Get Mystery Box with random crypto!

2020 жылы зерттеушілер жер бетіндегі ең ұзын тіршілік иесін Ау | Massaget TANYM

2020 жылы зерттеушілер жер бетіндегі ең ұзын тіршілік иесін Аустралия жағалауына жақын маңдағы терең шатқалдан байқаған. Ол су астындағы сифонофора еді. Ұзындығы шамамен 45 метр болған.

Адам көзіне түспеген, зерттеушілер назарына әлі ілікпеген ірі тіршілік иелері бар ма? Бұған ғалымдар бүгінге дейін бас қатырып келеді. Ұзын деп саналған сифонофораны көргеннен кейін зерттеушілерді бұл сұрақ одан ары қызықтыра түсті.

Сифонофора
– медузаға ұқсас келетін жыртқыш. Құрылысы мыңдаған зооидтардан тұрады. Барлығы бірігіп бір организмнің қызметін атқарады. Бұл жаратылыс балықпен қоректенеді. Уы қатты болғандықтан, адамдар үшін қауіпті.

Ғалымдар анықтауы бойынша айтар болсақ, сифонофора мұхитта 700-1000 метр тереңдікте тіршілік етеді. Ал мұндай тереңдікті зерттеу оңай емес. Мұхит түбі әлі де зерттелмеген, ғылымда анықталмаған тіршілік иелеріне толы. Мұхит түбіне сүңгіген зерттеушілерден биікке көтерілген ғарышкерлер әлдеқайда көп.