Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен спортсүйер қауым | Massaget TANYM

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен спортсүйер қауым! Сіздерді футболдан Еуропа чемпионатына арналған болжамдар бәйгесіне қатысуға шақырамыз! Сіздерді бас демеушіміз Huawei Device Қазақстан компаниясы тағайындаған бағалы сыйлықтар күтеді!
Болжамдар бәйгесінің ережелері: 
Өту кезеңі: 11 маусым мен 11 шілде аралығы, яғни Еуропа чемпионатының өту уақыты.


Күн сайын Massaget.kz сайтында сол күні өтетін кездесулер жайлы ақпараттар, сараптамалық-шолулар мен қызықты статистикалық материалдар жарияланады. Қатысушылар "Euro 2020" бөлімінде жарияланған кез келген мақала соңындағы бәйге алаңына өз болжамын қалдырады. 
Болжам қалдыру үшін сайтқа тіркелуіңіз қажет. Тіркелу үшін сайттың оң жақ бетіндегі "Тіркелу" батырмасын басасыз. Болмаса әлеуметтік желілер арқылы кіруге болады. 
Болжамдар бәйгесіне қатысушылар рейтингі ойын аяқталысымен жаңарып тұрады. Сілтемеге өтіп өзіңнің және өзгелердің болжамдарын көруге болады. 

Болжамдар ойын басталғанға дейін қабылданады. 

Болжамдар ойындардың негізгі уақытындағы нәтижелермен ғана есепке алынады. 

Жарысқа өз аты-жөндеріңізбен (түсінікті атпен) қатысуды сұраймыз. 

Қандай да бір сұрақтар болса  8702 244 84 14 нөмірі бойынша Whats App желісіне жазсаңыздар болады.

Қатысушылардың жас ерекшелігіне шек қойылмайды.

Ұпай саны, дәл жасаған ойындар болжамы тең болған жағдайда ғана randstuff.ru сервисі арқылы жеңімпазды кездейсоқ таңдайтын боламыз. 

Жүлдегер атанған өзге де қатысушылар сыйлықтан құр қалмайды. Белсенді шуды болдырмайтын Huawei FreeBuds 4i сымсыз құлаққабы мен Huawei Band 6 FullView дисплейімен жасақталған, қуаты 2 аптаға жететін, SPO2 тұрақты бақылауы бар фитнес-браслет Сіздерді күтетін болады. 

4-5 орын алған қатысушылар сайт атынан естелік сыйлықтарға ие болады.

Жеңімпаз өз сыйлығын Massaget.kz сайтының редакциясына хабарласып, ала алады. Сұрақтар мен өтініштер бойынша 8 (702) 244 84 14 телефонына хабарласып немесе massaget.kz@gmail.com электронды мекенжайына хат жолдай аласыздар.

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты бүгін түнде басталады. Бірінші ойын Түркия мен Италия құрамалары арасында өтеді.