Get Mystery Box with random crypto!

Massaget TANYM

Telegram арнасының логотипі massaget_kz — Massaget TANYM M
Telegram арнасының логотипі massaget_kz — Massaget TANYM
Арна мекенжайы: @massaget_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.63K
Арнадан сипаттама

Жаңалықтар: @massaget_news

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2022-04-13 14:24:53 КСРО ғарышкерлері Айға неге ұшпады?

ХХ ғасырдың екінші жартысында адамзаттың ғарышты бағындыру жолында КСРО мен АҚШ өзара бәсекелес болды. Адамның алғаш рет Айға қонуына дейін бұл ғарыш саласында КСРО АҚШ-тан сөзсіз алда еді.

Мысалы, КСРО алғаш рет жасанды Жер серігін ұшырды, ғарышқа алғаш болып КСРО азаматы ұшты, ғарыш аппаратын Айға алғаш болып КСРО ұшырды, Айдың арғы бетін тағы да бірінші болып КСРО суретке түсірді. Жерге қайта оралған “Луна-9” аппараты да КСРО-ға тиесілі еді.

Бәрін айт та бірін айт, ғарышта ашық кеңістікке зымыраннан алғаш болып шыққан да КСРО азаматы – Алексей Леонов еді. Осы нәтижелерге қарап отырсақ Айды алғаш бағындыратын ел КСРО болуы қажет еді. Бірақ олай болмады...

@massaget_kz
174 viewsedited  11:24
Ашу / Түсініктеме
2022-03-28 11:50:05
Адам түрін ажырата алмайтын ауру түрі туралы естідіңіз бе?

Аурудың медициналық атауы — прозопагнозия. Мидың төменгі шүйде бөлігі зақымданған жағдайда пайда болады. Дертке шалдыққан адам өзгелердің түр-әлпетін есте сақтай алмайды, тіпті көрмейді. Кейбір адам өзінің түрін ұмытып қалады. Ал кей адам ер адам мен әйел адамды ажырата алмайды.

Көп жағдайда бастан ауыр соққы алған кезде пайда болады, бірақ туа бітті жағдайлар да кездеседі. Қартайған шақта да ауру дамуы мүмкін. Көбіне солақай адамдарда кездескен.

@massaget_kz
321 views08:50
Ашу / Түсініктеме
2022-03-26 16:43:00 Әлеуметтік желіде жариялауға болмайтын негізгі деректер қандай?

Ғаламтор алаяқтар пайдаланатын ашық дереккөзіне айналды. Одан сақтану үшін кей деректерді жасырған жөн.

1. Байланыс нөмірі
Атыңызға несие алуы немесе нөмірге тіркелген ақпараттар арқылы сізді бопсалауы мүмкін.
2.Құжаттардың суреті
Бұндай жағдайда алаяқтар сіздің атыңызға несие алып, қылмыстық істер үшін фирма тіркейді.
3. Маршрут
Бала кезімізден бөтен адамға тұрғылықты мекенжайды айтуға болмайтынын білеміз.
4. Билеттердің суреті
Билеттерде арнайы штрихкод бар. Ол кірер сәтте бір-ақ рет сканерлеуден өтеді. Егер билеттің көшірмесін жасаса, залға немесе стадионға төлеген адам емес, ерте келген адам кіре алады.

@massaget_kz
336 views13:43
Ашу / Түсініктеме
2022-03-26 15:19:09 2022 жылы Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 2 мамырда аяқталады. Оразаны 30 күн ұстайды.

2 мамырда Ораза айт басталады. Ал 27-нен 28-не қараған түні – Қадір түні.

Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 500 теңге болып бекітілді.

Ораза кестесімен толық мына сайтта таныса аласыз.

@massaget_kz
289 viewsedited  12:19
Ашу / Түсініктеме
2022-03-11 16:09:31 Егер әлеуметтік желілердегі қорқынышты жаңалықтар ағынына кіріп кетсеңіз, ал достарыңыздың жіберіп жатқан хаттары одан сайын үрейлендірсе, сіз — жалғыз емессіз. Себебі бұрын-соңды әлем тарихында адамдар мұндай көп ақпарат құралдары қоршаған жерде өмір сүрген емес. Егер өзіңізді қолға алып, күнделікті жаңалықтарды сүзгіден өткізбесеңіз, ол ағзаңызға қауіп төндіруі мүмкін.

Зерттеулер бойынша, сандық технология заманында шамамен төрт адамның үшеуі ұйықтар алдында және ұйқыдан тұрған бойда жаңалықтарды/әлеуметтік желілерді тексереді: нәтижесінде, өздерін жабырқаңқы сезінеді. Техас университетінің профессоры Мэри Макнотон-Кассиллдің айтуынша, бұл біздің ақыл-ойымызға әсер етіп, депрессия, мазасыздық және ашу сезімін шақырады. Психолог бұл қысымды «тоқтаусыз табиғи апатпен» салыстырды. Ендеше, «жаман» жаңалықтарды үздіксіз оқу физиологиялық деңгейде неге әкеледі?

1. Үнемі «жаман» жаңалықтар оқудан күйзеліс созылмалы түрге айналады.
Күйзеліс — адам үшін үйреншікті сезім. Оны арасында бастан өткеру — қалыпты нәрсе. Бұл қысқа мерзімді эмоция, әдетте, жылдам кетеді. Мұндай күйзеліс адамға қауіпті жағдайды бақылауға көмектеседі. Ол бір апта немесе одан да ұзаққа созылса, оны созылмалы күйзеліс деп атайды. Әлсін-әлсін қорқынышты жаңалықтар оқу осы созылмалы күйзелісті тудырады. Сіз оған үйреніп кетсеңіз, ол қауіпті психикалық проблемаға айналады.

2. Үнемі «жаман» жаңалықтар оқудан кортизол гормондары бөлінеді.
Дене күйзеліске гормандар бөлу арқылы әсер береді. Бұл гормондар бастапқыда миыңызды өткір әрі сергек етеді, бұлшықеттерді тонусқа келтіріп, жүрекке көбірек қан жібереді. Бұл реакциялар қысқа мерзімді түрде жақсы. Дене осылай қорғанады. Алайда күнделікті негатив жаңалықтарға әсер беру кезінде осы реакциялар кортизол деңгейінің артуын шақырады. Бұл гормон бүйрек үсті безінде түзіледі және тікелей артериялық қысым мен зат алмасуға әсер етеді. Нәтижесінде, жоғары қан қысымы, жүрек жеткіліксіздігі, ас қорытудың бұзылуы, семіздік және тіпті, диабет пайда болуы мүмкін.

3. Үнемі «жаман» жаңалықтар оқудан есте сақтау нашарлайды.
Дәрігер Элмер Уэрттің зерттеуі бақылаусыз ақпараттық негативтен пайда болған күйзеліс адамның есте сақтауына әсер ететінін көрсеткен. Соның ішінде, ол «кеңістіктік есте сақтауға», яғни, біздің кеңістіктегі заттарды табу және байланыстыру қабілетімізге жауап беретін есте сақтау типіне әсер етеді. Кеңістіктік есте сақтаудың өзгеруінің қарапайым мысалына үйдің немесе көліктің кілтін қай жерге қойғанымызды ұмытып қалуды жатқызуға болады. Созылмалы күйзеліс қаншалықты ұзақ созылса, есте сақтау соншалықты қысқа бола түседі. Ми құрылымының бұлай өзгеруіне де кортизол кінәлі.

Ендеше, «жаман» жаңалықтар әсерімен қалай күресуге болады?
Уақытша ұялы телефонды сөндіріп тастаңыз. Өкінішке орай, мұны айту ғана оңай. Себебі біз ұялы телефонды автоматты түрде қолданамыз. Ең болмағанда, арасында хабарлама келуін сөндіріп тастау керек. Сондай-ақ, ұйықтауға 1-2 сағат қалғанда ұялы телефонды «мазаламау» режиміне қою ұсынылады.

Төтенше жағдайдың өзінде позитивті ойлауды қолдануды үйреніңіз. Әр нәрседен үміт сәулесін іздеңіз. Позитивті ойлау күйзеліспен күресуге көмектесіп қана қоймай, депрессия деңгейін төмендетуге және иммунды жүйені қатайтуға көмектеседі. Күйзелісті басқара білу маңызды. Бұл проблеманы шешуге нақты жоспармен кірісіңіз.
418 views13:09
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 17:02:25
Мегалодон қандай болған?

Жерде тіршілік еткен алыптардың бірі - Otodus megalodon. Ұзындығы 50 метрге дейін жеткен деп болжанады. Бұл жайлы фильм де жарыққа шыққан. Бірақ ғылымда мегалодонның қандай болғаны жайлы нақты тұжырым жоқ. Бұл жайында жуырда ғана Historical Biology басылымында жазылды.

Мұхиттағы алып тіршілік иесі миллион жыл бұрын жойылған. Қазір оның тісі мен омыртқасының кей бөліктері ғана табылып отыр. Ғалымдар мегалодон қазіргі ламнид акулаларға ұқсаған деп болжайды. Дегенмен Калифорния университетінің палеонтологтары бұл тұжырыммен келісе қоймайды.

Алып акуланың қандай болғаны жайлы сенімді деректер жоқтың қасы. Бәрі де болжамдар ғана. Сондықтан да қазіргі ғылым деңгейінде бірін шын, екіншісін жалған деп айту қиын. Мегалодон мүлде басқаша болуы да мүмкін, - дейді зерттеушілер.
59 viewsedited  14:02
Ашу / Түсініктеме
2022-02-22 17:00:45
2020 жылы зерттеушілер жер бетіндегі ең ұзын тіршілік иесін Аустралия жағалауына жақын маңдағы терең шатқалдан байқаған. Ол су астындағы сифонофора еді. Ұзындығы шамамен 45 метр болған.

Адам көзіне түспеген, зерттеушілер назарына әлі ілікпеген ірі тіршілік иелері бар ма? Бұған ғалымдар бүгінге дейін бас қатырып келеді. Ұзын деп саналған сифонофораны көргеннен кейін зерттеушілерді бұл сұрақ одан ары қызықтыра түсті.

Сифонофора
– медузаға ұқсас келетін жыртқыш. Құрылысы мыңдаған зооидтардан тұрады. Барлығы бірігіп бір организмнің қызметін атқарады. Бұл жаратылыс балықпен қоректенеді. Уы қатты болғандықтан, адамдар үшін қауіпті.

Ғалымдар анықтауы бойынша айтар болсақ, сифонофора мұхитта 700-1000 метр тереңдікте тіршілік етеді. Ал мұндай тереңдікті зерттеу оңай емес. Мұхит түбі әлі де зерттелмеген, ғылымда анықталмаған тіршілік иелеріне толы. Мұхит түбіне сүңгіген зерттеушілерден биікке көтерілген ғарышкерлер әлдеқайда көп.
57 viewsedited  14:00
Ашу / Түсініктеме
2022-02-02 11:49:30
Стивен Гласстың алаяқтығы

Стивен Гласс 1990 жылдары журналистика саласының жұлдызы болған еді. Ол беделді америкалық The New Republic басылымында жұмыс істейді. Еңбек еткен үш жыл ішінде ол әріптестері мен оқырмандардың көңілінен шығып үлгереді. Оны талантты журналист ретінде таниды.

Оның барлық мақаласы нағыз сенсация болады. Бірақ кейін оның басым бөлігі ойдан шығарылғаны анықталады.

1998 жылы мамыр айында Гласс "Hack Heaven" атты мақаланы жарыққа шығарады. Ол өзінің жұмыс берушісінің компьютеріне хакерлік шабуыл жасаған жасөспірім жайында болады. Forbes журналистерінің бірі мақаладағы деректерді тексермек болып, кейіпкер жайында және фирма туралы ақпарат мүлде жоқ екенін анықтайды.

Тергеу барысында оның 27 мақаласы да ойдан шығарылғаны белгілі болған. Сол жылы ол жұмыстан қуылады. 2003 жылы аты шулы оқиға жайында фильм жарыққа шықты.
96 viewsedited  08:49
Ашу / Түсініктеме
2022-02-02 10:48:06
573 views07:48
Ашу / Түсініктеме
2022-02-01 15:42:50 Мәшһүр Жүсіптің болжамы орындалды ма?



109 views12:42
Ашу / Түсініктеме