Get Mystery Box with random crypto!

Әссаляму алейкум, құрметті бауырларым! Алланың қалауымен сізд | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

Әссаляму алейкум, құрметті бауырларым!

Алланың қалауымен сіздерге арнап “МҮМКІНДІК” атты кітапты ұсынамыз.


Бұл кітап қиямет күні ең басты сұралатын нәрсеміз НАМАЗ жайлы.
Дін мен психология ұштастырылған, қаншама ғибрат аларлық оқиғалар, таймменеджмент, ұйқы, әдет қалыптастыру т.с.с көптеген тақырыптар қамтылған.

Кітап жазудағы Басты мақсатымыз:

•Қоғамға титтей де болса пайдалы болу;

Намаз оқуға барша ниеттеніп жүрген бауырларымыздың қорқынышынан арылтып, Жаратушы Алланы танып,бұйырған,талап еткен құлшылықтарын,қайырлы қадамдарға бастайтын сауапқа толы ғибадатты орындауына себепші болу;

•Намаз оқитын бауырларымыздың намазына немқұрайлы қарамай,керісінше одан әрі әсемдеуіне;

•Құлшылық,сауапты амал жасауда, Алланың разылығын алуда МҮМКІНДІКТЕРІМІЗДІ тиісінше пайдалану;

•Жаратылудағы басты миссиямызды орындау. Алла Тағала «Зәриәт» сүресінің 56-аятында: «Мен жындар мен адамдарды өзіме құлшылық қылуы үшін жараттым» деген.

Міне, осы еңбек оқырман жүрегінен орын тауып, ойланып, ой түйеді деген сенімдеміз.

Сізде оқып, пікіріңізді қалдыра өтіңіз