Get Mystery Box with random crypto!

КІТАП ҚАСИЕТІ Темірді тат шірітеді. Тат темірдің өзінен шығад | 📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

КІТАП ҚАСИЕТІ

Темірді тат шірітеді. Тат темірдің өзінен шығады.
Адамды аздыратын жаман қылықтар да адамның өзінен шығады. Ол да тат. Оны сабындап жуып кетіре алмайсың.
Адам жанын тат басса, оны тек кітап кетіре алады. Әрине, асыл кітап, адал кітап.

Ең бірінші – Құран!
Екінші – хадистер!
Ұлы классиктер.
Қазақтың ұлы ақын-жазушылары.

Кітап жем, су сұрамайды. Кітап – ғажайып қазына.
Кітап –өмірсерік.
Кітапты сүймеген Құдайды да сүймейді.

Бір кем дүние…

Шерхан Мұртаза

@maktubatkz