Get Mystery Box with random crypto!

Адам түрін ажырата алмайтын ауру түрі туралы естідіңіз бе? Ау | Massaget TANYM

Адам түрін ажырата алмайтын ауру түрі туралы естідіңіз бе?

Аурудың медициналық атауы — прозопагнозия. Мидың төменгі шүйде бөлігі зақымданған жағдайда пайда болады. Дертке шалдыққан адам өзгелердің түр-әлпетін есте сақтай алмайды, тіпті көрмейді. Кейбір адам өзінің түрін ұмытып қалады. Ал кей адам ер адам мен әйел адамды ажырата алмайды.

Көп жағдайда бастан ауыр соққы алған кезде пайда болады, бірақ туа бітті жағдайлар да кездеседі. Қартайған шақта да ауру дамуы мүмкін. Көбіне солақай адамдарда кездескен.

@massaget_kz