Get Mystery Box with random crypto!

Кәсіп бастау үшін кем дегенде 5-10 млн теңге болуы керек. Онд | О, Идея 🙇

Кәсіп бастау үшін кем дегенде 5-10 млн теңге болуы керек. Ондай ақшаң болмаса, бизнесің жүрмейді. Рас па?

Осыны бірге талдайық. Білгенім мен көргенімді тізіп айтып берейін. Содан соң өзй ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Жақын танысым бар. Денсаулығына байланысты жұмыс жасай алмайды. Карантин кезінде жолдасы да жұмыссыз қалды. Содан үйде отырып самса мен пирожки сатып, табысын еселеді. Үйдегі бар ұн мен етін, капустасы мен картобын пайдаланды. Әрі кетсе, 5000 салды. Басында. Алғашқы табысына тек керек азық-түлікті алып отырды. Қазір күніне 10 000-12 000 таза табысы.

Екінші танысым балабақшада няня. Ресейлік тегін каналдардан сурет өңдеуді үйренді. Метрика, календарь түрлерін жүктеп, жасап жүрді. Боньбонерка каналдарынан суреттер алу арқылы туған күндерге құттықтаулар жазды. Бір-екі рет өз атынан сыйлыққа растяжки, шокобокстар апарды. Солай өзіне ұнайтын істі игере түсті. Бас-аяғы 4-5 айдың ішінде табысы еселене түсті. Ең алғаш тапсырысын 1000 салып, 1200 теңге табыс болды. Бүгінгі күні қолы бос емес. Өзі мәз. Сүйікті ісі. Қосымша ақша тауып отыр.

Мұндай мысалдар өте көп. Жасаймын деген адамға кедергі жоқ. Миллион салуға асықпай. 1000 теңге табуды үйрен.

Ал, жауаптарыңызды күтемін. Кәсіп ашуға қанша керек?