Get Mystery Box with random crypto!

КІТАП ЖӘНЕ ӘЙЕЛ Ахмад әс-Сәләмә айтуынша 'Исхақ ибн Рауаих к | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

КІТАП ЖӘНЕ ӘЙЕЛ

Ахмад әс-Сәләмә айтуынша "Исхақ ибн Рауаих күйеуі өліп жесір қалған бір әйелге үйленді. Ол әйелде имам Шафиғидің кітабы бар еді және оның әйелге үйлену мақсаты да осы кітапқа қол жеткізу болатын."

имам Зәһәби, "әс-Сияр" , 10/70;

Зубейр ибн Баккардың жиені оның әйеліне былай деп айтты:
"Менің көкем өзінің отбасы үшін ең жақсы адам. Ол екінші әйелді де алмайды, одан басқа күңді де ұстамайды". Сол уақытта оның әйелінің айтқаны: "Алланың атымен ант етемін! Оның мына кітаптары мен үшін болуы мүмкін болған үш әйелден де ауыр".

Хатиб әл – Бағдади "әл-Жами' ли әхләқ әр-рәуи уә әдәб әс-самиғ", 60

@maktubatkz