Get Mystery Box with random crypto!

Massaget TANYM

Telegram арнасының логотипі massaget_kz — Massaget TANYM M
Telegram арнасының логотипі massaget_kz — Massaget TANYM
Арна мекенжайы: @massaget_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.63K
Арнадан сипаттама

Жаңалықтар: @massaget_news

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 5

2021-10-22 09:04:21
56 viewsNurila Yessirkep, 06:04
Ашу / Түсініктеме
2021-10-19 19:57:11 Назарыңызға осы бір жұмбақ сезім туралы қызықты деректер ұсынамыз

- “МАХАББАТ” терминінің түп төркіні “LUBHYATI” сөзінен шыққанға ұқсайды. Ол “ҚАЛАУ” (ЖЕЛАНИЕ) деген мағынаға ие.

- НЕКЕ ЖҮЗІГІ шылдыр шүмек аталатын саусаққа тағылады. Грек ғалымдары мұның себебін осы саусақта жүрекке тіке баратын “махаббат қан тамыры” бар деп түсіндіреді.

- ӘЛЕМ БОЙЫНША орта есеппен алғанда жігіттер өзінен үш жас кіші қызға үйленеді.

- ОРТА СТАТИСТИКА бойынша адамдар үйленбес бұрын 7 рет ғашық болады.

- ҒАШЫҚТЫҚ СЕЗІМІ бір жылдың шамасында өшеді екен. Дәл осындай уақытта ми махаббат сезімінің ләззатына тояды екен.

- ФИЛОФОБИЯ - сүюден не ғашық болудан қорқу.

- Біреуді жақсы көруді, қарнынның ашуы, ұйқы сияқты биологиялық қажеттілік деп санайды.

- Жай жағдайда кездескен жұпқа қарағанда, шытырман оқиғалы, қызық жағдаймен танысқан жұп арасындағы махаббат берік болады екен.

- СТАТИСТИКА бойынша ажырасатын жұптардың көбісі некесінің төртінші жылында осындай шешім шабылдайды екен.

- МАХАББАТЫ сезіне алмайтын жандар да бар. Олар гипопитуитаризм атты сирек кездесетін ауруға шалдыққан.
44 viewsNurila Yessirkep, 16:57
Ашу / Түсініктеме
2021-10-05 15:16:49 Бүгін қазақтың аяулы ақыны Есенғали Раушанов көзі тірі болғанда 64 жасқа келер еді...
44 viewsNurila Yessirkep, 12:16
Ашу / Түсініктеме
2021-10-05 15:16:42
45 viewsNurila Yessirkep, 12:16
Ашу / Түсініктеме
2021-07-26 16:06:25
Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты. Ауыр атлет Зульфия Чиншанло Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 

Қазақстандық зілтемірші 55 килоға дейінгі салмақта сынға түсті. Бұл – Олимпиада ойындарындағы әйелдердің жаңа салмақ дәрежесі. 

Зульфия жұлқа көтеру жарысын 90 килодан бастады. Одан кейін 93 килоны екі рет көтерсе де, төрешілер есепке алмады. Нәтижесінде бірінші жаттығудан кейін 7-орыннан көрінді.

Серпе көтеруді отандасымыз 123 килодан бастады. Бірінші мүмкіндігінде көтергенмен, төрешілер тағы есепке алмады. Екінші мүмкіндігінде бұл салмақты еңсере білді. Нәтижесінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. 

55 килоға дейінгі салмақта филиппиндік Хидилин Диас Олимпиада чемпионы атанды. Қос жаттығу бойынша 224 килоны (97+127) еңсеріп, Олимпиада рекордын жаңартты. Күміс медальды қытайлық ауыр атлет  Ляо Кин еншіледі. Ол қоссайыста 223 кило (97+126) көтерді.

Жүлде құтты болсын, қазақ елі
33 viewsӨмірбек Сансызбай, 13:06
Ашу / Түсініктеме
2021-07-25 14:53:12
Қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон Токиодағы Олимпиада ойындарының жүлдегері атанды. Ол 61 килоға дейінгі салмақта қола медаль еншіледі.

Игорь Сон Игорь жұлқа көтеруде 131 килоны еркін бағындырса, серпе көтеруде 163 килоны еңсерді. Қоссайыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 294 келіні көтерді. Бұл нәтижемен үшінші орынға тұрақтады.

Бұл салмақта алтын жүлдені қытайлық Ли Фабин (313 келі), күмісті индонезиялық Эко Юли Иреван (302 келі) иеленді. 

Игорь Сон – Қазақстан ауыр атлетика мектебінің түлегі. Алматы облысындағы Үштөбе қаласының тумасы. Халықаралық жарыстарда 2013 жылдан бері бақ сынап келеді. Ересектер арасында 2017 жылдан бастап қатыса бастады. 

Олимпиада ойындарына дейінгі ең үздік көрсеткіші – 2019 жылғы әлем чемпионатының күмісі. Ол кезде 55 килоға дейінгі салмақта өнер көрсеткен. 

Спортшының жеке жаттықтырушысы – Сергей Седов. Игорь болса Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан қатысып жатқан ерлер арасындағы жалғыз спортшы.
58 viewsӨмірбек Сансызбай, 11:53
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 13:38:22
Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. 60 кило салмақта бақ сынаған отандасымыз Елдос Сметов қола медаль еншіледі.

Елдос жартылай финалда жапон спортшысы Наохиса Такатоға жол беріп алды. Ал қола медаль үшін өткен белдесуде нидерланд дзюдошысы Торнике Чакадуаны жеңді.

Қазақстандық спортшы жартылай финалға дейін түрік Аққұс Махширді, одан кейін Оңтүстік Корея өкілі Ким Вон Джунды жеңген болатын.

Елдос екінші рет Олимпиада ойындарында жүлде алып отыр. 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс алған.
20 viewsӨмірбек Сансызбай, 10:38
Ашу / Түсініктеме
2021-07-24 06:28:21
Қазақстандық дзюдошы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг Олимпиада ойындарындағы бірінші кездесуінде қарсыласына есе жіберді.

48 килоға дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз қытайлық спортшы Ли Яньаньға жол берді.
44 viewsӨмірбек Сансызбай, 03:28
Ашу / Түсініктеме
2021-07-23 16:28:49
Қазақ спортындағы тарихи сәт!

Токио Олимпиадасына аттанған қазақстандық спортшылар ашылу салтанатына қатысты. Атлеттер шеруінде еліміздің Туын бокстан құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев пен Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова көтеріп шықты.

ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын отандастарымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз

Қазақтың Туы биікке көтеріліп, Әнұраны асқақ шырқалғай.

Фото:olympic.kz

#tokyo2020 #teamkz #kazakhstan #olympicgames
42 viewsӨмірбек Сансызбай, 13:28
Ашу / Түсініктеме