Get Mystery Box with random crypto!

Massaget TANYM

Telegram арнасының логотипі massaget_kz — Massaget TANYM M
Telegram арнасының логотипі massaget_kz — Massaget TANYM
Арна мекенжайы: @massaget_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.63K
Арнадан сипаттама

Жаңалықтар: @massaget_news

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2021-07-03 11:28:38 Бүгін назарларыңызға әйгілі маньяктар туралы триллер туындылар мен журналистік зерттеулерді ұсынамыз. Детектив жанрын сүйіп оқысаңыз, дәо сізге арналады

Роберт Грейсмит
"Зодиак. Непойманный убийца" / "Зодиак. Қолға түспеген кісі өлтіруші"

Роберт Грейсмит 1969 жылы Америкадағы ең танымал кісі өлтіруші пайда болған сәтте қарапайым карикатурашы болып жұмыс істеген болатын. Қылмыскер жергілікті басылымға арнайы кодталған жолдау жібереді. Оқырмандардың барлығы оның жұмбағын шешуге тырысқанымен, ешнәрсе шықпайды. Грейсмиттің бұл іске қызыққаны соншалықты, он үш жыл бойына қылмыскер жолдауын шешуге барын салған. Соның кесірінен жарымен ажырасып, өзі криминалистика саласындағы жазушы болған. 

Ричард Ллойд Пэрри
“Пожиратели тьмы: Токийский кошмар" / "Түнек жалмауыздары: Токиолық үрей"
Журналист Ричард Ллойд Пэрри  2000 жылы болған Люси Блэкманнің өлімі туралы кітапты он жыл бойына жазған.  Жас ағылшын бойжеткенін жапон бизнесмені Ёдзи Обара аяусыз өлтірген. Оның құрбандарының саны сол күйі белгісіз, кей тергеу нәтижелері 150-ден 400-ге дейін екенін көрсеткен. Кітаптың авторы сол уақытта Токиода өмір сүріп, істің мән жайын баяндап отырған. Одан бөлек, жақсы отбасында ер жеткен Обараның мұндай болуына не әсер еткенін түсінуге тырысқан. 

Винсент Буглиози, Курт Джентри
"Helter Skelter: Правда о Чарли Мэнсоне" / "Helter Skelter: Чарли Мэнсон туралы шындық"

1969 жылдың 9 тамызында "Отбасы" сектасының төрт мүшесі режиссер Роман Полански мен актриса Шэрон Тэйттің үйіне басып кіріп, оларды аяусыз өлтіреді. Винсент Буглиози тергеу жұмыстарын толыққанды өз кітабында баяндайды. Зерттеу жұмыстары арқылы ол қанды қол қанішерлердің басты мақсаты Helter Skelter философиясы екенін,  нәсілдік жіктеу екенін дәлелдейді.  

Марк Дюген
"Дорога великанов" / "Алыптар жолы"

Эл Кеннердің он бес жасқа толған туған күніне ата-әжесі бақты қояндардан қорғау үшін мылтық сыйлайды.  Арада үш күн өткен соң мектептегі IQ көрсеткіші Эйнштейннен жоғары оқушы Эл ата-әжесін атып тастайды. Бұл өлімнен кейін жасөспірім бес жыл бойына психикалық ауытқуы бар адамдарға арналған емханада жатады. Бірақ, шыққан соң өзінің "жорығын" қайта қолға алады. "Алыптар жолы" кітабы Эдмунд Кеплердің оқиғасы негізінде жазылған. Ол әлі күнге дейін абақтыда өз жазасын өтеп жатыр. Француз жазушысы Марк Дюген қолынан кез келген саланың мықты маманы болу келетін адамның неліктен кісі өлтірушісі болуды таңдағанын ұғуға тырысқан.  

Дэвид Эверит, Хэролд Шехтер
"Энциклопедия серийных убийц" / "Сериялық қылмыскерлердің энциклопедиясы"
1920 жылдың аяғында америкалық Карл Панцрам зорлық-зомбылықтан, бастап кісі өлтіруге дейін бірнеше мыңдаған қылмыс жасаған мойындап, ешнәрсге өкінбейтінін айтқан. Панцрам — қорқынышты кітаптың бір ғана кейінпкері.Барлық оқиғалар өмірде болған. Авторлар бұндай туындыға қызуығушылықты былай түсіндіреді: "Егер адамдарды психопат образдары қызықтырса, оның садизм мен өзге де жауыздыққа құмарлығын білдірмейді (бірақ адам психикасында түбінде бұл қасиеттерге деген бейімділік барын жасыруға болмайды). Бұлар түнде қорқынышты әңгіме тыңдағанды жаны сүйетін балалар сияқты. Маньяктар, қылмыскерлер туралы кітаптар оқып, фильмдер қарап арқылы олар өз қорқынышын басқаруды үйренеді".
87 viewsNurila Yessirkep, 08:28
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 11:28:34
82 viewsNurila Yessirkep, 08:28
Ашу / Түсініктеме
2021-06-11 14:12:45 Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен спортсүйер қауым! Сіздерді футболдан Еуропа чемпионатына арналған болжамдар бәйгесіне қатысуға шақырамыз! Сіздерді бас демеушіміз Huawei Device Қазақстан компаниясы тағайындаған бағалы сыйлықтар күтеді!
Болжамдар бәйгесінің ережелері: 
Өту кезеңі: 11 маусым мен 11 шілде аралығы, яғни Еуропа чемпионатының өту уақыты.


Күн сайын Massaget.kz сайтында сол күні өтетін кездесулер жайлы ақпараттар, сараптамалық-шолулар мен қызықты статистикалық материалдар жарияланады. Қатысушылар "Euro 2020" бөлімінде жарияланған кез келген мақала соңындағы бәйге алаңына өз болжамын қалдырады. 
Болжам қалдыру үшін сайтқа тіркелуіңіз қажет. Тіркелу үшін сайттың оң жақ бетіндегі "Тіркелу" батырмасын басасыз. Болмаса әлеуметтік желілер арқылы кіруге болады. 
Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі ойын аяқталысымен жаңарып тұрады. Сілтемеге өтіп өзіңнің және өзгелердің болжамдарын көруге болады. 

Болжамдар ойын басталғанға дейін қабылданады. 

Болжамдар ойындардың негізгі уақытындағы нәтижелермен ғана есепке алынады. 

Жарысқа өз аты-жөндеріңізбен (түсінікті атпен) қатысуды сұраймыз. 

Қандай да бір сұрақтар болса  8702 244 84 14 нөмірі бойынша Whats App желісіне жазсаңыздар болады.

Қатысушылардың жас ерекшелігіне шек қойылмайды.

Ұпай саны, дәл жасаған ойындар болжамы тең болған жағдайда ғана randstuff.ru сервисі арқылы жеңімпазды кездейсоқ таңдайтын боламыз. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады. 

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

Жеңімпаз өз сыйлығын Massaget.kz сайтының редакциясына хабарласып, ала алады. Сұрақтар мен өтініштер бойынша 8 (702) 244 84 14 телефонына хабарласып немесе massaget.kz@gmail.com электронды мекенжайына хат жолдай аласыздар.

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты бүгін түнде басталады. Бірінші ойын Түркия мен Италия құрамалары арасында өтеді.
46 viewsNurila Yessirkep, 11:12
Ашу / Түсініктеме
2021-06-10 07:57:16 Кейде үлкен буын жастар тілін түсінбей, басы қатып жатады. Өйткені, жастар арасында сленг сөздер қалыптасып, өздеріне ғана түсінікті жаргондармен сөйлесетіні белгілі. Сленг сөзі ағылшынның “slang, jargon” сөздерінен шыққан. Бұл сөздер уақыт өткен сайын жаңарып отыратыны тағы бар. Назарыңызға жаңа сленгтер тізімін ұсынамыз.

Кринж
. Ағылшын тілінен «қысылу» - ұялу, ыңғайсыздану дегенді білдіреді. Бізге таныс «испан ұят» сөзінің жаңарған нұсқасы. Әдетте өзгенің қылығына бола ұялған кезде қолданылады. Мысалы тик-ток желісіндегі пікір аймағында "кринжден қайтыс болдым" деген тіркесті байқауға болады. Бұл - қазақтың "ұяттан өліп кету" тіркесінің синонимі.

Краш. Құпия немесе жауапсыз ғашық болуды түсіндіретін сленг. Кейде жай ғана сізге ұнайтын адамды краш деп атайды. Көп жағдайда қыздар қауымы сүйікті актерлерін, әншілерін краш деп атайды.

Буллинг. Ағылшын тілінен аударғанда әлімжеттік көрсету дегенді білдіреді. Жас айырмашылығына, гендерлік сипатына қарамастан көрсетілген кез келген зорлық-зомбылық, мазақтау және физикалық күш көрсетуді буллинг термині арқылы жеткізуге болады.

Vibe - атмосфера, көңіл-күй. Сөз эзотериктердің вибрация (діріл) сөзінен шыққан. Қазір бұл сөз жастар арасында ортақ атмосфераны, көбіне жақсы көңіл-күйді көрсету үшін қолданады. "Концерттің өз вайбы бар" деу арқылы оның өзгелерден ерекшеленетін көрсетеді.

Рофл (rofl) - Rolling On the Floor сөзінің қысқарған нұсқасы. Мағынасы - қатты күлу. Әдетте күлкілі нәрсені сипаттау үшін қолданылады. Қазір оны жасырын мазақ қылу, келекелеу немесе орынсыз іс-әрекетті сарказм арқылы жеткізу мағынасында көре аласыз.
88 viewsNurila Yessirkep, 04:57
Ашу / Түсініктеме
2021-05-29 09:30:41 Ағылшын тілінде жыл сайын жаңа сөз қатарға қосылып, енді бір сөз қолданыстан шығатыны жасырын емес. Бүгін назарға жаңа сленгтерді ұсынамыз.

Hate to see it
Сәтсіз жағдайда қолданылатын сөз тіркесі. Мысалы, досыңыз сізден бақылау жұмысын көшіріп жатқан кезде, мұғалімнің көзіне түсіп қалды. Сондай кезде өз эмоцияңызды білдіру үшін жай ғана “hate to see it” деп айтсаңыз болады.

Ok, boomer
Бэби-Бумер (1946-1964 жылы дүниеге келгендер) буынында өмірге келгендерге қатысты айталатын сөз. Интернет кеңістігінде миллениалдар (1980-1999) мен Z буыны(2000-2020) өкілдері қолданады.

Мысалы Бэби-Бумер буыны жастарға "лекция" оқығанды жақсы көреді. "Сенің жасында біз далаға шығып, жиі серуендейтінбіз. Сенің отырысың мынау" дейтін болса, сіз жай ғана "Ok, boomer" деп жылы жауып тастай аласыз. Әрине, кеңесі орынсыз болса.

Cap
"Сap" – бұл өтірік. Мысалы достар өзара "he’s definitely capping" ("Оның өтірік айтып тұрғаны анық") деп талқылауы мүмкін. Одан бөлек – "no cap, I swear" (өтірік емес, шын айтамын) деп ақталуға да болады.

Basic
"Basic" бірнеше жылдан бері қолданылып келе жатқан слэнг. Әдетте айдан анық нәрсе айта беретін адамға жауап ретінде қолданады. Оның үстіне бұл сөзді айтқан кезде міндетті түрде көзді ақшитуды ұмытпаңыз.

Retweet
Бұл сөзді интернет кеңістігінде, әсіресе әлеуметтік желіде қолданатын. Дегенмен жылдар өте келе оның қолданыс аясы кеңейді. Ауыз екі тілде оны "сенімен келісемін, сені толықтай қолдаймын" деген мағынада қолданады.

Fit
Қысқасы, "fit" сөзі outfi сөзінің қысқартылған нұсқасы. Бір уақытта "out" сөзін себепсіз алып тастады. Осылайша біреудің сырт киіміне қатысты пікір білдіру кезінде тек екінші буынды ғана қолданды. Мысалы — "cute fit".

Clout
Оксфорд сөздігіне сенсек, ресми мағынасы – "күш немесе жағдайға және адамдарға әсер ету". Сөз бүгінгі инфлюэнсерлер (influencers) мен Ютуберлермен (YouTubers) тікелей байланысты. Aren’t they chasing a clout, are they?

And I oop
RuPaul’s Drag Rac шоуының қатысушысы Jasmine Masters арқасында қолданысқа енген сөз. Сөз арасында ол бір затқа соғысып қалады. Сондықтан оның сөйлемі кенеттен үзіліп кетіп, "And I oop-" деп жалғасады. Бүгінде тіркес ыңғайсыз жағдайда қалғанның өзінде әңгімені жағалғастыра беру үшін қолданады. Мысалы, сөйлеп келе жатып, телефонды қолыңыздан түсіріп алдыңыз, "And I oop-" деңіз де, әңгімені жалғастыра беріңіз.
49 viewsNurila Yessirkep, edited  06:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 08:21:42 Қызметкер таңдауда жаңылмас үшін, әлемдік кәсіпкерлердің тәжірбиесін назарыңыз ұсынамыз



Илон Масктың идесына сүйенсек ол қызметкер таңдағанда дипломына емес, атқарған жобаларына, критикалық ойлау жүйесіне аса назар аударады. Оны қызықтыратын тек бір сұрақ, күтпеген қиындықтарда үміткер өзін қалай ұстап, мәселені қалай шешетіні. Бұл әдіспен қызметкердің аналитикалық ойлау жүйесін тексеруге болады екен.

Безос үміткердің тәжірбиесі мен біліктілігінен бөлек бірегей талантына, қабілетіне мән бергенді жөн көреді. Компанияңыз бір бағытта емес жан жақты үздік болғанын қаласаңыз, шығармашылыққа жақын, ойлау жүйесі еркін кеңістікте қалыптасқан жандарды іздеңіз деген пікірді ұстанады.

Ал Ричард Брэнсон болашақ қызметкерлерінің бойынан салқынқандылық пен тапқырлық қасиеттерін іздейді. Одан бөлек үмтікерден резюмесінде көрсетілмеген ақпараттарды айтып беруін сұрайды. Бұл әдіс қызметкерді басқа қырынан танып, компанияңызда осы жанды көре аласыз ба деген сұрақтарға жауап беруге көмектеседі екен.

Марк Цукербергтің ұстанатын алтын ережесі: өз өзіне жұмыс істей алмайтын маман ешқашан компанияңызға табыс әкелмейді. Сондықтан ондай қызметкерден аулақ болуға шақырады.

Джек Ма болса қызметкерінің өзінен сәл болса да ақылдырақ болғанын қалайды. Үміткер адами тұрғыда тұлға ретінде көңілінен шықса өткен жетістіктерімен қоса дипломына еш мән берместен жұмысқа қабыдауға дайын.
Стивен Коэен компаниясына ойлау жүйесі стандарттарға тәуелсіз қызметкерлер іздейді. Сұхбат кезінде қызықтыратын сұрағы: өміріңіздегі ең үлкен тәуекелге барған әрекетіңіз. Үміткердің жауабына қарай оның креативті ойлау жүйесін тексере алады.

Ал Уорен Баффет қызметкер таңдауда қателесепес үшін мына тәсілді ұсынады. Алдымен өтініш берушіден өткен жұмысыңыздағы ең үлкен сәтсіздігін сұраңыз, егер ол болмашы жағдайды атаса әлі де ойлану керектігін білдіреді.Оның ойынша тек үздік мамандар ғана үлкен қателіткер жіберіп, артынан мойындай алады. Бұндай қызметкерлер жауапкершіліктен қашпайды дейді.
60 viewsNurila Yessirkep, 05:21
Ашу / Түсініктеме
2021-04-13 08:41:30 Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан
184 viewsTomiris Yeskali, 05:41
Ашу / Түсініктеме
2021-04-13 08:41:22
186 viewsTomiris Yeskali, 05:41
Ашу / Түсініктеме
2021-04-01 15:09:43 Кейде біз белгілі бір сезімді бастан кешіп, бірақ оны қалай сипаттауды білмейміз. Тіпті ондай эмоциялардың ғылыми атауы да жоқ. Бірақ жас жазушы Джон Кениг "Түсіндіруге келмейтін мұң сөздігі" (The Dictionary of Obscure Sorrows) атты кітап шығарды. Ол жерде барлық адам сезетін, бірақ оны түсіндіре алмайтын сезімдердің атауы жиналған. Бұлардың қазақша атауы жоқ, сондықтан назарларыңызға ағылшын тіліндегі нұсқасын ұсынамыз.

1. Onism (зат есім) – тек бір уақыт өлшемінде, бір денеде ғана өмір сүріп, үлкен әлемнің кішкене бөлігін ғана білетінін ұққан сәт. Әдетте бұндай сезім мұңды болады.
2. Mal de Coucou (зат есім) – адам әлеуметтік желіде белсенді, таныстары көп болғанымен, өмірде сенім артатын саусақпен санарлық адамы бар жағдай.
3. Sonder (зат есім) – кездейсоқ кездескен адамның өмірі де өзіңіздікі сияқты шырайлы, мұңды, мәселеге толы әрі бақытты сәттері де барын ұғу.
4. Hanker sore (сын есім) – біреудің сізге ұнайтыны соншалық, сол ойдан өзін нашар сезіну.
5. Chrysalism (зат есім) – жалт ойнағанда (найзаған) ғимарат ішінен бақылап, жауын дыбысынан ләззат алу.
6. Nighthawk (зат есім) – ұйқы бермейтін мазасыз ойлар: орындалмаған тапсырмалар, кінә, болашақты ойлау.
7. Adrontis (зат есім) – біреумен танысып, оны білуге ұзақ уақыт кететінін ұғып, содан туатын мұң.
8. Silience (зат есім) – айналамызда күн сайын көріп, бірақ байқамайтын талант иелері. Көшеде ән салып тұрған музыкант, жақын адамдардың құпия талантын қатарға жатқызуға болады.
9. Anecdoche (зат есім) – бәрі сөйлейтін, ешкім тыңдамайтын әңгімелесу үрдісі.
10. Catoptric Tristesse (зат есім) – өзгелердің өзі туралы не ойлайтынын өмір бақи білмейтінін түсінген сәтте туған мұңды ой.
11. Anemoia (зат есім) – ешқашан болмаған кезеңді сағыну.
12. Jouska (зат есім) – адамның өзі-өзімен ойша сөйлесуі.
13. Ecstatic Shock (зат есім) – өзіңізге ұнайтын біреудің сізге қарағанын ұққан сәттегі қысқа мерзімді, бірақ жарқын эмоция.
14. Xeno (зат есім) – таныс емес адамдардың бір уақытта ортақ сезімді басынан кешіруі: автобуста бір-біріне қарап қалу, кездейсоқ оқиғаға қатар күлу.
15. Lilo (зат есім) – бірнеше жыл бойына көріспесе де, кездескен кезде күні кеше ғана кездескендей араласатын, әңгіме де айтылатын шексіз достық қарым-қатынас.
314 viewsTomiris Yeskali, 12:09
Ашу / Түсініктеме