Get Mystery Box with random crypto!

ХХ ғасырдың бас кезінде Мұхаммед Абдуһ дейтін Мысырлық ойшыл, | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

ХХ ғасырдың бас кезінде Мұхаммед Абдуһ дейтін Мысырлық ойшыл, ғұлама өмір сүрген. Сол кісі Париж қаласына барғанда оған бір оқымысты «Әнғам» сүресінің 38 аятына меңзеп: «Сіздер «Кітапта еш нәрсені жібермей (жаздық)» дейсіздер (яғни, Құранда бәрі бар дейсіздер).

Айтыңызшы, 150 килограм бидай ұнынан қанша күлше шығады? - деп сұрақ қояды.

Сонда Мұхаммед Абдуһ наубайшыны шақыртып, одан ана адамның көзінше: «150 килограм бидайдан қанша күлше шығады?, - деп сұрайды. Наубайшы: «пәлен күлше шығады» деп жауап береді.
-Сіз Кітап не дейді, соны айтсаңызшы, - дейді əлгі адам Абдуһтың онысына разы болмай.

Сонда Абдуһ:
- Құранда: «Білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар» делінген. Сол аятқа сай бұл сұрақтың жауабын сол саланың адамынан сұрадым” деп жауап берген екен.

Имам Шаърауидің Құран тәпсірінен

@maktubatkz