Get Mystery Box with random crypto!

Massaget TANYM

Telegram арнасының логотипі massaget_kz — Massaget TANYM M
Telegram арнасының логотипі massaget_kz — Massaget TANYM
Арна мекенжайы: @massaget_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.63K
Арнадан сипаттама

Жаңалықтар: @massaget_news

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2021-07-11 09:20:37 Айналаңыздан тізімдегі достарыңыз табылып жатса өзіңізді жолы болғыш жанмын деп есептей беріңіз

Дәрігер досыңыз

Медициналық көмектен бастап консультацияға дейін сіз үшін оңай әрі қолжетімді болар еді. Тіпті досыңыздың кеңесімен диагнозыңызды анықтауға мүмкіндігіңіз болады. Кем дегенде өзіңізге қажет мамандарды табу жеңілдейді.

IT маманы
Компьютеріңізбен қиындықтар болғанда қасыңыздан табылар досыңыз. Барлық мәселеңізді шешіп, қажет бағдарламарыңызды орнатып беріп қана қоймай, керек болса тіпті сайт жасауы да мүмкін.

Заңгер
Заң саласында қиындықтар туғанда бұдан хабары бар заңгер досыңыз көмекке келері сөзсіз.

Риелтор
Қаншама уақытыңызды, жүйкеңізді зая кетіріп әуре болмайсыз. Риелтор досыңыздан үй мәселелерін реттеуді сұрасаңыз жетіп жатыр. Мәселеңіз бір коңыраудан-ақ шешіледі.

Аспаз
Аспазбен дос болу – бәрінің арманы. Тағамның түр түрімен сізді таңғалтудан жалықпайтыны анық. Кейде құпия рецептімен бөлісер еді.

Фитнес тренері
Дене сымбатыңызды қалай қалыпқа келтіремін деп бас қатырмайсыз. Жаттығу залы сіздің екінші үйіңізге айналып, досыңызден еш қысылмастан ақыл-кеңес сұрай аласыз.

Турагент
Досыңыз тұрғанда сенімді турагенттік іздеп әуреленбейсіз. Тек қаласаңыз болғаны, досыңыз әлем бойынша саяхат жасауға есік ашып беретіні анық.

Психолог
Психолог досыңыз болса, ол тек дос ретінде ғана емес, кәсіби маман ретінде кеңес беретініне күмәніңіз болмасын.
58 viewsNurila Yessirkep, 06:20
Ашу / Түсініктеме
2021-07-11 09:14:52
54 viewsNurila Yessirkep, 06:14
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 15:40:43
65 viewsNurila Yessirkep, 12:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-09 15:40:22 Жазда сен зерікпесін деп, айналысуға болатын істер тізімін құрдық. Керегін ал да достарыңмен көңіл көтеруді ұмытпа.
65 viewsNurila Yessirkep, 12:40
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 18:59:44 Ағылшын тілінде "Білмеймін" деген сөздің 7 түрлі баламасы барын біліп пе едіңіз? I don't know-дан да басқаша айтуға болады екен.

Досыңызды таңғалдырғыңыз келсе, welcome!

I don’t have a clue — түсінсем бұйырмасын

Білмейсіз не білгіңіз келмесе де осы тіркесті айтсаңыз болады. "I don’t have a clue" дегенді естіген досыңыз сізді ендігәрі бұл сұрақпен мазаламайды. Мәселен:

— You’re a programmer, right? How do I fix the camera on my iPhone?
— Сен програмиссің ғой? Айфонның камерасын қалай жөндейді?

— I don’t have a clue.
— Түсінсем бұйырмасын.

How should I know? — Мен қайдан білейін?

Қазақ тілінде оғаш естілсе, ағылшындарға да солай. Бірақ кейде бұндай тон керек боп қалады. Сізбен сөйлесіп тұрған адам сұрақтың орынсыз не сізге кедергі келдітірп тұрғанын сезетін болады.
Тынышы – мазаламай-ақ қоюы керек еді, мұны естігенше)

— What time does the show start?
— Шоу нешеде басталады?

— How should I know? Why don’t you call the theatre?
— Мен қайда білейін? Неге театрға қоңырау шалып көрмейсің?

IDK — білмеймін
[aɪ di keɪ]

IDK — "I don’t know" сөйлемінің қырқартылған түрі. 10 жыл бұрын бұл сөз жасөспірімдердің слэнгі болған, қазір ересектердің сөздік қорына кіріп үлгерген. Жазбаша нормада осылай көрініс табады. Ағылшын тілі өлмейтін тіл ғой.

— Will you come to Kate’s party tonight?
— Кэйттің кешіне келесің бе?

— IDK
— Білмеймін.
Dunno — не знаю
[dəˈnoʊ]

Dunno [dəˈnoʊ] — "I don’t know" сөйлемін нағыз ағылшындар үнем заңына сәйкес осылай қысқартып айтады. Егер IDK-ді жазбаша нормада қолданса, dunno — ауызекі сөйлеуде қолданылады. Бізше "білмим" дегендей.

— Where does Kate live?
— Кэйт қайда тұрады?

— Dunno, somewhere in Greenwich.
— Білмим, Гринвичте ғой деймін.

Who knows? — Кім біліпті?
[hu noʊz]

Әлем сырға толы. Коронавирус жойыла ма? Оқушылар мектепке барып оқи ма? Локдаун бола ма? Кім біліпті? Жауабын сіз де, басқа да білмейтін сұрақтардың бетін осылай қайтарсаңыз, ұтылмайсыз.

— Will it be sunny this weekend?
— Осы демалыста күн ашық бола ма екен?

— Who knows?
— Кім біліпті? (немесе ит біліп пе?)

That’s exactly what I’m seeking to answer — өзім де білсем ғой
[ðæts ɪɡˈzæk (t)li wɑt aɪm sikɪŋ tə ˈænsər]

"Білмеймін" деп тіке жауап бере алмайтын сауалдар болады. Басқаша жауап бергің келетін сәттер де аз емес. Сол сәтте "өзім де жауабын білгім кеп іздеп жатырмын" десеңіз, ұтасыз. Білмейтініңізді мәдени түрде жеткіздіңіз. Ақымақ боп көрінбейсіз.

— Why do we have so many complaints from our customers lately?
— Неге соңғы кезде тұтынушылар жиі шағымданып жүр?

— That’s exactly what I’m seeking to answer.
— Мен де сол сұрақтың жауабын іздеп отырмын.

I’m not sure I’m the best person to answer that — сауалыңызға жауап беретін адам мен емес-ау

Қойылған сұрақ иесін таппай адасса, осылай жол не жөн көрсетсеңіз, құба-құп. Жұмыс барысында басқа мәселемен келіп тұрған тұтынушыға не әріптесіңізге осылай көмектесіңіз. Әрі сізді біреу ілеспе әңгімеге тартқысы келсе, осылай құтылсаңыз болады.

— Can I get a discount?
— Жеңілдік жасай аласыз ба?

— I’m not sure I’m the best person to answer that.
— Бұл сұрақты мен шешпеймін.
43 viewsNurila Yessirkep, 15:59
Ашу / Түсініктеме
2021-07-04 18:59:35
44 viewsNurila Yessirkep, 15:59
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 11:42:49
88 viewsNurila Yessirkep, 08:42
Ашу / Түсініктеме
2021-07-03 11:42:00 Халық арасына ең көп тараған психология саласында танымал терминдер де бар. Оны жиі естіп жүргенімізбен, мағынасын толық ұқпауымыз мүмкін.

Алайда мына терминдердің мәнін әр адам білгені абзал.
88 viewsNurila Yessirkep, 08:42
Ашу / Түсініктеме