Get Mystery Box with random crypto!

Кейде үлкен буын жастар тілін түсінбей, басы қатып жатады. Өйт | Massaget TANYM

Кейде үлкен буын жастар тілін түсінбей, басы қатып жатады. Өйткені, жастар арасында сленг сөздер қалыптасып, өздеріне ғана түсінікті жаргондармен сөйлесетіні белгілі. Сленг сөзі ағылшынның “slang, jargon” сөздерінен шыққан. Бұл сөздер уақыт өткен сайын жаңарып отыратыны тағы бар. Назарыңызға жаңа сленгтер тізімін ұсынамыз.

Кринж
. Ағылшын тілінен «қысылу» - ұялу, ыңғайсыздану дегенді білдіреді. Бізге таныс «испан ұят» сөзінің жаңарған нұсқасы. Әдетте өзгенің қылығына бола ұялған кезде қолданылады. Мысалы тик-ток желісіндегі пікір аймағында "кринжден қайтыс болдым" деген тіркесті байқауға болады. Бұл - қазақтың "ұяттан өліп кету" тіркесінің синонимі.

Краш. Құпия немесе жауапсыз ғашық болуды түсіндіретін сленг. Кейде жай ғана сізге ұнайтын адамды краш деп атайды. Көп жағдайда қыздар қауымы сүйікті актерлерін, әншілерін краш деп атайды.

Буллинг. Ағылшын тілінен аударғанда әлімжеттік көрсету дегенді білдіреді. Жас айырмашылығына, гендерлік сипатына қарамастан көрсетілген кез келген зорлық-зомбылық, мазақтау және физикалық күш көрсетуді буллинг термині арқылы жеткізуге болады.

Vibe - атмосфера, көңіл-күй. Сөз эзотериктердің вибрация (діріл) сөзінен шыққан. Қазір бұл сөз жастар арасында ортақ атмосфераны, көбіне жақсы көңіл-күйді көрсету үшін қолданады. "Концерттің өз вайбы бар" деу арқылы оның өзгелерден ерекшеленетін көрсетеді.

Рофл (rofl) - Rolling On the Floor сөзінің қысқарған нұсқасы. Мағынасы - қатты күлу. Әдетте күлкілі нәрсені сипаттау үшін қолданылады. Қазір оны жасырын мазақ қылу, келекелеу немесе орынсыз іс-әрекетті сарказм арқылы жеткізу мағынасында көре аласыз.