Get Mystery Box with random crypto!

Massaget TANYM

Telegram арнасының логотипі massaget_kz — Massaget TANYM M
Telegram арнасының логотипі massaget_kz — Massaget TANYM
Арна мекенжайы: @massaget_kz
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 1.63K
Арнадан сипаттама

Жаңалықтар: @massaget_news

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-02-01 15:22:05 Саудагер айналаны бақылап, терезеге ұзақ қарап тұрды. Осы сәтте дүкенге сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Қаздай тізілген моншақтарды көргенде көздері жайнай түсті. Арада біраз уақыт өткен соң қолын созып, көгілдір ақықтан жасалған моншақты нұсқады.

- Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Оны маған гүл суреті бар қағазға орап бересіз бе? – деп сұрады бүлдіршін.

Саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып:

- Сенің қанша ақшаң бар? – деп сұрады.

Бүлдіршін қалтасынан ақша ораған орамалын алып, үстелдің үстіне бірнеше тиын қойды.

- Бұл жете ме? – деп сұрады. Дауысынан үміт оты ұшқындай түсті.

Бүлдіршін ұсынған ақша моншақтың қорабына да жетпейтін еді.

- Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Әпкем анамыз қайтыс болғалы бізге қарайлап келеді. Ол өзіне мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні. Мына моншақты сыйлағым келеді. Ақықтың түсі көзімен жақсы үйлесетін еді, - деп бүлдіршін мақтана түсті.

Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі елжірей түсті. Моншақты қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады.

- Ала ғой, құлыным! Жолда абайлап жүр. Жоғалтып алма, - деп моншақты ұсынды.

Қуаныштан жүрегі жарылардай болған бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Саудагердің жұмыс күні аяқталуға таяп қалған кезде дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. Бірден саудагердің үстелінің үстіне моншақты, қаптаманы және лентаны бөлек-бөлек қойды.

- Бұл моншақ осы жерден сатып алынды ма? Оның бағасы қанша? – деп сұрады бойжеткен.

- А! – деді саудагер, - Мен кез келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын.

- Менің сіңілімнің бірнеше тиыны ғана бар болатын. Ал мына моншақ таза ақықтан жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз көтермейді, - деп ағынан жарылды бойжеткен.

Саудагердің жүзіне күлкі үйіріліп, бойжеткенге моншақты қайта ұсынды.

- Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді...

Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды.

Өзіміз бала тәрбиелейміз деп жүргенімізде сәбилердің ұстаз болатын кездері бар. Жүрегі махаббат пен мейірімге толы сәбилерден үйренеріміз көп.
111 views12:22
Ашу / Түсініктеме
2022-02-01 15:21:44
97 views12:21
Ашу / Түсініктеме
2022-01-31 22:47:59
120 views19:47
Ашу / Түсініктеме
2022-01-29 11:52:26
Бай адамдардың біртүрлі әдеттері

#1 Алтын көйлек

Несие беру арқылы байыған үнділік миллионер Датта Фугенің алтынға деген ұлы махаббаты көпшілікке белгілі еді. 2013 жылы Фуге өзінің сүйікті металынан тапсырыс бойынша жейде тігіп, көпшілікті таң қалдырды. Салмағы 3,5 келі болатын алтын көйлек үндістандық байға 240 мың долларға түскен. Ол алтын көйлектен бөлек, сақина, төсбелгі, білезік және басқа да түрлі әшекей бұйымдарды таққанды жақсы көрген.

Фуге бала кезінен армандаған алтын оны бақытты ете алмады. 2016 жылы туған күнге шақырылған ол 12 адамнан таяқ жеп қайтыс болған.
436 viewsedited  08:52
Ашу / Түсініктеме
2022-01-28 13:47:57 Король Артур өмірде болған ба, болмаған ба?

Камелот сарайы, Дөңгелек үстелде отыратын рыцарлар, Сиқыршы Мерлин, Экскалибур қылышы... Иә, бұл ортағасырлық ертегілер мен романдардың аты аңызға айналған қаһарманы – Король Артур. Ол әділ билеуші, ар-намыс пен рыцарлық кодты қорғаушы ретінде адамдар есінде қалды.

Аңыз бойынша, Король Артур V-VІ ғасырлар арасында өмір сүрген және Ұлыбританияны мекендеген британдықтардың басшысы болған. Дәстүр бойынша, англо-саксондық герман тайпаларының Ұлыбритания аралдарына жасаған шабуылы мен Ұлы халықтардың қоныс аударуы кезінде Артур басқыншыларға тойтарыс берген топты басқарған.

Дегенмен, қазіргі заманғы бірде-бір тарихшы бұл адамның шынымен өмір сүргенін нақты айта алмайды. Ғалымдар бірнеше рет Артурдың аңызға айналған бейнесін сол немесе басқа тарихи тұлғаға жатқызуға тырысты, бірақ барлық әрекеттер нәтижесіз аяқталды.

Корнуолл графтығы Тинтагел қамалының қирандыларының жанында орналасқан. Артур патша туралы ең алғашқы сілтемелер ІХ ғасырға жатады және олар саксондармен бірнеше шайқастарға қатысқан көшбасшы (тіпті патша емес) ретінде суреттелген. Бұл дәлелдердің дұрыстығы күмәнді және көптеген зерттеушілер оны байыппен қабылдамайды.

Біраз уақыттан кейін, ХІІ ғасырда Артур патшаның тұлғасы Францияның солтүстігінде өлеңмен жазылған ортағасырлық рыцарьлық романстардың циклінде пайда болды. Бірақ бұл романдар тек әдеби шығарма, тарихи құжат емес.

Ұлыбританияда дәстүрлі түрде Король Артур туралы аңызбен байланыстырылатын бірқатар ескерткіштер бар. Мысалы, болашақ патша дүниеге келген деп есептелетін Тинтагельдің қазіргі қираған сарайы. Бірақ қамал қирандыларының орнында жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде ғалымдар Король Артурдың жеке басының шындығын растайтын ешқандай дәлел таба алмады.
69 views10:47
Ашу / Түсініктеме
2022-01-28 12:50:32
Адам өмірін улаған дәрі

1954 жылы Chemie Grünenthal атты неміс фармацевтикалық компаниясы "талидомид" дәрісін өндіреді. Дәрі алғашында эпилептикалық ұстамалары бар адамдарға арналып шығарылды. Кейін оның тыныштандыратын қасиеті бары анықталып, ұйқысыздыққа қарсы қолдана басталды.

Препарат әлемнің 46 елінде сатыла бастады. Дәрі қолданысқа енген 1 жыл ішінде ауруханаларда туабітті ауытқушылықтармен дүниеге келген балалар саны күрт артты. Соның ішінде көп баланың аяқ-қолы дамымай қалған болатын.

Босанған әйелдердің ауру тарихын зерттей келе, олардың барлығы жүктіліктің алғашқы айларында талидомид препаратын пайдаланғаны белгілі болады.

1961 жылы Welt am Sonntag басылымында неміс профессоры Ленц пен аустралиялық дәрігер Макбрайдтың зерттеу жұмыстары жарияланып, дәрі туралы ащы шындық айтылады.

Бұл зерттеу жұмысы әлемдік дәрі-дәрмек лицензиялау жүйесін толықтай өзгертеді. Кез келген препаратты шығармас бұрын оның ұрықтың дамуына әсері тексерілуі міндеттелді.
73 viewsedited  09:50
Ашу / Түсініктеме
2022-01-27 17:41:33
Алғашқы трэвел-журналист

Журналистика саласына ерекше үлес қосқан жандардың бірі – америкалық Нелли Блай. Ол алдымен есінен алжасқан адам болып, жындыханаға жатады. Сол жердегі адамдардың өмірін бақылап, көрген-білгенін басылымға жариялайды. Соның арқасында денсаулық сақтау саласында реформалар жүзеге асады.

Кейін 1889 жылы Нелли 72 күндік әлем бойынша саяхатқа шығады. Ол Нью-Йорк – Лондон – Париж – Бриндизи – Суэц – Цейлон – Сингапур – Гонконг – Иокогама – Сан-Франциско – Нью-Йорк бағыты бойынша әлемді шарлайды.

Саяхаттың демеушісі баспагер Джозеф Пулитцер болады. Ол жас әрі талантты журналист бойынан тілшіге тән қасиеттерді байқап, оған қолдау көрсетеді.

Нелли тұрақтаған аймақтан арнайы репортаж жасап, телеграф арқылы баспаға жібереді. Нью-Йоркке оралған соң, басынан кешкен шытырман оқиғаларды жинақтап, "72 күндік саяхат" атты кітап жазады. Нелли Блайды бүгінгі трэвел-журналистикасының негізін қалаушысы деуге болады.
67 viewsTomiris Yeskali, edited  14:41
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 15:19:49 Channel photo updated
12:19
Ашу / Түсініктеме
2022-01-11 15:18:13 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады. Қаулы Ақорда сайтында жарияланды.

Тағайындалғандар:

Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Ппремьер-министрінің бірінші орын;

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің Басшысы;

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі;

Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының әділет министрі;

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі;

Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;

Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының қаржы министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі;

Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі;

Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі;

Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі;

Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының энергетика министрі.
96 viewsTomiris Yeskali, 12:18
Ашу / Түсініктеме
2022-01-10 15:23:14 11 қаңтарға Алматыдағы ТЖ кезіндегі қоғамдық көліктің жұмыс кестесі туралы ақпарат

11.01.2022 таңғы 7:45-тен кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді

Қоғамдық көліктер:

34, 118, 38, 38а, 205, 206, 16, 11, 128, 141, 65, 56, 63, 63а, 77, 79, 92, 2, 12, 55, 32, 5, 5а, 86, 59, 44, 119, 4, 95, 8, 98, 18, 19, 99, 7, 57, 112, 126, 60, 22, 62

Қоғамдық көлік 20-30 минутта бір жүреді

Қоғамдық көліктің қозғалыс бағыты:

34: әдеттегі бағыты бойынша
118: әдеттегі бағыты бойынша, Саин-Райымбек көшесіне дейін
38/38а: әдеттегі бағыты бойынша
205: әдеттегі бағыты бойынша, Құлжа айналма жолы-Рысқұлов көшесіне дейін
206: әдеттегі бағыты бойынша
16: әдеттегі бағыты бойынша, Ақ кент ықшам ауданына дейін
11: әдеттегі бағыты бойынша, Қалқаман-Райымбек көшесіне дейін
128: әдеттегі бағыты бойынша, Қалқаманға дейін
141: әдеттегі бағыты бойынша, Солтүстік айналмалы жолы-Рысқұлов көшесіне дейін
65: әдеттегі бағыты бойынша
56: әдеттегі бағыты бойынша, Рысқұлов-Сейфуллин көшесіне дейін
63/63а: әдеттегі бағыты бойынша
77: әдеттегі бағыты бойынша, Рысқұлов-Жансүгіров көшесіне дейін
79: әдеттегі бағыты бойынша, ВАЗ айналмалы жолына дейін
92: әдеттегі бағыты бойынша, ВАЗ айналмалы жолына дейін
2: әдеттегі бағыты бойынша
12: әдеттегі бағыты бойынша
55: әдеттегі бағыты бойынша, Сәбденов көшесіне дейін
32: әдеттегі бағыты бойынша, Рысқұлов көшесіне дейін
5: әдеттегі бағыты бойынша
5а: әдеттегі бағыты бойынша
86: әдеттегі бағыты бойынша, ВАЗ айналмалы жолына дейін
59: әдеттегі бағыты бойынша, Құлжа-Рысқұлов көшесіне дейін
44: әдеттегі бағыты бойынша
119: әдеттегі бағыты бойынша, Саин көшесіне дейін
4: әдеттегі бағыты бойынша, Момышұлы көшесіне дейін
95: әдеттегі бағыты бойынша, Райымбек-Момышұлы көшесіне дейін
8: әдеттегі бағыты бойынша, Рысқұлов көшесіне дейін
98: әдеттегі бағыты бойынша
18: әдеттегі бағыты бойынша, Алматы 1 темір жол вокзалына дейін
19: әдеттегі бағыты бойынша, Саин-Рысқұлов көшесіне дейін
99: әдеттегі бағыты бойынша, Саин-Рысқұлов көшесіне дейін
7: әдеттегі бағыты бойынша, Момышұлы-Рысқұлов көшесіне дейін
57: әдеттегі бағыты бойынша, Момышұлы-Рысқұлов көшесіне дейін
112: әдеттегі бағыты бойынша, Момышұлы-Райымбек көшесіне дейін
126: әдеттегі бағыты бойынша, Төле би-Момышұлы көшесіне дейін
60: әдеттегі бағыты бойынша
22: әдеттегі бағыты бойынша, Карьер айналымына дейін
62: әдеттегі бағыты бойынша

@orda_kz
88 viewsTomiris Yeskali, 12:23
Ашу / Түсініктеме