Get Mystery Box with random crypto!

Әлеуметтік желіде жариялауға болмайтын негізгі деректер қандай | Massaget TANYM

Әлеуметтік желіде жариялауға болмайтын негізгі деректер қандай?

Ғаламтор алаяқтар пайдаланатын ашық дереккөзіне айналды. Одан сақтану үшін кей деректерді жасырған жөн.

1. Байланыс нөмірі
Атыңызға несие алуы немесе нөмірге тіркелген ақпараттар арқылы сізді бопсалауы мүмкін.
2.Құжаттардың суреті
Бұндай жағдайда алаяқтар сіздің атыңызға несие алып, қылмыстық істер үшін фирма тіркейді.
3. Маршрут
Бала кезімізден бөтен адамға тұрғылықты мекенжайды айтуға болмайтынын білеміз.
4. Билеттердің суреті
Билеттерде арнайы штрихкод бар. Ол кірер сәтте бір-ақ рет сканерлеуден өтеді. Егер билеттің көшірмесін жасаса, залға немесе стадионға төлеген адам емес, ерте келген адам кіре алады.

@massaget_kz