Get Mystery Box with random crypto!

ЖАНАРЫҢЫЗДЫ САҚТАҢЫЗ 'Компьютер, ұялы телефон, электронды кіт | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

ЖАНАРЫҢЫЗДЫ САҚТАҢЫЗ

"Компьютер, ұялы телефон, электронды кітапқа үңіліп отыра берсек, көзге зиян" дегенді естідік. Бір нүктеге қарап, тесірейіп отырсақ көзді жыпылықтатуды ұмытып кетеміз. 20 секундта адам көзін табиғи түрде үш-төрт рет жыпылықтатады. Оны ми санамайды, біз де сезбейміз. Бірақ компьютер, телефонға тесірейіп отырған адам көзін екі рет ғана жыпылықтатады. Осылай жалғаса берсе, жас каналдары бітеліп қалады, көз құрғайды. Яғни, көздің беткі қабаты құрғап, жас/ылғал жетіспейді.
Бұл ауруды окулистер "сухой глаз" дейді. Көздің ішінде құм тұрғандай ауырады.

Сондықтан компьютерде отырғанда әр 45 минут сайын көзді отыз рет жыпылықтатып, отыз рет қатты жұмып-ашып, жаттығу жасаған жөн.

Таңертең ояна сала ұялы телефон/компьютерге жүгірмеңіз. Скринге кем дегенде жарты сағаттан кейін қараңыз.

Электронды кітап оқығанда көзді жыпылықтатуды ұмытпау керек. Кітаптің қызығына кіріп кеткенде көз ұмыт қалады. Ал ми екі бірдей тапсырманы орындауы қиын. Сондықтан қағаз кітап оқуған жөн. Себебі қағаз кітапта адамның көзі бір нүктеге қадалмайды. Электронды кітап оқу ыңғайлы десеңіз, 30 минуттан кейін үш минут жаттығу жасаңыз.

Таза ауада көп серуендеп, жүгірген дұрыс. Сол кезде көздің беткі қабаты ылғалданады. Көз құрғап кетсе, жасанды көз жасын сатып алуға тура келеді. Ол - артық шығын, артық әуре.

Құрғақ көздің жазылуы қиын. Асқынса, өмір бойы әуреге салуы мүмкін. Көз ішінде құм-топырақ тұрғандай болса дәрігерге жүгіріңіз. Бұл мәселені дәрігердің көмегімен шештім. Қазір электронды кітап оқуды азайтып, аудио кітапқа көштім. Әлеуметтік желіге лимит қойдым. Әр 45 минут сайын көзге үш минут жаттығу жасаймын. Таңертең скринге бір сағаттан кейін қараймын. Жас каналдары ашылды, көз құрғауын қойды. Шүкір.

Көзіңізді күтіңіз :)