елдегі ахуал мен ауыс-түйіс хақында, реформалар туралы “ойбай, мындай болады екен”, “сөйтейін деп жатыр екен” деп жарыса жазуда. Шынында, кімге сеніп, кімге сенбеу керек? Назарларыңызға сенімсіз каналдар хақында чек-лист ұсынамыз. ( САҚТАП АЛЫҢЫЗ! )

1. Сарапшы. Канал авторы осыған ұқсас тақырыптарда қашаннан бері жазып жүр? Сіз оқып отырған канал бұған дейін не жазды? Саржағал дүниені таратып жүріп, аяқастынан қазақтанушы немесе тарихшы болып кетті ме? Мұндай сарапшың құрысын! Бұл қатарға “барлығын білетін, барлығын көрген және барлығын оқығандарды” да қосыңыз.

2. Жазу тілі немесе лексикасы. Әкімді - мэр, ҰҚК-ні (КНБ) - ФСБ деп жазатындар Отандық канал емесі айтпаса да белгілі. Бұдан өзге де сөздерге назар аударыңыздар.

3. ””Құпиясы көп арна”. Каналдың редакцисы не авторы көрсетілмеген бе? Бұл деректерді таба алмадыңыз ба? Мұндай арналарды кез-келген адам басқарып отыруы ықиимал. Әдетте бұлар жасырын жазу арқылы жауаркершіліктен қашады. Ал медиа редакциясы немесе анонимді емес адамдардың өз аудиторисы алдында жауапкершілігі бар және олар не болса соны оттамауға тырысады. Шынында, аноним сарапшы - бар, бірақ бұл миллионнан біреу ғана және көп жағдайда оның не үшіг аноним екені де түсінікті болып келеді.

4. Сілтемелер. Посттардың сілтемемі жоқ па? Дереккөзі көрсетілмеген бе? Сілтемелер бар болса да тек каналдың посттарына өткізе ме? Ендеше, сізді тек алдаусыратып отыр. Бұл каналдан тездетіп қашып кеткен жөн.

5. Байланыс деректері. Канал админімен телеграм ішінде не басқа жақта байланысу мүмкіндігі бар ма? Контактілер көрсетілген бе? Жарнамаға арналған ғана деректер ме? Ойланарлық жайт.

Бұл тек базалық схема, бірақ, сіздің жазылған арналарыңызды сұрыптауға, жалған ақпаратқа алданбауға септігін тигізеді.

@birgeteksereik
127 viewsorazay kydyrbayev, 13:12
Ашу / Түсініктеме
2022-01-10 15:53:10 Каким телеграм-каналам не стоит доверять?

Огромное число телеграм-каналов публикует сейчас сообщения о Казахстане. Ниже — короткий чек-лист по которому можно прогнать канал и понять, насколько источник надёжный. Все нижеперечисленные признаки указывают на ненадёжность источника и по этому списку вполне можно проверять на надёжность любой блог. Пункты расположены по степени важности.

1. Экспертность. Как давно канал пишет о теме? Автор канала — условно — охотник на ежей из Бобруйска, но внезапно стал казаховедом и историком? В топку! Туда же уходят и «эксперты по всему», которые пишут сегодня про детские дома в Алматы, а завтра — про брови Джастина Трюдо или рецепты домашней шавермы.
2. Лексика. «Казахстанский» канал называет акима «мэром», а КНБ «аналогом ФСБ»? Это не казахстанский канал. (Кто обратил внимание на слово «шаверма» в предыдущем пункте — молодцы).
3. Непрозрачность. У канала не указаны редакция или автор(ы)? Вы никак не можете их найти? Такой канал может управляться кем угодно и откуда угодно и никто не несёт ответственность за достоверность информации в нём. Редакции СМИ и неанонимные персоны несут ответственность перед своей аудиторией и законом, а аноним в основном несёт бред, публикуя всё, что приведёт трафик, и не проверяет источников. Анонимный эксперт — это очень большая редкость, таких один на миллион каналов и анонимность должна быть логически объясняемой.
4. Ссылки. В постах не указаны источники и не проставлены ссылки? Ссылки есть, но ведут исключительно на собственные посты канала? Очень похоже, что вас водят за нос.
5. Контакты. Можете ли вы связаться с админами канала внутри Телеграм или найти их через поиск в другой сети? Указаны ли контакты? Это контакты только для рекламы? Стоит задуматься.

Это базовая схема, но она поможет отсеять половину сомнительных источников
149 viewsorazay kydyrbayev, 12:53
Ашу / Түсініктеме
2022-01-10 10:12:23 Интернет дұрыс істемей, хаттарың жіберілмеді деген белгі шығып, қайта-қайта жарияланып кетіпті, кешірім сұраймын
177 viewsorazay kydyrbayev, 07:12
Ашу / Түсініктеме
2022-01-10 09:16:26 10 қаңтар — Жалпыұлттық аза тұту күні

Factcheck.kz және MediaNet Халықаралық журналистика орталығы қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен Отан алдындағы борышын өтеу кезінде қайтыс болған азаматтардың отбасыларына, жақындарына, барша Отандастарымызға қайғырып, көңіл айтамыз.

Біз еліміздің осынау аласапыран кезеңді тез еңсеріп, болған оқиғаларға қатысты ашық әрі әділ тергеу жүрізетініне сенеміз.
125 viewsorazay kydyrbayev, 06:16
Ашу / Түсініктеме
2022-01-10 08:28:34 Мемлекет медиасына және мемлекет медиасы арқылы мәлімдеме жасап жатқан билік өкілдерінк ұсыныстарым:

* Президентті жер-көкке сыйғызбай мақтай бермесе екен. Қиын сәтте президент айналасынан табылуға және оның шешімдеріне құрметпен қарауға шақыру - бір басқа, президенттің әр ісін дұрыс, керемет деп оңды-солды сілтей беру - бір басқа.

* Жаңсақ хабар таратқан жағдайда, қателесіп кеткенін айтуға ұялмаса екен. Аудиториядан кешірім сұрап, дұрыс ақпаратты берудің еш әбестігі жоқ. Аласапыран уақытта түрлі ақпарат тарайды, оның бәрін тексеруге мүмкіндік те жоқ: мұндай сәтте бәрі кешірімді.

* Болған қайғылы жағдайға елдегі бүкіл саяси белсендіні, митингіге шыққан халықты, оппозицияны, журналистерді кінәламаса екен. Қазақстанда түрлі саяси топ бар, олар түрлі мақсатты көздейді. Елді қантөгіске шақырған топтармен қатар, бейбіт түрде наразылық білдірген топтар бар. Дүкен тонаған адамдардың болғанындай, провокацияға ермей, полицейлерді қорғап, қауіпсіздікке атсалысқан адамдар бар. Бәрін бір шаблон аясында қарастырмаған жөн.

Жылдың бүкіл қайғысы алғашқы күндермен бірге кетіп, қалған апталар қуанышқа толы болуын тілеймін. Қаралы күндер қайталанбасын. Қаза тапқан бейбіт тұрғындардың, тәртіп сақшыларының иманы саламат болсын.
178 viewsorazay kydyrbayev, 05:28
Ашу / Түсініктеме
2022-01-09 13:04:20
upd: Закир Убуров (дұрысы - Юбуров) деген 31 жастағы азамат расымен де бар екен және расымен де ол Қазақстанда ұсталған. Бірақ оның түрі видеодағы жігітке мүлде ұқсамайды.

Қырғыз музыкант жайлы жазған @seychas_kg каналы мынадай хабар жариялапты. Деректі нақты қай қазақстандық басылымнан алғанын жазбаған. Ал жазба астындағы пікірлерде Закир Убуров жайлы гуглда еш ақпарат жоқ екені, ал 18 жастан асқан әр азаматтың есімі сайлаушылар мен әскерге шақырылғандар базасынан табылуы керек екенін айтып жатыр. Оған қоса, Викрамның туыстары мен достары да видеодағы жігіттің Викрам екенін айтқан. Қазір қырғыз медиасы мен саясаткерлері наразы мәлімдемелер жасап жатыр.

Енді жетпегені көрші мемлекетпен жанжалдасу еді
53 viewsorazay kydyrbayev, edited  10:04
Ашу / Түсініктеме
2022-01-09 11:15:29 МВД Кыргызстана:

Проводятся мероприятия по выяснению всех обстоятельств факта задержания данного гражданина.

Все выезжающие и заезжающие граждане в нашу страну полностью контролируются правоохранительными органами Кыргызской Республики.

По данным родственников, кыргызстанский джазовый музыкант Викрам Рузахунов часто гастролировал в Алматы. Накануне Нового года он был приглашен в Алматы для проведения концертных программ.

Билет в Алматы приобретены 16 декабря 2021 года и второго января в 20:00 он улетел в город Алматы.

В аэропорт его сопровождали мать Рузахунова Кундузхан и ее внук Аскат Сериков, который работает программистом в компании "ИПАМ" в Бишкеке.

Родственников у них в Казахстане нет, приезжал он только по приглашению для проведения концертных программ, а также для участия в музыкальных фестивалях в Казахстане и странах СНГ.
38 viewsorazay kydyrbayev, 08:15
Ашу / Түсініктеме
2022-01-09 11:10:52 4 қаңтар күні кешкісін Алматы аренада басталып, Республика алаңында аяқталған шеру - бейбіт шеру болатын. Сол шеруге бастан-аяқ қатысқан бірнеше досымның сөзіне сүйене отырып, бұған кепілдік бере аламын. Елдегі әлеуметтік және саяси жағдайға наразы халықтың маңғыстаулықтарды қолдай шыққан бейбіт жиыны еді бұл.

Сол түнде басталып, ертеңінде жалғаса түскен арандатушылардың лаңкестік әрекеті мен жаппай тонауды алға тарта отырып, саяси билік бүкіл шерушіні бүлікші көрсетуге тырысып бағуда.

Осылайша олардың талабын ескерусіз қалдырып және болашақта мұндай протестердің болмауына күш салып жатқан сияқты. Дегенмен бұл халықтың билікке сенімсіздігін одан әрі арттыруы мүмкін. Алаңға шыққан халықтың басым бөлігі бейбіт тұрғындар екенін жұрт білмейді емес, біліп отыр. “Дәл қазір мемлекеттің тұтастығы маңызды, күшіміз - бірлікте” деп, мемлекет медиасы қайта-қайта мәлімдеуде. Ал тұтастық пен бірліктің іргетасы - билік пен халықтың өзара сенімі емес пе?

“Жалған хабар таратқан адамдар қатаң жазаланады” деген еді Тоқаев, кеше Айдос Сарым да “ондай адамдарды үйінен сүйреп шығарып, түрмеге қамап тастау керек” деген еді. Жалған хабар таратқан болып шықса, Хабар 24, тенгриньюс басылымдарына қандай шара қолданылар екен?
49 viewsorazay kydyrbayev, edited  08:10
Ашу / Түсініктеме
2022-01-09 10:31:54 Енді осыдан кейін мына сәттегі жалғыз дереккөз - мемлекетке және мемлекет медиасына сеніп көр

Қырғыз әншісі жайлы жаңалықты мына жерден оқуға болады: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/predlojili-90-tyisyach-tenge-telekanal-pokazal-video-458544/ (әзірге тенгриньюс мұны өшіріп үлгермеді)
52 viewsorazay kydyrbayev, edited  07:31
Ашу / Түсініктеме