Get Mystery Box with random crypto!

Қажылыққа барғысы келген қазақстандықтар қандай вакцина алуы қ | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Қажылыққа барғысы келген қазақстандықтар қандай вакцина алуы қажет – Министр түсіндірді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина алған қазақстандықтардың қажылыққа бару мүмкіндігі туралы айтты.

"Жалпы алғанда, қажылыққа бару үшін әр ел өз талабын қояды. Қазір бізде Sinofarm компаниясының вакцинасы бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны аккредиттеді. Яғни, егер қажылыққа қабылдаушы ел ДДҰ-да тіркелген вакцинаның болуын талап етсе, ондай вакцина бізде бар деген сөз. Соны қабылдап, қажылыққа шыға беруге болады", – деді министр.

Ведомство басшысы қазақстандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу жұмыстары сәтті өтсе, екпенің осы түрін алғандар да қажылыққа бара алатынын еске салды.

Еліміз қытайлық Sinofarm компаниясы өндірген Hayat Vax және Vero Cell вакцинасын тұрғындарға егуде.

Еске сала кетейік, отандық QazVac вакцинасы халал деп танылған болатын.

@ISLAMPRESS_kz | Ислам әлемі жаңалықтары

Каналға жазылуды ұмытпаңыздар