Get Mystery Box with random crypto!

Massaget TANYM

Telegram арнасының логотипі massaget_kz — Massaget TANYM M
Telegram арнасының логотипі massaget_kz — Massaget TANYM
Арна мекенжайы: @massaget_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.63K
Арнадан сипаттама

Жаңалықтар: @massaget_news

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2021-03-15 13:32:46 ЕХОООООООУ

Бірнеше ай бұрын қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) Saint JHN орындайтын "Roses" әніне жасаған ремиксі "Грэмми" сыйлығына үміткер атанған болатын. "Roses (Imanbek Remix)" трегі "Best Remixed Recording" номинациясы бойынша музыкант "Грэмми" премиясын жеңіп алды.
Иманбек - "Грэмми" алған алғашқы қазақстандық.

Отандасымызды жеңісімен құттықтаймыз!
372 views10:32
Ашу / Түсініктеме
2021-02-24 09:46:26 Мықты адамның рухы жоғары. Өмірлік тәжірибесі, мақсат-мұраты, өмірге деген көзқарасы, әдеті-пиғылы оны толық адам ретінде көрсетеді. Ал оның бойындағы 50 әдет қандай?

1. Біреулердің салы суға кеткен жерден өз мүмкіндіктерін іздейді.
2. Біреулер сәтсіздік деп тапқан нәрседен олар сабақ алады.
3. Олар жақсылап ойланып барып шешім қабылдайды.
4. Олар "алма піс, аузыма түс!" деген қағиданы ұстанбайды.
5. Қорқынышқа жол бермейді.
6. Дұрыс сұрақ қоя біледі.
7. Олар ешқашан шағымданбайды.
8. Кінәні мойындарына бірден алады және әр істеріне әр уақытта жауап бере алады.
9. Оларда керемет талант жоқ. Есесіне дәл уақытында дұрыс шешім қабылдай алатын батылдық бар.
10. Икемді, алғыр және уақытпен жүріп үйренген.
11. Олар қастарына өздері сияқтыларды жинайды. Бұл өз тағдырына өздері қожайын деген сөз.
12. Олар өмірдің ағысымен кетпейді. Қолдарынан бәрі келетіндігіне сенеді.
13. Олар өз өмірлерін қалай елестетсе, солай құрайды.
14. Олар еліктемейді, өз жолдарын салады.
15. Олар ешнәрсені ертеңге қалдырмайды.
16. Олар өмірден сабақ алады.
17. Олар – оптимист. Содан да болар, барлық нәрседен жарқын болашақ күтеді.
18. Олар сол мезетте керек болған іс-қылықтарды жасайды.
19. Олар кез келген қиындыққа бетпе-бет барады.
20. Олар қиындықтан қашпайды, керісінше...
21. Өз тағдырларын өздері жасайды.
22. Олар тосын жайттың алдын алуға үйренген.
23. Олар эмоцияның соңынан еріп кетпейді.
24. Олар байланыс құралдарын жақсы меңгерген.
25. Олар өмірлерін бір мақсаттың желісінде қояды.
26. Олар қабылдау керек шешімді табанда қабылдайды.
27. Көп адамдар жайлылықты іздесе, олар сол қиындықтардан мінездерінің ширай түсетіндіктерін біледі.
28. Олар өмірдің шынайы бағасын біледі.
29. Олар бақыт пен ақшаны, қуаныш пен тақты шатастырмайды.
30. Олар белгілі бір үдемен жүруге тырысады.
31. Олар өздеріне сенімді.
32. Олар – мейірімді және ақкөңіл. Өзгелерге көмектесуден жай тауып жүреді.
33. Олар қарапайым болып жаратылған. Керек кезде кешірімді бірінші болып сұрайды.
34. Олар кез келген ортаға тез бейімделеді.
35. Олар физикалық денеге жақсы күтіммен қарайды, бірақ көп уақыт бөле бермейді.
36. Олар әр уақытта еңбекқор.
37. Олар жақсылықтың бағасын түсінеді.
38. Олар адамдармен ашық сөйлеседі.
39. Олар күдік, күңсік ойлары аралас адамдармен араласпайды.
40. Олар керек емес нәрсеге уақыттарын сарп етпейді.
41. Олар біреудің ой-пікіріне тәуелді емес.
42. Олар өз шама-шарықтарына қарай жүреді.
43. Олар өздеріне тым үлкен жоспарларды қояды.
44. Олар өз сәтсіздіктеріне ақталып жатпайды.
45. Олар демалуды біледі.
46. Олар мансап пен жеке өмірді шатастырмайды.
47. Олар қай кезде де тиімді жолды іздейді.
48. Олар кез келген істі жарты жолда тастамайды.
49. Олар – күрделі бітім-болмыстың иелері.
50. Олар шынайы өмір сүре алады.
555 views06:46
Ашу / Түсініктеме
2021-02-22 14:17:52 Вирусқа қарсы антидене қанша уақытта түзіледі?

Ауру шақыратын вирустар шабуыл жасағанда ағза оған қарсы күресу үшін антиденелер түзеді. Бұл ағзаның ауруға қарсы тұрар жалғыз құралы.

Антидене – вируспен байланысып, оны бұзатын ақуыздар. Ол вирустың өзін-өзі көшіруге жол бермейтін. Бүгінде коронавирусқа қарсы антидене бар-жоғын тест жасау арқылы анықтайды. Егер адам коронавирус жұқтырса, ағза антидене түзеді.

Адамзат эволюциясы кезеңінде ағза инфекцияларға қарсы күрестің түрлі жолын тапты. Бүгінде иммун жүйесі түзетін жасушылар ағзаға кез келген вируспен күресуге көмектеседі. Бірінші, ағза түскен ауруды қоздырушымен иммун жүйесінің жасушылары байланысады. Егер оның жат екені анықталса, жасушылар IgM деңгейлі антидене түзеді. Олар вирустың түрін анықтап, оған қарсы күреседі. Артынша "жауы" жайлы барлық ақпаратты жадына сақтап алады. Вирус ағзаға қайта түскен жағдайда IgG антидене лезде түзіледі де, үлкен көлемде ауру қоздырғышын жойып шығады.

Қазір әлемді жаулаған SARS-CoV-2 вирусына қарсы антидене бір аптадан екі аптаға дейінгі уақытта пайда болады. Ал оның деңгейі уақыт пен вирустың әсеріне байланысты. Ағзада антидененің бар-жоғын анықтау үшін қан тапсыру қажет. Тесттің жауабы тез арада шығады.

Инфекцияның түріне байланысты түзілетін иммунитет әркелкі. Мысалы адам ағзасы қызылша вирус өмір бойына "есте сақтайды". Бала кезде жасалған екпенің арқасында мүлдем қызылша жұқтырмауға болады. Алайда тұмауды бір маусымда бірнеше мәрте жұқтыруы мүмкін. Өйткені оның штамдарды да әркелкі.

New York Times басылымы коронавирусқа қарсы антидене қанша уақытқа дейін жарамды екенін жариялады. SARS-CoV-2 вирусы салыстырмалы түрде жақында пайда болғанына байланысты әлі көп нәрсе белгісіз. Дегенмен ғалымдар антидене кем дегенде 2-3 ай ағзаны қорғайды дейді. Ал жақында ғана сынақтан өткен Ресейдің "Спутник V" вакцинасы 2 жыл бойы иммунды жауап қайтаруға қабілетті екен.
400 views11:17
Ашу / Түсініктеме
2021-02-19 12:28:49 Американдық Perseverance зерттеу құрылғысы Марсқа сәтті қонды. Оны Америка Құрама Штаттарының аэронавтика және ғарыш ұлттық басқармасы (NASA) тікелей эфирде көрсетті. Видеодан NASA қызметкерлерінің қалай қуанғанын байқауға болады.
371 views09:28
Ашу / Түсініктеме
2021-01-30 08:38:01
Жарайсың, қазақ батыры

Садриддин қарсыласына мықтылығын мойындатып, төрешілер шешімі бойынша айқын жеңіске жетті. Кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді.

Бірінші орта салмақта үш бірдей чемпиондық белбеу иеленді
102 views05:38
Ашу / Түсініктеме
2021-01-17 06:39:00 Қазақстан халқының 41%-ы ауылда тұрады

Ұлттық статистика бюросы демографиялық ахуалға қатысты мәліметтер жариялады

2020 жылғы 1 желтоқсандағы дерек бойынша, Қазақстандағы халық саны – 18 млн 852 мың адам. Оның 11 млн 129 мыңы (59%) қалада, 7 млн 723 мыңы (41%) ауылда тұрады екен.

Халықтың 9 млн 146 мыңы (48,5%) ерлер болса, 9 млн 706 мыңы (51,5%) – әйелдер.
282 views03:39
Ашу / Түсініктеме
2021-01-08 10:10:13 Халқымыз сүйек пен мүйізден зергерлік бұйым, ыдыс жасаған. Ал бүгінгі кейіпкеріміз сүйектен кәдесый жасайды. Шығыс Қазақстан тумасы Тоқтарбек Әлімжановтың сүйектен бұйым жасауға бала күнінен ықыласы ауған. Елу жылдан астам уақытын "сүйек өнеріне" арнаған.

Шебер Massaget.kz тілшісіне сүйектен мүсін жасаудың қыр-сырын айтып берді

https://massaget.kz/mangilik_el/shanyirak/koloner/64203/
401 views07:10
Ашу / Түсініктеме
2020-12-10 08:55:57
Ғарышта жүріп президент сайлауына қатысуға бола ма?

Президент сайлауында әр адамның дауысы маңызды. Ел азаматтары шетелде жүрсе де, елшілікке барып дауыс беріп жатады. Ал дауыс беруші азамат Жерде емес, ғарышта болса ше?

1997 жылғы АҚШ-тағы президент сайлауы тарихта қалды. Өйткені америкалық ғарышкер Дэвид Вулф Халықаралық ғарыш станциясында отырып дауыс берді. Содан бері ғарышқа ұшқан астронавттар ешбір президент сайлауынан қалыс қалған емес.

Бір қызығы, Америка ғарышкерлерінің дауысы Техас штатында тіркеледі. Себебі осы штатта ғарыш орталығы бар, ал ғарышкерлердің басым бөлігі жақын жердегі Хьюстонда тұрады.

АҚШ ғарышкерлері NASA жасаған, қатаң қорғалған электрон пошта арқылы дауыс береді. Ал дауыс беру қағазында олар мекен-жайын "Жер орбитасы" деп көрсетеді екен.
567 viewsedited  05:55
Ашу / Түсініктеме