Get Mystery Box with random crypto!

Үйде отырып, табыс таба алам ба? Кішкене болсын қосымша болған | О, Идея 🙇

Үйде отырып, табыс таба алам ба? Кішкене болсын қосымша болғанын қалаймыз. Бірақ қалай? Басымызды тауға, тасқа соғып, шарқ ұрамыз.

. Кімді көрсең де айтатыны «бірдеңемен айналысу керек еді». Оның не екенін де білмейді.
Кеше өз-өзіңізбен сырласып, ұнайтын істі табу жолын көрсеткен едік. Қалай болды? Іздеп көрдіңіз бе?

Ал, үйде отырған жұмысы жоқ әйел не істей алады? Осы сұраққа жауап беріп, білгенімді ортаға салайын.

Қарапайым ғана дүниемен табыс тауып отырған таныстарым бар. Жұмыс істеуге денсаулығы жарамайды. Содан босқа отырмай пирожки мен самса пісіріп, үйінің қасындағы дүкенге тапсырды. Күніне 3000 теңге шамасында тапты. Жаңа жыл қарсаңында осы ісін дамытқысы келетінін айтқан. Ойласа келіп, басқа дүкендер мен офистерге ұсыныс беруді жөн санадық. Бірталай жерге барғаннан тапсырысын көбейтті. Соңғы онкүндіктегі табысы 89 000 теңгеге жетіпті. Машинасы да жоқ. Барар жеріне автобуспен апарады. Мақсатқа жетуге ешқандай кедергі жоқ.

Кез келген істі ақшаға айналдырсаң болады. Мысалы:
— етке салатын қамыр жайып беру;
— қонақ дастарқанын әдемілеп жасап беру, аспаздық қызмет;
— өз балаңа қосып, тағы бір баланы қарау (сағатына алуға болады);
— үй жинап беру;
— пылесос, кухонный комбайн секілді техникаларды жалға беру;
— балалар ойыншығын жалға беру;
— бала оқыту (үй жұмысына көмектесу);
— документтер жазып, өңдеп, шығару (үйде отырып);
— тапсырыспен зат алдырып сату;
— тоқу, тігу;

Осы секілді күнделікті тірлігіңді жасап жүріп, табыс табуға болады. Ал, жасаймын деп шешім шығарған соң не істеймін десең:

1. Ұят дегенді ұмытасың.
2. Алдыңнан шығып, сені тоқтатуға тырысатындарды тыңдамайсың.
3. Тума-туыс, дос, көршілердің чаттарына қызметіңді ұсынасың.
4. Хабарласқан адамға шынайы жауап бересің. Толық түсіндіресің.
5. Ең алғашқы жұмысыңды тегін жасап, отзыв аласың.

Осыдан кейін, вуаля, сен КӘСІПКЕРСІҢ демей-ақ қояйын. Үлкен еңбек кішкене қадамнан басталады.

Бұдан басқа тағы немен айналысуға болады? Жоғарыдағы тізімді толтырып көрейік. Ойларыңызды ортаға қосыңыздар.