Get Mystery Box with random crypto!

КІТАП ОҚУ ДҰРЫС ПА? ⠀ Әлеуметтік желіде “кітап оқу” трендке ай | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

КІТАП ОҚУ ДҰРЫС ПА?

Әлеуметтік желіде “кітап оқу” трендке айналғанын байқаған боларсыз. Түрлі бағытта белең алған аталмыш үрдіс белгілі бір деңгейде қуантады. Әсіресе жастардың кітапқа телміргенінен оң өзгеріс көп болады деп сенемін. Бірақ...

Әңгімені менеджменттің әліппесінен бастайық. Екі ұғымға тоқталайық: дұрыс зат істеу (doing right things) және затты дұрыс істеу (doing things right).

Кітап оқу — дұрыс зат істеу. Ал кітапты қалай оқу — затты дұрыс істеу. Яғни, дұрыс кітап таңдау және тиісті амалдарды пайдалану.

Проблеманы айтып қана кетпей, шешу жолдарын да ұсынайық:
Біріншісі — кітапты қалай дұрыс таңдаймын?
Екіншісі — кітапты қалай дұрыс оқимын?

Бірінші амалға тоқталайық. Кітапты өз мақсатыңызға не проблемаңызға қарай таңдаған жөн. Сонда кітап өміріңізді сапалық тұрғыда өзгерте алады. Мысалы, іскерлік әдебиетті таңдау бойынша келесі кеңестерді қолдана аласыз:

1) Автормен танысу — Кітапты кім жазды? Биографиясы қандай? Ойы мен ұстанымы қандай?

2) Кітаптың атын, мазмұнын, өзгелердің ойы мен пікірін оқыңыз – Кітапты идеясы неде? Ой құрылымы қандай?

3) Кітаптың кіріспесін және қорытындысын оқыңыз – Кітаптың бірінші беттерімен танысыңыз. Бір беттегі түсінбейтін сөз саны 10-нан асса ол кітапты қайта сөре қоя салыңыз.

4) Мазмұнын қарау — Әр параграфтың бірінші және соңғы сөйлемдерін оқыңыз. Сіздің тапсырмаңыз – кітаптың мақсатымен танысу. Мәнін ұғу. Кедергі болмаса, осылай жылжи бергейсіз.

5) Соңында кітапты жауып тақырыпшаларды және негізгі ойды еске түсіріп көріңіз. Есіңізде қалса санаңыздың қызығушылық пайда болғаны

Қорыта келе тек дұрыс оқысаңыз ғана — кітап оқу Сізге оң нәтиже бере алады.

Ескендір Бестай